Көсемәлі Сәттібайұлы Аран


Бағдаршам жарық дүниеге қалай келді?



бет16/19
Дата20.06.2018
өлшемі0,65 Mb.
#43920
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Бағдаршам жарық дүниеге қалай келді?
Бағдаршамның о баста жалт-жұлт еткен шынысы бір бөлек, бүйірі томпайған кішкене ғана шамы да бір бөлек, сыртындағы қорабы бір бөлек болатын. Олардың бәрі заводта тоқайласты. Сол жерде жиылып, жұмысшылардың епті қолына тиген соң, бір- бірінен ажырамайтын әп-әдемі затқа айнала кетті. Үлкен демесең, былайша сүйкімді ғана ойыншық деуге болғандай өзін. Жалт-жұлт етіп, қарадай көздің жауын алады.

Жұмысшылар оған Бағдаршам деп ат қойды. Ол Тоқ айтқан әлдегі адамдардың үнін сонда естіп, өздерін де алғаш сонда көріп еді.

Адамдар Бағдаршамның ең соңғы бұрандаларын бұрап, мықтап бекіткен соң, тексеріп көруге тоққа жалғаған. Бұл көздерін жарқ еткізіп ашып алды. Әуелгі байқағаны — зәулім залдың төбесіндегі самаладай жарқыраған шамдар. Сонан кейін жанары өзін қолдан-қолға көшіріп, сүйсіне тамашалаған адамдарға ауды. Әлден уақытта бір жұмысшының қатқылдау, бірақ біртүрлі аялы алақанымен өзін мейірлене сипап тұрып:

— Өте тамаша жасалыпты, — деп сүйсінген даусын естіді.

Ұмытпаса, екінші жұмысшы:

— Дер кезінде байқай біледі, бүл бір елгезек Бағдаршам болады екен, — деп қуанған.

Үшінші жұмысшының не дегені есінде қалмапты. Бірақ өзін оның да даттамағаны анық.

— Ал, жолың болсын! Адамдарға абыроймен қызмет көрсет ет. Сенің оларға ұнағаның, біздің де еңбегіміздің еш болмағаны...

Осылай деп тебірене сөйлеген алғашқы жұмысшы Бағдаршамды қолына алып, қоштасуға қимағандай бірауық мәпелеп ұстап тұрды да, тоқтан ажыратып, жұмсақ қағазға орап, жәшікке салып қойды.

Міне, содан кейін көзін ашып, жарық дүниені көріп тұрғаны осы. Ал заводтан қоймаға, қоймадан қаланың шетіндегі осы көшенің бұрышына келгенше ол тәп-тәтті ұйқының құшағында жатты ғой.



Әңгімешіл қариялар
Бағдаршам жұмысына көңіддене кірісіп кетті. Тіпті ол ә дегенше бір күн, бір түннің қалай өте шыққанын да байқамай қалды. Осы жиырма төрт сағаттың ішінде өзін титтей тыныққан жоқ десе де болады. Қаладағы күндіз сеңдей соғылысып, жүйткіп жататын машиналар түннің бір уағына дейін де дамылдамайды екен.

Бүгін де таңалагеуімнен басталған көше қозғалысы күн арқан бойы көтеріле тіпті үдеп кетті. Бағдаршамның көзі ары-бері ағылган машиналар мен жаяу жүргіншілерде: қалай да қапы қалмаудың қамын ойлап, жанталасады. Тоқ досының бұл көрініске әбден еті үйреніп кеткен бе, мұны анда-санда бүйірінен қытықтап, көңілін аулап, алдарқатқаны болмаса, алғашқы күндей жарасты әңгіме-дүкенге жоқ.

Осы кезде көшенің оң жағындағы көк қақпалы, еңселі үйден ұзын бойлы қария сыртқа шықты. Шықты да, айналаға сүйсіне қарап, күнге шуақтап отырған көршісіне сәлем берді. Екі қария қауқылдасып біраз әңгімелескеннен кейін орындарынан көтеріліп, бұған қарай аяңдады. Бағдаршам елгезектігіне басып, қарт кісілерді көрісімен жасыл көзін жарқ еткізіп аша қойған. Бірақ қарттар асығар болмады. Бағананың қасына таяп келіп, Бағдаршамды таңсық көргендей, бажайлап қарай бастады.

