4. Елін, жерін қорғауға, бейбітшілікті нығайтуға тәрбиелеу.
Оларға патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілігі: Сахнада «Ұлы Жеңіске – 75 жыл» - « 75 лет Великой Победы» жазуы жазылады. «Жеңістің жаңғырығы – ерліктің мәңгілігі», «Ешкім де ұмытылмайды, Еш нәрсе де ұмыт қалмайды», -«Никто не забыт, Ничто не забыто», «Бейбітшілік – ел тілегі» жазулары ілініп, шарлармен безендіріледі. Мәңгі алау қойылып, слайд қолданылады. Кинокадрлар көрсетіліп, Интернет ресурстары пайдаланылады
1 – жүргізуші: Жеңіс күні бар әлемге әйгілі, Көктем, шуақ – Тоғызыншы май күні. Айтшы, қане, біздің Жеңіс шешуі Кездейсоқ па көктемге сай келуі? Біздің Ұлы Жеңісіміз көктем боп, Көңілдерге шұғыласын төккен көп. Сонау жылы Тоғызыншы май күні Алмастырған қуанышқа қайғыны.