Стихотворение А.Твардовского читает …………….
Прошла война, прошла страда,
Но боль взывает к людям:
Давайте, люди, никогда
Об этом не забудем!
Пусть память верную о ней
Хранят об этой муке,
И дети нынешних детей,
И наших внуков внуки…
Затем, чтоб этого забыть
Не смели поколенья.
Затем, чтоб нам счастливей быть,
А счастье - не в забвенье!
(А. Твардовский).
Көркемсөз. Оқитын …………..
Күткен ЖЕҢІС жарқ етті сәуле шашып,
Жеңіс келді, қуандық көңіл тасып.
Жауды жойып, батырлар елге оралды,
Ата-анамен қауышты құшақ ашып.
Мамыр келді, ағаштар бүрін жарып,
Бейбіт өмір оралды, күні жарық.
«Шүкір» деп әжелер жүр ақжаулықтың
Ұшымен көздің жасын сығып алып.
Аспанда күн жарқырап күліп тұрды,
Бейбіт өмір шаттығы тұнып тұрды.
Соғыстан соңғы сәби күлкісімен,
Қара күндер қайғысын ұмыттырды!
2 – жүргізуші: Ұлы Отан соғысының дүние жүзі үшін маңызы зор болды. 1945 жылы 8-мамырда Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап қол қойды. 1945 жылы мамырдың 9 –ында бұрын – соңды болмаған мың зеңбіректен 30 дүркін салют атылды.
Дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымын терең сезіне түсті. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық, басқыншылық тізе бүкті. Бірлік, ерлік, халықтар достығы нығая түсті.
1-вед: День 9 мая 1945 года знает весь мир. Дорогой ценой досталась нашему народу победа. Почти четыре года, 1418 дней, шла война. Это были годы лишений, горя, тяжёлого труда. Были разорены города и сёла, выжжены нивы, оборваны мечты и надежды людей. Вместе с тем, это были годы мужества, беззаветной любви к родине.
Ән «Ана туралы баллада»-Хор
1жүргізуші: «Ешкім де ұмытылған жоқ, еш нәрсе де ұмыт қалған жоқ»Осынау сөздер Жеңіс күнін мерекелеу кезінде жиі айтылады, осынау сөздер соғыста қаза тапқандар ескерткіштеріне де қашалып жазылған.
2 ведущий- «Имя твое неизвестно, подвиг твой бессмертен». Эти строки, выбитые на камне, знают все. Это великая благодарность к 27 миллионам советских людей, отдавших жизнь за счастливое будущее всей земной цивилизации.
Ән «Соғыстан қайтқан солдаттар»-Хор
2 – жүргізуші: Жауынгер біздің саңлақтар,
Жауды жеңген солдаттар.
Ардақты Отан – ел үшін,
Бақытты туған жер үшін.
Би «Катюша»
1-жүргізуші: Осы сұрапыл соғыста жауды талқандап Ұлы Жеңіске жетуге қазақстандықтар да сүбелі үлес қосты. Жүздеген мың қазақстандықтар қолына қару алып, өз Отанының бостандығы үшін күресті. Солардың ішінде шырайлы Шығыстан соғысқа аттанған сан мыңдаған ержүрек ерлеріміз де бар еді. Қасиетті Семей жерінен шыққан талай боздақтар майдан даласына аттанып, олардың бірталайы туып-өскен Ертіс жағасына орала алмады. Тек дәм тартып, аман қалғандары ғана жеңіспен қайтты.
Семейден аттанған ер-азаматтарымыз Мәскеуді, Ленинградты қорғауға, Волга бойындағы, Курск даласындағы шайқастарға, партизан қозғалысына, Украина, Белоруссия, Балтық бойын, Молдавияны, сондай-ақ еуропалық мемлекеттерді азат етуге, Берлинді алуға, Жапон милитаристерін талқандауға белсене қатысты.
Семей қаласы Ұлы Отан соғысы жылдары ірі мобилизациялық орталық болып саналғандығы мәлім. Бұл қалада «Бәрі де майдан үшін!» деген ұранмен тылдағы еңбеккерлер аянбай тер төкті. Ұрыс даласына азық-түлік өнімдері мен әскери құрал-жабдықтар жөнелтіліп отырды.
Осы соғыста 27 млн. адамның өмірі қиылды десек, соның ішіндегі 1 млн. 700 мың адам қазақстандық болған. Ал, осы көрсеткіштің ішіндегі 50 000 адам осы Семей жерінен аттанған қыршындар еді. Бір ғана қала үшін бұл аз көрсеткіш емес екені анық.
Семей өңірі бойынша 53 адам Кеңес Одағының Батыры атанды.
Олардың ішінде: Ізғұтты Айттықов, Төлеген Тоқтаров, Қасым Қайсенов, Қойгелді Аухадиев, Мұқатай Әбеуілов, Серікқазы Бекбосынов, Засядко Владимир Алексеевич тағы басқалары да бар еді.
Ученик: Воины-казахстанцы мужественно сражались у стен Ленинграда. С 9 сентября 1941 г. активно участвовала в обороне и прорыве блокады 310-я стрелковая панфиловская дивизия. (Слайд о 28 панфиловцев)
Достарыңызбен бөлісу: |