— Көрші, жаңаның аты жаңа екен ғой. Көрмеймісің қалай жұмыс істеп тұрғанын.

— Кім біледі, жаңа кезінде барлығы да жақсы. Мезгілі жетпей не деуге болады бұларға.

Көк қақпалы үйден шыққан қарт, көршісінің сөзіне кәдімгідей ренжіп қалғанға ұқсайды.

— О не дегенің, көрші-ау! Осы шамды мен қайтіп жүріп орнаттырдым. Оңай деймісің, бармаған басшым, ашпаған есігім қалмаған шығар түге. — Е, олардың уәждері белгілі ғой...

— Пәтшағар, бірінің аузына бірі түкіріп қойған ба түгә. Әбеке-ау, дап-дардай кісісіз... Осындай майда- шүйдемен айналысқанға ұялмайсыз ба? — деп күледі, жүдә.

— Ойсыз немелердағы... Хош, өзің не дедің?

Көрші қарттың да қабағы қыртыстана қалган екен.

— Не деуші ем, күйіп кеттім. «Ау, майда-шүйделерің не? Бұл көшемен машиналар да, жаяулар да көп жүреді. Мектепке баратын шәкірттерді айтсайшы бәрінен... Әгәрәки, осыдан Бағдаршамды орнатпайды екенсіңдер, ісім сендермен болсын», — дедім.

— Әп, бәрекелде, жөн-ақ айтқансың. Менікі жай гәп қой. Бірақ, Әбеке, көрмеймісің, жасыл шамды орнатқанша менің Аусар-Алмасым машинаға түсіп қалды емес пе?!

— Абырой болғанда ол тентектің жарақаты жеңіл екен. Енді ондайдың бетін аулақ қылсын дегін.

Әңгімешіл қариялар Бағдаршамға мейірімге толы нұрлы жанарларымен бірауық сүйсіне қарап тұрып- тұрып, келген іздерімен кері қайтты.

Бағдаршамның таңданғаннан аузы ашылып қалыпты. Өзінің бұл араға қалай келгенін және не үшін қажет екенін енді мықтап түсінгендей.
Аусар-Алмас деген кім?
Бағдаршам түн жарымы ауғанша тағы да дамыл тапқан жоқ. Оның үстіне бағана өзі куә болған әңгіменің әсері бар, демалыс жайлы ойлауға мүршасы да жоқ еді. Бірақ ойын он саққа жүгіртіп, алаңдатқан нәрсе де аз емес. Соны білмекке ол Тоқ досына бұрылды. Бұл кезде қала адамдарының көпшілігі жарықтарын сөндіріп, тәп-тәтті ұйқыға шомған болатын.

— Тоқ, а, Тоқ. Тоқ деймін...

— Ау?!

— Немене, ұйықтап қалдың ба? — Жоға.



Бағдаршам күндізғі екі қарияның әңгімесін Тоққа асыға айтып берді де:

— Осы Аусар-Алмас деген кім? — деп таңдана сұрады.

— Е, анау көшеден жүгіріп өтем деп жарақаттанып қалған бала ма?

— Иә, қазір ауруханада жатыр екен ғой.

— Оны кім білмейді. Аусар десе аусар-ақ шығар, бірақ қазір ауырып жатыр емес пе?

— Ой, нәзік Бағдаршамым-ай! Мені, немене, ешкімге жаны ашымайтын мейірімсіз дейсің бе ? Қазір де сол Аусар-Алмастың қасынан келген жоқпын ба.

— Қойшы-ей, рас па? Халы қалай екен, тәуір болып па?

— Жаман болса, өстіп отырамын ба? Жақсы болғаны сол, берген дәрілерді ішпей, терезеден далаға лақтырып жүр...

— Қап, мынаны-ай, ә!..

— «Іштің бе?» — деп сұрай қалса, ұялмай- қызармай дәрігерлерге «іштім» дейді.

— Сен: «Қой, Алмас. Мұның дұрыс емес», — деп айтқан шығарсың.

— Ой,сол сөз тындаушы ма еді. Бір рет тоқ құманмен шай қояйын деп жатқан кезінде саусағын шым еткізіп «тістеп» алып едім, қу емес пе, желінің сымы көрініп тұрған жерін залалсыздандырғыш жіппен орап тастады.

Бағдаршам Тоқ-Қуат досының саяхаттап жүріп, нелер қызықты басынан өткізетініне сүйсініп кетті.

— Тағы нені байқадың?

— Әлгінде кезекші апай шамды сөндіріп, сырқаттардың барлығын тегіс ұйқыға жатқызған болатын. Бірақ Аусар-Алмас ұрланып телевизор көремін деп, кезекші дәрігерге ұсталып қылды.

— Ойпырай-ай, аусар десе аусар екен-ау өзі де.

— Айтып отырған жоқпын ба. Бірде менімен жекпе-жекке шығам деп жалп ете түсті, досы Володядан ұрыс естігені де бар оның. — Сенімен жекпе-жекке шығам деп жүр ме? Онда ол мүлде сотанақ неме болды ғой. Володя не деп ұрысты?

— Не болушы еді. Тоқ-Қуат сені жалғыз-ақ қолымен соққан ғой, әйтпесе қазір аяғың аспаннан келіп жататын едің деп, басынан бір-ақ нұқыды... Асықпа, ол әлі сен туралы білмей жатыр. Ертең ауруханадан шыққанан кейін сенің де шекеңді қыздырады әлі.

Бағдаршамның кірпіктері жыпылықтап кетті. Бойын қорқыныш билеген.

Бұл кезде қаланың үсті аққаймақтанып, төңіректегі тал-теректердің, ақ шатырлы үйлердің сұлбалары айқындала бастап еді. Әтештер де қиқулап, әнге басқан.

Екі дос ел оянғанша біраз демалып алмақ болып келісіпті. Қорқынышты түс

Күлімдеп күн көтерілді. Қала тіршілігі өзінің дағдылы ағынымен басталды. Тал-дарақтарға, жолдың жиегіндегі жасыл шалғынға қонақтаған таңғы шықтан жеңіл бу көтеріліп, таңғы самал шайқаған жапырақтар алтын күннің шұғыласына бөленіп, қайрандаған шабақтардай жалт-жұлт ойнайды.

Көше бойлап, тасқындап, лек-легімен келіп қалған сан алуан машиналар кішкентай Бағдаршамға бағынып, бір-біріне тұмсықтірей тоқтасады. Сол кезде жаяу адамдар бұған қарап алғыс айтып, бастарын иеді де, көшеден көлденең өте бастайды. Олардың арасын- да өткендегі ұзын бойлы қария да бар. Басқалардай емес, ол бұған арнайы бұрылып:

— Қайырлы таң, Бағдаршам! Міне, мен жұмысқа кетіп барамын,-дейді.

— Жақсы жатып, жайлы тұрдыңыз ба, ата, — дейді бұл да қутың-қутың етіп.

— Рақмет, айналайын... Осылай амандасқаннан кейін қария ширақ адымдап, қалың көпшіліктің ағынына араласып, біразға дейін қалпағы ағараңдап барады да көрінбей кетеді. Бағдаршамның бойын кәдімгідей мақтаныш сезімі билейді. Өйткені анау-мынау емес, ақылды атайдың өзімен тілдесті емес пе? Мұның жанында қайдағы бір Аусар-Алмас деген кім, тәйірі?

...Аусар-Алмас демекші, таң әлетінде көзі ілініп кеткен екен, түс көріпті. Түсінде шашы жалбырап өсіп кеткен, тырнақтары сояудай-сояудай, бет-аузы кір қожалақ бір бала аяғына сым байлап, бұған қарай өрмелеп келеді екен.

— Тоқтай тұр бәлем, қазір бұл жерге менің рұқсатымсыз келгеннің қандай екенін көрсетемін. Ха-ха-ха, сонда мен сенің әміріңді күтіп, көшеден рұқсатсыз қия баспай, сызылып тұрады екенмін ғой. Жо-жоқ, оның бола қоймас...

Сөйтті де келіп, қойнынан тас атарын суырып, оған шымшықтың жұмыртқасындай ақ тасты салып, мұның дәл көзіне қарай оқтай бастады.

Бағдаршамның өнебойын мұздай тер жуып кетті.

— Тоқ, көмектес... Тоқ-Қуат.;.

Осы кезде барып өз даусынан өзі шошып, оянып кетті. Әуелде қорқынышты түстің әсерінен біразға дейін өзіне-өзі келе алмай қойған. Тек құлағына бүлдіршіндердің күміс күлкілері алыстан сыңғырлап жеткенде ғана еңсесін көтеріп, көңілі жайланғандай болды.


Білгіш бүлдіршіндер
Иә, әуелі құлағына бүлдіршіндердің жарыса шыққан күміс күлкілері жетті. Сосын сәбилердің былдыр-былдыр еткен, алаңсыз пәк үндеріне құлақ қоя бастаған. Көп күттірмеді, олардың өздері де көрінді.

Міне, қызық! Мұндейды кім көрген бұрын. Бағдаршам қаздың балапандарындай бірінің соңынан бірі тізіліп келе жатқан бүлдіршіндерді алғаш рет көргендіктен кәдімгідей таңғалды. Ақылды атайының (Бағдаршам әнеукүнгі өзін мақтап, марапаттай сөйлеген ұзын бойлы қартқа «ақылды атай» деп ат қойып алған болатын) көк қақпасынан анда-санда аударылып-төңкеріліп, бар даусымен айналаны азан- қазан қылып, қаңқылдап шығатын мама қаздың сары тұмсық маймақ балапандарын соңынан дәл осылай шұбыртып, анандай жердегі көлге баратынын, сөйтіп көлге емін-еркін жүзіп, судың түбінен қоректерін тауып жеп, әбден мауқын басқаннан кейін кешке салым сол мақамды үнімен тағы да қаңқылдай әндетіп, аударылып, төңкеріліп мекендеріне оралатынын әбден біліп алып еді. Мынау дегенің де дәл сол. Сүп-сүйкімді балалар.

Бүлдіршіндердің біреуінің қолында шар, бірінің қолында қызыл жалауша. Ал ана біреуі тәтті тоқаш ұстап алыпты. Алды-арттарында бүлдіршіндерге қарайлап келе жатқан апайлары да бар екен.

— Меруерт, осы жерге тоқта. Балалар, сендер жинақы тұрыңдар. Қазір, Бағдаршамның жасыл көзі жанған кезде бәріміз көшенің арғы бетіне өтіп аламыз.

Міне, қызық! Өздері мұның атына дейін біліп алыпты.

— Досхан, айта қойшы, анау бағананың басындағы шамды не дейміз?

— Бағдаршам.

— Жарайсың. Олжас, ол қызыл көзін жаққанда не істеуіміз керек?

— Тоқтаймыз.

— Сары жарық ше, Асхат?

— Ол — дайындал деген белгі.

— Ал ол жасыл көзін жаққанда не істейміз?

— Жасыл белгі жолдан өтуге болады дегені. Сондықтан көшенің арғы бетіне тез өтіп аламыз.

— Көшенің арғы бетінде не бар?

— Цирк бар. Біз одан бүгін жан-жануарлардың өнерін тамашалаймыз. Бүлдіршіндердің шынашақтай болып алып бәрін біліп, бәрін сайрап айтып тұрғанына Бағдаршам бір түрлі толқып кетті. Тіпті риза болғаны соншалық, өзінің жасыл көзін қалай жарқ еткізіп жаққанын да, бүлшіндердің бір-біріне былдыр-былдыр тіл қатып, көшеден өте бастағанын да аңғармай қалыпты. Әне, троллейбус жүргізуші Әйбат апай да троллейбусын тоқтатып, балдырғандарға сүйсіне қарап отыр. Қап-қара ұзын кірпіктері, жып-жылы шуаққа толы мейірімді жанары, жымиғанда екі бетінің ұшына үйіріле қалатын кішкентай шұңқырлары, бәрі-бәрі қандай жарасады десеңші өзіне...
Күтпеген кездесу
Бірі қос доңгелектей велосипедті теуіп, енді бірі артқы орындығына жайғасып, жолдың жиегіндегі тас- падай жіңішке сүрлеумен қисаландап келе жатқан екі баланы көргеннен-ақ Бағдаршам анадайдан қауіп ойлады. «Ойпыр-ай, сирағы жетпейтін үлкен велосипедті теуіп несі бар екен? Онымен қоймай, мінгесіп алғандарын қарашы...» Балалар улап-шулап, өзара әлденелерді айтып, көшенің бұрышына келгенше Бағдаршамның дегбірі қалмады. «Қасақана жолдың да босамауын көрдің бә. Осындайда көшеге ойдан-қырдан жиналып, машиналар да сыймай кетеді».

Абырой болғанда балалар жолға ентелей келіп тоқтап, велосипедтерінен түсті.

— Айтпақшы, сенімен сөз бар, Алмас.

— Ол не?


— Бүгін Мақсат пен Бағдаттың құпияларын біліп қойдым.

Алмас атанған баланың танауы делдиіп, ұялы көздері бағжаң ете қалды.

— Қайдағы құпияны айтасың?

— Немене, бір аптадан кейін I Мамыр мерекесі екенін ұмытып кеттің бе?

— Жоқ, онда не тұр? —Бағана апай мереке күні аспанға көгершін ұшырамыз, үйретілген көгершіндер бар болса, алып келіңдер деген....

— Ой, жақсы болды, менің көгершіндерімнің қалай самғайтынын көресің енді.

— Тоқтай тұр, асықпасаңшы... Соған Мақсат пен Бағдат жабайы кептерлерді ұстап әкелмекші.

Алмастың аузы аңқиып қалыпты.

— Мүмкін емес.

— Мәселе олардың кептерлерді түнімен қаптың ішіне тығып қоятынында. Бағана өздері солай десті. Қаптың ішінде кептерлер тұншығып, болмаса қанаттары қайырылып, ұша алмай қалмай ма?

— Володя, сонда не істеуіміз керек?

— Кептерлерді құтқару керек, әрине. Қалай, дайынсың ба?

— Дайынмын.

Екі балақай Бағдаршамның иегінің астында тұрып, сарт-сұрт қол алысты. Осы сәтте әлгі Алмас атанған баланың Бағдаршамға көзі түсіп кетіп еді.

— Ой, Володя, мына жаңалықты қара. Қандай әдемі өзі. Қашан орнатқан?

— Сен ауруханаға түскеннен кейін. Жұрттың бәрі қуанып жүр өзіне.

Алмастың өзіне таңдана әрі қызыға қарап тұрғанын көріп, Бағдаршамның жүзі ду ете түсті. Ол Алмасты көрмей жатып теріс ойлағанына әрі түндегі ерсі түсі үшін де қатты ұялып қалып еді. «Мына бала сотанақ дейтіндей емес, тап-тұйнақтай ғой. Түу-у, соншама қорқып....»

Бағдаршам иығынан бір ауыр жүк түскендей, жеңілдеп қалды. Қуанғаны сонша, бағананың басынан секіріп түсіп, анандай жерде әлі де қызу айтысып кетіп бара жатқан балалардың соңынан еріп, жүгіре жөнелгісі келді. Сосын әлдене есіне түскендей жалма- жан, Тоқ досына бұрылды. Сөйтсе Тоқ-Қуат та екі балақайдың сөзін естіп тұр екен. Бағдаршам аузын аша бергеннен-ақ оның не айтпақ болғанын түсіне қойды.


Он күн бұрынғы оқиға
Шынтуайтына көшсек Алмас анау айтқандай тен- тек емес болатын. Тек не нәрсе болса да білгісі, көргісі келіп тұратыны бар. Өзіне байыз тапқызбайтын да бойындағы сол беймәлім күш. Әйтпесе әдейі бүлдірейін демейді. Кейде үлкендердің алдында өзінің осы мінезі үшін ұятқа да қалатыны бар. Атасының еркелетіп «аусарым» дейтіні сондықтан. Кейін бұл лақап есімі балалардың құлағына тиді де, ақыр аяғында бүкіл мектепке Аусар-Алмас атанып шыға келді.

Сол күні ғой, әуелі Володяның «қой» дегеніне мойынұсынбастан, бұзылған радио қабылдағышты оңдаңмын деп Тоқ-Қуаттан таяқ жеп қалды. Ол аз болғандай Володя да басынан бір нұқыды. Әйтеуір өз ағаттығын түсінген Алмас досына ренжіген жоқ. Оның үстіне атасының екі сөзінің бірінде: «Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады», — деп отыратыны бар.

Көшеге шықты. Екі қолы алдына сияр емес. Не істесе екен? Басындағы тентек ой: «Қалай да бір керемет жаса. Володяны өзіңе сөйтіп табыңдар», — дейді. Бірақ қайтіп? Осы кезде таспа сүрлеудің іргесіндегі шарбақтың қуысынан Володяның салпанқұлақ күшігі — Белкашыға келді. Белканың өз қызығы өзінде екен. Алдындағы жапырақтан-жапыраққа қонып, өзін мазақ қылғандай көлбеңдеп жүрген нән көбелекті азу тістерін сақ-сақ еткізіп қуып жүр. Көбелек жеткізер емес. Бір сәттіпті машиналар ары-бері тыным таппай, ағылып жатқан үлкен жолдың үстіне шығып кетті. Белка да қыр соңынан қалар емес. Машиналар болса, иін тіресе тоқтап, бажылдасты да қалды.

Бұл көрініс Алмасқа ұнап кетті. Сол сол-ақ екен, бір тентек ой тағы да сап өте қалды. «Бәлем, Володя, білсін енді Алмастың кім екенін. Жүректілігімді осыдан соң амал жоқ өзің-ақ мойындайсың!...»

Құйын перен жүтіре жөнелген Алмас өзінің асфальт жолдың ортасындағы ақ жолақ сызыққа жете бергенін және «шиқ» етіп жаны шыға тоқтаған жеңіл машинаны қас-қағым сәтте байқап үлгерді, ары қарай жер мен аспан қосылып, бүкіл дүние төңкеріліп бара жатқан сияқты еді....

Көзін ашқанда алдымен өзінің үстіне түсе жаздап өбектеп жүрген дәрігерлерді, көзінің жасы шоқша сақалына сорғалаған атасын, сонан кейін досы Володяны көрді. Володя манағы өзіне ұрысқан кездегідей емес, дәрігерлерге көмектесіп, мұның атасының қолтығынан демеп, шыр-пыр болып, жүгіріп жүр. Алмасқа да жуасып, момақан қарайды. Мұнысы, шамасы, өзінің бағанағы қылығын асылық санап, досының алдында үнсіз кешірім өтінгені. Зерек бала оны бірден ұқты. Ұқты да атасы мен досын қорқыта бермейін дегендей, зар қақсап ауырған тізесіне қарамастан Володяға қарап көзін қысып қалды. Во- лодя екі иығынан төмен қарай тұқыртқан зілбатпан жүктен арылғандай, көңілденіп, күліп жіберді. «Әй, досым-ай, бүйтпесең аусар атанасың ба?!» Жүзіне де әп-сәтте ризашылық сезімі ойнап шыға келген. Атасы да : «Аусарым-ай, тек жүрмей атаңды бір қорқыттың- ау», — деп жатыр.

Сөйтіп Аусар-Алмастың ойда-жоқта ерлік жасамақ болған алып-ұшпа әрекеті сәтсіз аяқталған. Әрине, ол кезде елгезек Бағдаршам мұның бәрінен бейхабар, ертегіміздің басында айтқандай, жәшікте, жұмсақ қағазға оранып, тәп-тәтті ұйқының құшағында жатқан болатын.

Қолғанаттар
Бағдаршам қала өмірімен таныса келе, ненің жақсы, ненің жаман екенін айыруды да үйрене бастады. Бағдаршам оларды «тәртіпті» және «тәртіпсіздер» деп екі топқа бөлді, «Тәртіптілер: Бағдаршамның дегеніне көніп, ізет сақтайды, ал, «тәртіпсіздер» болса айт- қанына көнбей, көшені кесіп өте шығады. Ондайда Бағдаршамның төзімі таусылып-ақ кетеді. Бағананың басынан секіріп түсіп, немесе, Тоқ-Қуат досына айтып, бір шара қолдануға болар-ақ еді, бірақ көше тәртібінің бұзылмауын, тәртіпсіз әлдекімдердің кесірінен басқа жақсы адамдардың зардап шекпеуін ойлайды. Осыдан соң амал жоқ, жан-жағына қарап, алаңдап көмек күтетіні бар.

Иә, анда-санда тобатайдай кішкене машинасын көшенің бұрышына қаңтарып қойып, қолына алатаяқ ұстаған МАИ қызметкерлерінің бой көрсететіні бар. Бірақ, өкініштісі, оның екі көзі жүргізушіде. Бірде, масқара-ай, әлдеқалай бір жүргізушінің әлгі алатаяқтының жеңіне қызыл шұнақ, төрт бұрыш қағазды жасыра сап, машинасына зып бергенін байқап қалғаны бар...

Әйтсе де, Бағдаршам бүгін көңілді. Оның себебі де бар. Күн арқан бойы көтеріле бере бірнеше балақай кошенің бұрыш-бұрышына келіп тұрды. Бәрінің киімдері бірөңкей матадан тігіліпті. Ақ көйлек, қара костюм-шалбар киіп, әдемі иық бауы бар белбеу тағынған, бастарында қызыл матамен көмкерген жиегі бар жасыл пилотка. Пилоткалардың астынан күлтелене желбіреген тұлымшақтары да жарасып тұр. Бағдаршам олардың мұнда не үшін келгендерін білместен жатып, қолдың саласындай сүйкімді балаларға қызығып кетті. «Не деген, әйбәт!»

Балақайлардың қимылдары да шалт. Жүдә, өздерін көпе-көрнеу салмақты ұстайтындарын қайтерсің. Хи-хи... Мына қызықты қара, Бағдаршам мен Тоқ- Қуаттың бүйтіп ішек-сілесі қатпас.

Қолында бұрыш-бұрыштары ақ жемденіп, көнере бастаған қара дипломаты бар (Бағдаршам бұл адамды сыртынан жақсы біледі. Осы маңайдағы мекмелердің біріңде бухгалтер болып істейтін оның өстіп жұмысынан кешігіп, ылғи асығып-аптығып жүргені), қоңыр қалпақты кісі ескі әдетінше автобустан түсе салып, Бағдаршамға көз қиығын да салмастан көшені кесіп оте берген. Осы заматта әлгі ақ белбеуі әйбат балалардың біреуі ысқырып қалды. Қалпақты кісі селк ете түсті де, сүрініп кетті. Иесінің оқыс қимылынан ескі дипломаттың құлыпы сырт етіп ашылып, ішіндегі бар дүниесі айрандай ақтарылды да қалды. Абырой болғанда кісі жолдың арғы бетіне өтіп үлгерген еді. Шашылған қағаздарын асығыс-үсігіс жинап, басын енді көтере берғенде, қарсы алдында әлгі бала тұрды.

— Көше қозғалысының жас инспекторы Азамат Бердіқұлов.

— Қолын шекесіне апарып сәлемдескен бала қалпақты кісіге тік қарады. — Жол ережесін неге бұзасыз, ағай?

— Шырағым, мен асығып.... білмей....

— Білмесеңіз үйретуте болады. — Азамат атанған бала мамасының жетегіне еріп, қасынан өте берген бір бүлдіршіңді тоқтатып:

— Мына ағайыңа көшеде жүру тәртібін үйретіп жіберші, — деп өтінгені сол, бүлдіршін ағаларының өзіне көңіл аударғанына кәдімгідей-ақ қуанып қалды. Сосын аузын қомпитып, сәби тілімен көшеде жүру ережесін түсіндіре бастағанда, жиналып қалған жұрттан ұялды білем, әлгі қалпақты кісі алды-артына қарамастан апырақ-тапырақ қаша жөнелді.

Кішкентай көмекшілерінің тапқырлықтарына Бағдаршам да, Тоқ-Қуат та мәз.
«Торға түскен» маршрут
Тоқ-Қуаттың бір мақтанышы — өзінің қаланың көкжасыл жапыраққа бөленген ең көрікті жерінің бәрінде болып, емін-еркін қыдыратыны. Қандай ғажап! Анау қызыл-жасыл гүл қауыз көмкерген — Батырлар алаңы. Ондағы мәңгілік алауға адамдар тағзым етіп, күн сайын жаңа гүл шоқтарын қояды. Әсіресе, автоматтарын серт ұстап, құрметті қарауылға тұратын ақ көйлекті, алқызыл галстукты пионерлерді айтсайшы! Сылқ-сылқ күліп, айналасына маржандай тамшылардан шашу шашып жатқан фонтандар ше?!

Қаланың осындай көз тоймас көркіне құмарта қарап тұрып, кейде Тоқ-Қуаттың өзінен-өзі ыза болатыны бар. Міне, 24-ші маршруттағы автобустың қап- қара газды түтінді түйдек-түйдегімен құсып, таза ауаны ластап жүргеніне бір жетінің жүзі ауып қалды. Тоқ- Қуаттың таң қалатыны, иегінің астында болып жатқан осы сорақылыққа адамдардың назар аударып, газды түтіннің анау сәбилер мен мынау сұлу табиғаттың қас жауы екенін ойлап, біреуінің қабақ шытпайтыны. Бәрі асығыс, бәрі өздерімен өздері...

Әйтеуір балалар келіп, көшеге тәп-тәуір тәртіп орнай бастады. Тоқ-Қуат соған да риза. Енді осы лас автобусты қолға түсірсе ғой.

— Бағдаршам, келе жатқан 24-ші маршрутты көріп тұрмысың?

— Иә, көк түтіннен көзім ашып, басым да айнала бастады тегі.

— Балаларға айтайық, қолдарына түсіріп жүргізушісіне айып салсын.

— Мақұл, Азамат....

Бірақ бала Бағдаршамның жіңішке үнін еститіндей болған жоқ. Өйткені, арылдап-гүрілдеп, соңына қап-қара түтіннен бұлт тұрғызып 24-ші маршрут та жақындап келіп қалған. Енді болмаса зу етіп өте шықпақшы. Бағдаршам әдейі қызыл көзін жарқ еткізіп жаға қойды. Онысы Азаматтың назары лас маршрутқа аусын дегені еді. Ойлағанындай-ақ лас маршруттың жалқау жүргізушісі автобусын амал жоқ тоқтатты және қарап тұрмай үсті-үстіне газ бере бастады. Айналаны қарақошқыл газды түтін көміп кетті. Жаяу жүргіншілер де ауада қалқыған түтінді айналып, тыжырынып өтіп жатыр. Бұл көріністен Азамат та көз алмай тұр екен, қолындағы алатаяқшасын көтере берді....

— Ура, торға түсті.

Тоқ-Қуат қуана дауыстап жіберді.

— Рақмет, Бағдаршам. Дер кезінде көмектестің, әйтпесе, тағы да құтылып кететін еді.

Тапсырма

Бағдаршам ертесіне Тоқ-Қуатты таң атпастан оятты. Себебі кеше адамдар келіп, көшелерді қызылды- жасылды саналуан түрге бөлеп, безендіре бастаған. Бұл — Мамыр мерекесінің таяу қалғаны. Ұмытпаса Володя айтқан балалар кептерлерді мейрам қарсаңында ұстамақшы. «Көшедеғі қым-қуыт тірліктің қызығына берілем деп, ұмытып кете жаздағанын көрдің бе?»

— Тоқ-Қуат, тұр, әңгіме бар.

— Түу, сенің-ақ әңгімен бітпейді екен. Не боп қалды сонша, таң атпай.

— Ех, түсінбейсің ғой... Сен сияқты көше-көшені кезіп, үйді-үйге бас сүғып, адамдармен етене араласып жүрсем, жалынар ма ем саған.

— Бұған бірдеңе десең, өстіп басыңа қара аспанды төндіріп, таусыла жөнелді. Айтсаңшы әуелі...

— Бүгін Аусар мен Володяның көгершіндерге тұзақ құрмақшы болған Мақсат пен Бағдатты аңдып, бейкүнә құстарды құтқаруға келіскен күні. Соларға қол ұшын беру керек.

Ақкөңіл, аңқау Тоқ-Қуат қысылып қалды.

— Мұны қалай ұмыттым екен, ә?

— Мен бүгін ерте тұрып, қабырғаммен кеңесіп көрдім. Маған көшені бақылаусыз тастап кетуге болмайды екен.

Тоқ — Қуат енді ширығып шыға келді.

— Жалғыз аттанам онда.

— Саған сенемін ғой. Тек оқиға басында болғанға не жетсін. Өкінішім де сол.

Бағдаршам күрсініп қалды.

— Жасыма, Бағдаршам. Өзіңді әманда менімен бірге деп біл. Келген соң бәрін қаз-қалпында айтып берем. Келісітік пе?

— Келісем ғой. Сен олардың көгершіндерді қайдан аулайтынын білесің бе?

— Әуелі зыр жүгіріп, барлық шатыр атаулыны аралап шығамын ғой. Сонда да болса, қаланың сыртындағы астық қабылдау пунктінің шатырына баратын болулары керек. Көгершіндердің небір көркемдері сонда.

— Япыр-ай, ә! Ал сонда жолың болсын! Мен жұмысыма кірісейін, енді кешке дейін өзіңе мойын бұруға уақыт жоқ.

— Олай болса көріскенше, Бағдаршам!

— Сәт сапар, Тоқ-Қуат!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет