Көсемәлі СӘттібай¥лы шарбақтының жалғызы



бет4/6
Дата15.09.2017
өлшемі1,9 Mb.
#33557
1   2   3   4   5   6

ШЕТКЕРІ ҮЙДІҢ ЖАРЫҒЫ

Хикаят


1. ҚАЛАДАН ҚАШЫҚ ҮЙ

Мен Бақытжанмен қаланың қиян шетіндегі үлкен ауласы бар, оңаша үйде таныстым. Үй, сірә ертеректе бір байдың еншісі болған-ау шамасы, бірақ кейінірек сықыр-сықыр еткен ескі еденін Қазан төңкерісінің солдаттары шаң басқан керзі етіктерінің нілді өкшесімен талай таптаған Кеңес өкіметінің нілді өкшесімен талай таптаған Кеңес өкіметінің бір құжарысы болғаны анық көрініп тұр, қазір Алтай өлкелік СПИД-ке қарсы емдеу орталығының мекен- жайы екен.

Үйдің ауласы құлаққа ұрған танадай тым-тырыс. Айналасын қоршаған кісі бойындай саңылауы жоқ үлкен шарбақ. Шарбақтың ішіндегі алуан түрлі ағаштардың ұйысқан жапырағы қаладан жетіп жатқан дабыр мен дүбірді өткізбейтін берік қамал сынды. Бірақ мен сияқты мынау бейдауа өмірден зерезап болып, ештеңеге алаңдамастан бір тыныкқысы кеп жүргендердің оң жамбасына келетін тып-тыныш, жанға жайлы бақ дәл қазір еңсемді езгені болмаса, көңілімді сергітер емес.

Мезгіл де күз еді. Қалың талдың арасындағы жалғыз аяқ жолды жапырақтар көрпе ғып көміп гастапты. Аяқ басқан сайын судыр-судыр етеді. Мүлгіген бақтағы бұл оқыс дыбыстан өзіңді бейне бір мынау ұлы жіңгір дүниенің тұтқасын үстаған, сезімнен гөрі сенімге ерік берген шалдуар ұлдарының ырду-дырдуы мен ырың-жырыңынан шаршап, бір сәт мызғып алғысы келіп демалып жатқан Жер-Ананың шәйі көрпесінің шетіне саусағың тиіп кеткендей сезініп, ыңғайсыз күйге тап болады екенсің.

Бақытжан болса, әлі бала ғой, кейде әлгінде ғана екеуара болған ауыр әңгіменің әсерін кәдімгідей-ақ ұмытып, о, қүдіретті құдай, қарғадай баланың басынан азғантай бакытты аяғаның не, еңселі емен ағанының басынан сарыала қанат көбелекке ұқсап қадбалақтап келе жатқан жапырақтарды қағып алмақ болып, соңынан қуалай жүгіріп кетеді. Туа сала аяқтанатын ерке құлыншақтай секіріп-секіріп қоятынын қайтерсің! Жапырақтардың қалың боп үйіліп қалған тұсында ылғал бар, қай күнгі жауған жаңбырдан шығар, Бақытжан соны әдейі кешіп жүгіргенде аяғындағы аппақ красовкасы суланып, жапырақтар жабысып қалады.

Бұтында өзіне құйып қойғандай шап-шақ жаңа джинси шалбары бар, үстінде шетелдік қара май

ка. Құдай-ау, деймін ішімнен, Бақытжанды мынау құлазыған тыныштыққа елтіп тым-тырыс мүлгіген қабырғаның ішінен емес, иә, иә, шүмегінен сарылдап су құлаған гүлзар қауыздың маңынан немесе әткеншекке таласып асьф салған бақтан көрсем қайтер едім? Басындағы бақытсыздықты танып, білер ме едім? Жо-жоқ. Ойыма ешетеңе алмастан «кәдімгі тентек балалардың бірі гой» деп өте шығар едім- ау қасынан...

О, Жаратқан ием! Кейде тым қатал қарайсың-ау, пен- деңе! Адамзатты астамсып кетті деп ойлап тапқаның ба бұл? Әлде пендеңнің ала-қүла туған ұлдары үшін Бақытжан сияты бейкүнә балалар зардап шегуі керек пе? Бейшара ананың еңірегенде етегі жасқа толып, сай сүйегіңді сырқыратады...

«Әкесінен де айырылып, екеуден-екеу қалып едік, шо- шайып. Енді Құдайдың мүны да коп көрген түрі бар маган. Жарым көңіл, жалғыз тұяқ қой, мауқын бір басайыншы деп велосипед сатып әперіп едім. Мен мұны қайдан білейін қасіреттің тап сол шайтан арбадан келетінін... Құдай-ау, не жаз-дым саған!.... Жалғыз жарығымды, жалқы жұлдызымды ііынымен-ак мезгілінен ерте сөндірмексің бе? Бақсының моласындай жапан далада жалғыз қалдырмақсың ба?... Бақытжаным - ау, қайтейін енді...

Жүйкемді жүндей түтіп, жүрегімді қанжардай осқылаган бүл сөздерді бағана Бақытжанның анасы Еңлік зар еңіреп отырып басымды жерден көтере алмай төмен қарап отырғанмын. Себебі, біреудің ішіндегі «бітеу жарасының» аузын тырнап ашқандай болғаныма қысылып, бір жағы шерлі ананың жас шайған әжім-әжім түріне, қасірет көлеңкесі үялаған жанарына шіміркенбей тік карауға дәтім жетпеген. Әйтеуір, абырой болғанда, ол кезде қасымызда Бақытжан жоқ еді, оны кезекті инесін аркасында ғана күн кешіп жүргенін ойлағанда біреу менің жүрегімде де біз тығып алғандай кеудем шанііып, қабағым кіржиіп кеткен...

- Осы қарғыс атқыр ауьфуды біз күдайдан тілеп алған- дай бүкіл ауылдың үдере қашқанын айтпаймысың?!. Көзге иыққан сүйелдей ғып балама да, өзіме де күн көрсетпеді ғой түге. Қайтейін, оларды да түсінем, «бала-шағамыз бар, бәле-жаладан аулақ болайық» дейді дағы. Бірақ ормандағы аңнан айырмамыз болған соң мысқалдай болса да мейірім, шапағат деген болмауііы ма еді адамда?!. Уһ!. Енді айтты не, айтпады не...

Жапырақ бүркенген жалғыз аяқ жолбізді терең өзекке алып келді. Өзектегі судың жағасында отырып демалуға да, шетіндегі соқпақпен ары-бері қыдырыстап жүруге де болады. Ал біз Бақытжан екеуміз, жағаға келіп отырдық. Үнсізбіз. Егер мен оған сүрақ қойып, әңгімеге тартпасам, Бакытжан өздігі-нен сыр аша бермейді. Бәрі әлгі аурудың кесірі...

Қайраңнан жалпақ тас тауып алып, оны судың бетіне атып «каймақ» жемек болып едім, бала кездегі бүл ойынды еске алғаным, қамкөңіл Бақытжанның жан дүниесін сергіту үшін ғой, ол ойымнан түк шықпады. Бетіне жапырақ пен бал-дыр жүзген суға шолп етті де, тасым түңғиыққа батып, жоқ болды. Айналамыз сол баяғысынша тым-тырыс.

— Бақытжан

— Әу (үні тым солғын).

- Биыл мектепке барасың ба?

- Жоқ

— Неге? (Неге бармайтынын, әрине білемін. Бірақ соны Бақытжанның өз аузынан естігім келеді. Жазушылық әуестік қой. Әлгі сөзді айтқанда қандай күйде болады соны көңіл қағазына түсіріп алмақпын).



- Ұрады... Боқтайды... (Бала ғой, жыламсыраса да шынын айтып тұр).

- Не үшін ұрады сонда?

-?... (Үндемейді. Үндемеген сайын басы екі тізесінің арасына қарай салбырап саусағымен жер шұқылап, шөгіп барады). Бекерден бекер ұрып-соқпайды ғой енді дегенім ғой...

- Себебі... мен... аурумын ғой... (Тамағына өксік келіп тығылды да үні бұрынғыдан да бәсең, булығып шықты).

- Қандай ауру екенін білесің бе?

- Білем.


- Қандай?

- ?..


- Мейлі, айтпай-ақ қой.

- Басы салбырап, құнысып отырған баланы аяп кеттім. Бір жағынан дәрігер мен анасының әңгімесі арқылы оның ауруға шалдыққалы бергі өмірі маған аз да болса белгілі еді. Сондықтан Бақытжанның өзі не айтқысы келсе, мен де соның ыңғайына қарай бейімделе бердім. Кім біледі, бәлкім бұл оның өміріндегі ешнәрсеге айырбастамайтын ең бір қимас сәттері шығар...



2. МЕН АНАМДЫ КЕРЕМЕТ

ЖАҚСЫ КӨРЕМІН

Ауруханаға түскен соң тіпті сағынатынды шығардым. Ақ төсекке таңылғаннан кейін қабырғаға тесіліп жатып уақыт өткізер ермегім үйді/үй дегенім-анам ғой/ ойлау еді...

Менің анам... Шіркін, менің анам елде жоқ мейірімді жан ғой. Білемнін, анасы туралы балалардың барлығы осылай дейді. Бірақ, мен ауылдағы балалардың шешелерін көріп жүрмін ғой. Нұрғаным апай дүкеннің жанына отырып алып ертеден қара кешке дейін пісте сатады. Немересі Нұрқанат бізге ілесіп дүкеннің жанына жолап кетсе қолына не түссе, сонымен салып кеп жібереді. «Жоғал үйге жүгермек! Анау бұзауды суғар, ешкіні арқанда!..» Сорлы Нұрқанат бізді тастап үйіне қарай құстай ұшады. (Бақытжанның езуіне болмашы күлкі үйіріліп, сәулесі солғын бір ұшқын жылт ете қалады да лезде қайта сөнеді). Ал Ерболдың анасы Жарқынай қолына тоқып жүрген шұлығын алып үйді-үйді аралап, әңгіме соғып, шай ішумен кеш батырды. Біздің үйге келген сайын менің анама ұрсып кететіні де бар.

- Түу, осы қатынның-ақ тірлігі бітпейді түге! Адам құсап бір әңгімелесейінші деп келсең... көйлегі сауыс- сауыс болып күбі піседі де жатады.

Анам үндемей күбісін пісе береді. Жарқынай апаға бұл да ұнамайды.

- Тоңқандап өзің піскенше мынаған неге піскізбейсің Соқталдай боп жатысын... (Мен «Балдырғандағы» суреттерді қарап төрде етбетімен жататынмын) - Осы баланы қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсірем деп қиналғаның аз ба?

Анамның өз пәлсапасы бар.

- Жаратқан ием қиындықты біздің-ақ маңдайымызға жазсында...

- Әй, сен қатынға дауа жоқ екен..

Жарқынай апай аузы жыбыр-жыбыр етіп, өзінен-өзі сөйлесіп келесі үйге қарай беттер еді.



3. ӘКЕМ ҚАРАГЕРДІЕРТТЕП ЖАТАДЫ
Мінезі қатал болатын әкемнің Қабағы ашылып, көп жадырамайды. Түзде де, үйде де сұсты. Кейде әкемнің осы мінезіне күйіп кеткен анамның «Осы сенің елдің еркегі құсап дастарқан басында күліп-ойнап, балаңмен шүйіркелесіп отыратын күнің бола ма?» деп бұрқылдайтыны бар-ды. Жауап орнына әкем күректей алақанымен бетін бір сипап, дастарқанның жиналуын күтпей орнынан тұрып кететін. Артынан мен де ілесе тұрсам да еруге қаймығамын. Сосын амал жоқ құлағым қалқиып терезенің әйнегіне жабысамын. Әйнектен қарасам әкем қарагер айғырды ерттеп жатады Ал сәледен кейін көкжиектегі шабындыққа қарай көзі ұшында сағымға араласып бұлдырап сіңіп кетеді. Одан арғысы мен үшін тылсым, жұмбақ Оны әйнектен өшкемді көтеріп, мойнымды созсам да көре алмаймын. Анамның айтуына қарағанда әкем осы ауылдағы жоңыршқаның қарауылы. Ал қарауылдықтың қиын жұмыс екенін мен әкемнің Сайлау деген мақаумен төбелесінен кейін білдім.

Тілі жоқ, бірауыз сөз сөйлей алмайтын, оның орнына көмейінен ысылдаған үрейлі дыбыс пығаратын Сайлауды ауылдағылар атын атамай «Мақау» дейтін. Жастайынан қара жүмыс істеп, бұлшық еті білеудей боп өскен Макау алып күш иесі болатын. Мемлекеттің шөбіне түссе туған- туысқанының малы болса да аямайтын менің әкем бірде осы Сайлаудың жалғыз тайын Мырзабек баздың ішіне апарып, қамап қойыпты. Осыған ашуланған Мақау аузынан түкірігі шашырап үйге келді. Әкем, абырой болғанда, аттын үстінде еді сірә, жоңыршқалықты бір шолып қайту үшін жиналып жатты-ау деймін. Макау әкеме есіктің алдында жатқан киіз үйдің бақанын ала ұмтылды да, анамның «әке, көке» деп аяғыңа оратылғанына қарамастан салып-салып кеп жіберді. Бақанның ауыр соққысы қарагер айғырдын жамбасына тиіп, жануар шатқаяқтап кетті. Соққы, бәлкім әкемнің қара санына да батқан пығар, бірақ ол сыр берген жоқ. Көзі от шашып Сайлаудың жон арқасынан сегіз өрім қамшысымен осып-осып жіберді. Мақаудың дүлейленген түрін алғаш көруім: маған диюдай өкірген Сайлаудан қарагер айғыр да, атам да тайсактап қалғандай көрінді, әлде аяды ма екен...

Осы бетімен жалғаса берсе ұрыстың қажырлы жас жігіттің жеңісімен аяқталатынына күмән жоқ еді. Құдай онда- ғанда, Мақаудың өзі ішіндегі кей-кейде кемеріне сыймаи ағатын Талас өзеніндей бұрқырап, тасыған ашуға шыдамай жас балаша жылап отыра кетті. Анам байғұс бәйек боп жұбатып жатыр.

Қайтсін. Жетім жігіт кой. Жалғыз шешесі ғана бар, - дейді әкемнің Мақауға мейірімі түсіп, райынан қайтсын дегендей.

Әкемнің жауар бұлттай бұрқ-сарқ еткен ашуы болмаса, қайтымы тез. Кек те сақтамайды. Сол күні-ак Мақаудын тайын қамаудан шығарып жіберді.

4. АНАМ АЙТЫП ОТЬІРСА

Әкеме дүниенің жоқ Өмір бойы осылай Мойын-құмның жиегіндегі Мырзабек баздың жанындағы ескі үйде қарауыл қарап отыра беретін сияқтымыз. Ал, Шонбай, Әбтібай сынды құрдастарының орталықта жарқыраған ақ шатырлы кең сарайдай үйлері, астарында бояуы жалт-жұлт еткен жүйрік мәшинелері бар. Әкеме өкіметтің шөбін өрт шалмаса, мал түсіп, тапатап, зиян келтірмесе болды. Қорадағы азын-аулақ малын да орталықтағы сол құрдасы «Мейірқұл, қысылып тұрмын, қол ұшын бер» деп сұрап келсе «мынау қыл құйрық жылқы тұкымы екен-ау» демей, ноқталап беріп жібереді. Анау жоныршқаның шетіндегі кұмдауытқа еккен қауын-карбыздың иісі мұрыныңды жарып пісті дегенше бүкіл ауыл осында дей бер. Мәшине де, мотоцикл де, есекке екі-екіден мінгеекен бала-шаға да. Әкемнің осындай мырзалығынан шошыған анам «Бакытжаным жесін» деп аздаған қауын, қарбызды есіктің алдындағы шөмеле ғыпүйген шөптің астына жасырып қоятын...

Мен онда анамның ондай кулғын қайдан білейін. Бірде әкем өзімен бірге еріп келген кісілер «ет піскенше шөл бассын» деп анама «қарбызыңнан қалса әкел» деді, Анам «қалған жоқ қой, Мәке» деген.Шынында да қауын- қарбыздың әлде-қашан қазан боп кететін кезі еді бұл. «Ә, мейлі онда, шәйінді тездет» деп әнгімеге енді кірісе бергенде мен өзімнің білгіштігімд көрсеткім келіп:

— Әке, есіктің алдындағы шөптің астында кауын-қарбыз бар, — деп тақ ете қалайын.

Әкем маған бір, анама бір қарады. Адамның өңменінен өтетін отты жанары, әсіресе, анамды тесіп барады.

- Әкел!


Әкем шарт ете қалды. Ашуланғанда өстетін. Ыңғайсыздықты жуып-шайғысы келген кісілер:

- Балалы үйдің ұрлығы жатпайды, - деген осы, - деп күлкілері келмесе де күлген боп жатыр.

Мен кейде өстіп жанымдай жақсы көретін анамның жүрегіне байқамай қаяу түсіріп те алатынмын.

5. АППАҚ ҚАРДЫҢ ҮСТІМЕН ЖАЛАҢ АЯҚ...
Ауруханада жатқанда көрген түсімде болды бұл аппақ қардың үстімен жалаң аяқ жүгіріп келеді екем...

Жә, бәрін басынан бастап айтайыншы.

Анам үйдегі он-он бес қаралы қойдың жүнін жинап, одан әйбат текемет басатын. «Әйбат текемет басатын» деп айтуға жеңіл, әйтпесе оған дайындықтың өзі қыруар жұмыс. Жүн жабағы болса оның ағын, қарасын, қоңырын бөлек-болек алып түтеді. Сосын Жамбылдың базарындағы өзбектерден сатып әкелген бояуға салып қызыл, жасыл, сары түске, анам оған менің астарымды да қосып жіберетін, бояйды. Бұл текеметтің бетіндегі қызылды- жасылды ою-өрнектер үшін керек. Осының бәрі дайын болды деген кезде жүнді көпісте жайып, бетіне әлгі түрлі түске боялған жүннен ою-өрнек салып, шимен орап, таңып тастайды да, үстінен ыстык су құйып басады, білектейді, балаларға тепкізеді...

Маған осының ішіндегі ең ұнайтыны - шидің үстіне аппақ ақ жүнді көпісте жайып жататын сәті. «Қой, тентек бол-ма!» дегендеріне де қарамаймын, мап-мамық жүннің үстімен жалаңаяқ ары-бері жүгіріп өтіп ойнаймын. Мысықтың мамығындай ұлпаның аяғымды қытықтағанын ұнатамын ба, әйтеу-ір, құмармын. Соңымнан, аяғымның астынан жүн -жүрқалар бұрқырап ұшып, шашылып жатады.

Бірақ анамның көңіліне қарай ма, көмекке келген көрші үйдің қыз-келіншектерінің ешқайсысы үндемейді,

Түсімде өстіп аппақ ақ мамық жүнді қызылсирақтан кешіп жүгіріп ойнап жүр екем деймін. Анамның «Қой, Бақытжан, жүнді шашасың» деп жекігенін де елемей сақ- сақ күлемін кеп. Бірақ бакытты сәтім ұзақка созылмады, күліп жүр екен десем ботадай боздап жылап жүрмін. Жүгірейін десем жүгіре алмаймын. Екі аяғым зіл батпан, қозғауға әлім жет-пейді. Анам дегенім-әкем, аппақ ақ мамық жүн дегенім - аппақ ақ ұлпа қар... Қардың үстімен жалаңаяқ жүгіріп келеді екем... Аяғымның басы дуылдап, үсіп тоңып барады. Шіркін, анам болса ғой қазір қып-қызыл болып жаураған саусақтарымды әкемнің сеңсен тоңына орап, ошақтың жанына жатқызып қояр еді» деп ойлаймын. Осы кезде әкем келіп әулетті қолдарымен қардың үстінен көтеріп алып қарагеріне мінгестірді де, баяғы өзі кететін, маған беймәлім көкжиектегі шабындыққа қарай шаба жөнелді. Мына қызықты қара: айналамда қар да мап-мамық жүн де жоқ, төңірек түгел жап-жасыл шабындық. Менің қуанышым қойныма сияр емес. «Әке, қа-шан келдің?» деймін шаттанып. Ол үндемейді, күледі де қоя-ды, «Әке сен өліп қап едің ғой, қалай атқа мініп жүрсің?» деймін. «Жоқ, тірімін, балам! Саған шабындықты, жылқыларды көрсету үшін әдейі келдім» - дейді ол...

Өстіп жатып оянып кетсем,, бәрі түсім екен. Тамағыма өксік тығылды. Жылағым келеді. Әкемді, анамды тағы да көргім келеді. Марқұм әкемді айтам да, күлмеуші еді...

(Сіз аға білмейсіз ғой, әкем мен ауруханаға түсерден екі-үш ай бұрын көкпар тартып жүріп қарагер айғырдан құлап қайтыс болған...)



6.БІР УЫС ТОПЫРАҚ...

Әкемнің сүйегін үйден алып шығарда анам шыңғырып, беті кілеммен жабылған мәйітті құшақтап қатты жылады. «Мейіркүл-ау, жалғыз шыбынынды кімге тастап кетіп барасың...» деп дауыс салғанда қабырғасы қайспаған кемпір- шал қалмаған шығар.

Әкемнің қазасына көңіл айтуға адамдар көп жиналды. Үйдің жанына, бұл кезде орталыққа көшіп келгенбіз, неше түрлі машиналар толып кетті. Бәрінің аузында әкемнің істеген жақсылығы: «адал еді» дейді, «ақкөңіл еді» дейді, «мәрт еді...» дейді.

Бір аяғын тізеден төмен соғысқа беріп келген Берден молда: «Құдай тағала да адал пендесін жақсы көреді. Жақсы адам о дүниеге де керек» дейді де, әкемді жоқтап, қоймай қойған анамның өксігін басып, тоқтату үшін қырағыпап құран оқыды: «Ағзу-бил-л-лаһи...»

...Әкемнің сүйегі салынған машинаның қорабына «баласынан да бір уыс топырақ бұйырсын» деп мені де мінгізіп алды. Анам аңырап есіктің аузында қала берді. Орамалы желкесіне түсіп, қалың қара шашы жайылып кеткен. Екі қолтығынан ұстап, сүйемелдеп тұрған кемпірлер болмаса құлап түседі-ау...

Әкемді ауылдың шетіндегі төбенің басына құран оықып, арулап қойды. Мен әкемнің ақ кебінге оралған мәйітін көрге түсіріп жатқан кісі: «баласы қайда, шақырсаңдаршы, бір уыс топырақ әперсін» деген кезде жақындап көрдім, төрт бұрышты етіп қазған көрдің құбыла жағынан тағы да ойып, тереңдетіп қазады екен. Мұны «үй» немесе «лақат» дейтін көрінеді.

Қолымдағы дымқыл топырақты көрдің ішіндегі адам уыстап алар-алмастан мені бір қарулы қол артқа қарай қан-бақша жұлып, көтеріп әкетті де, бір топ адамдар әкемді жатқызған әлгі аузы кішкентай қуыс боп қалған лақатты кірпіш-пен бекітіп, топырақпен тез-тез көме бастады. Көрді көміп жатқан күректерін бір-біріне ұсынбайды, жерге топырақтың үстіне тастай салады. Оны кезек күтіп түрған екіншісі алады. Ырым ғой...

Көп ұзамай ауыл шетіндегі төбедегі Әміре атамнын төрт құлақты сағанасының жанында топырағы әлі кеуіп үлгермеген менің әкемнің қабірі қарауытып жатты.



7.ЗЫРЛАП КЕЛЕ ЖАТЫР...

Велосипедіммен төбеден төмен қарай зырлап келе жатыр едім... бір шетімнен машина шыға келді. Ол тоқтап үлгермеді, мен машинаның астынан бірақ шықтым. Одан арғысы есімде жоқ Көзімді ашсам ауруханада жатыр екем, басымды, аяғымды таңып тастапты...

Әкем қайтыс болғаннан кейін түрмыстың бар тауқыметі анамның мойнына түсті де мен ұзақты күнге үйде жалғыз қалатын болдым. Сосын ермек етіп, ойнап жүрсін деді ме, анам маған үш дөңгелекті велосипед сатып әпереді. Велосипед болғанда, керемет енді! Аргқы дөңгелектерін қозғайтын пынжыры, ортасында аяқ қоятын басқышы бар мүндай ыелосипед бүл ауылда некен-саяқ еді.

Балалардың бәрі менің соңымда. Қызығады. Айдағысы келеді. Көңілім түскенде ішіндегі өзім тәуір көретін Нұрқанат, Ербол сияқты балаларға кішкене беріп, тепкізіп алатынмын. Нұрқанаттың шешесі Нұрғаным мұнымды жақтырмайды. -«Өзі де жұмыс істемейді, өзге балаларға да, жұмыс істеткізбейді » деп Жарқынай апайға пыш- пыштап жатқаны.

«Әлден баласының айтқанын істейді. Ертең мәшине әпер десе қайтер екен» деп оған Жарқынай апа қосылады.

Міне, сол велосипедті көзге күйік қыла бермей көрші ауылдан келген бір мас жүргізуші машинасымен мыжып өте иықты, ал мен алыстағы ауруханадан бір-ақ шықтым.



8. КӨЗІМДІ АШСАМ, КӨРЕТІНІМ КӨК АСПАН...

Көзімді ашсам, терезеден көретінім-көк аспан, ақша бұлт, одан кейін... өрмекші. Ол мен жатқан палатаның төбесіндегі бұрышқа, лүп еткен самал болса үзіліп кетердей боп дір-дір етіп тұрған өзінің торын мекен етеді. Мен оның аяқтары арбиған кішкентай тұрқына қүнұзак қараймын да жатамын. Салбырап, төмен түссе екен деймін. «Егер төбеден өрмекші түссе үйге қонақ келеді» дейтін анам Мырзабек баздағы жападан-жалғыз үйде тұрған кезімізде.

Бір жолы, шынында да үйге өрмекші түскен күні, қолында тор дорбаға салып алған алмасы бар бір ағай екі-кештің арасында жылмаң етіп кіріп келеді. Мен төргі бөлмеде әкемнің тізесіне шығып, еркелеп ойнап отырғанмын.

- О, үйге қонақ келді, - деп қуанғанымнан алдынан жүгіріп шықтым.

Сөйтсем әлгі ағай әкемнің Шымкенттегі нағашысынын баласы екен. Айтуына қарағанда мәшине алған, оның үстіне үй соғып жатыр... Соған көмек керек. Әрине, менің мұндай шаруамен ісім жоқ, алдымдағы алқызыл алмамен әуремін.

Ертесіне әкем нағашысының баласына бір жылқысын сатып ақша ғып берді де, жолға аттандырып салды. Мұның бәрін мен кейін анамнан естідім ғой, әйтпесе қайдан білемін.

- Сөйткен нағашылары кейін әкеңнің қазасына келіп, бізге көңіл айтуға да жарамады - деп күрсініп отырар еді анам.

Бауырына ораған жібін аяғандай өрмекші түспей қойды. Кейде бір жаққа жолға шығуға бел буғандай төмен қарай жылдам-жылдам салбырап түсе бастайтыны бар. Бірақ әлденеге ойланғандай кенет салбыраған күйі тоқтап қалады да, ұясында бірдеңесі ұмыт қалғандай жоғары қарай қайтадан өрмелейді. Мен қараймын да жатамын. Әттең қол созым жерге жетсе ғой. «Егер өрмекшінің төмен салбырап түсіп келе жатқанын көрсең жібін үзіп жібер, сонда сағынып күтіп жүрген адамың келеді» дейтін анам. Ал менің сағынып, сарғайып күт-кен адамым сол шешемнің өзі...

Анам алғашкы кезде, онда мен дене жарақаттарын алып түскендерді емдейтін ауруханада едім, арага ай аралатып келіп түратын. Тәтті тоқаш, май, күрт, кәмпит әкелетін. Екеуміз, ол менің төсеғімнің аяқ жағына отырып алады, күңкілдесіп үзақ әңгімелесетіңбіз. «Әкеннің басына күлпы тас орнатып, қүран окыттым...» дейді. «Нүрқанат, Ербол достарың шап-қылап ойнап жүр...» дейді. «Ауылда қазір жан бағу қиын боп кетті»...дейді. Не айтса да мен үшін маңызды, мен үшін кызық. Қолынан ұстап жатамын, айта берсе екен деймін. Бір кезде менің жағдайыма ауысады. «Ұзақ жатқызды ғой...» дейді. «Аяғың жүруге жарады ма?...» дейді. «Қабырғаң қозғалғанда ауырмай ма?.. дейді» дейді. Сосын мені машинасымен қағып кеткен мас шопырды қарғайды:«Жүрімің кысқарғыр, жүр әлі көшені шаңдатып... Ондайларды құдай да, жауда алмайды...» деп.

Кейін анам, сырын соңыра білдім ғой, келмей кетті.

Мен мүны озімді басқа ауруханаға ауыстырып жіберге- нінен көріп жүргенмін, «үлкен қалада адасып, таппай жүрген шығар» деп. Сөйтсем... анам ылғи келеді екен, бірақ дәрігерлер кіргізбей, бетін кайтарып жібсреді екен ғой... Ал мен жүруге жараган аяғымды көрсетіп, секіріп ойнап бір мәз қыла-йын деп жүрсем.

9.БІР КҮНІ МҰҢАЙЫП ОТЬІРСАМ...

Дәрігер келіп: «Мейірқұлов, жүр бері» деді. Осының алдында ғана «тексеру болады, палаталарды тазалаймыз» деп әлекедей жалаңдаған тазалыққа карайтын аиайлар өңкей ауруларды далаға куын шыққан. Менің жүрегім әлденеге кобал-жығандай болды. Өрмекшіме қарағам: ол болса қапелімде торына «тұтқынға» түсіп қалған шыбынмен әуре боп жатыр екен. Апайлар «палатаны тазалаймыз» деген сайын осы өрмекшінің ұясын бұзып тастар ма екен? деп зәрем қалмайтын. Ішім бірдеңені сезіпті... Даладан қайтып келсем бұрыш тап-таза-менің өрмекшім де, ұясы да жоқ...

Жылап жібердім. «Енді анам мүлде келмейтін болды» деп жорығам. Осы кезде ғой дәрігердің «Мейірқұлов, жүр бері» деп зекігені. Соңынан ілестім. Бас дәрігердің бөлмесіне кірсем... мінс ғажап, анам отыр! Жылап көрістік. Анам ауыз-басымнан түк қоймай шөпілдетіп сүйіп жатыр, сүйіп жатыр... Менің ішіме симай жүрген сағынышым көзімнен жас боп төгіліп жатыр, төгіліп жатыр...

Мені ауруханадан шығаратын болды. Бірақ оған қуанып жүрген жоқ. Әлсін-әлсін басымды кеудесіне басып, көзінің жасын орамалымен сүрте береді. «О, құдайым-ай, не жаздық саған!» дейді. «Сап сау балама қан құямыз деп ауру ғып берді ғой» деп дәрігерлерді қарғайды. Ауылдағы дәрігерге берілген жолдама қағазға қарайды да тағы жылайды.

Анам ауылға келгеннен кейін мені үйден көп шығармайтын болды. Анда-санда орталықтағы дәрігерге апарады. Маған дәрігер қыз мені көрген сайын «селк» ете қалатын сияқты болып көрінеді. Бір түрлі құтылғанша асыға ма, қалай... Мені бөлмеден шығарып жіберіп, анамды онаша алып қалады да ақыл айтып құлағын сарсытады. Бір жолы: «Өзіне жеке ыдыс-аяқ беріңіз. Ауылдың балаларына қоспаңыз» деп жатқанын естіп қалдым. «Ол... тек қан арқылы жұғады ғой» дейді анам жыламсырап. «Бізге енді жетпегені қан арқылы жұғу еді» дейді қыз зіркілдеп. Не керек, анам мені дәрігерге әкелген ғұрлы онын қабылдауынан екі көзі қып-қызыл боп, жылап шығады. Бұл құпия әңгіменің астарында не бүгулі жатқаны менің санама да біртіңдеп ұялай бастаған соңғы кезде.

10. ДОСТАРЫМДЫ ТАНЫМАЙ ҚАЛДЫМ

Шынымды айтсам, мен емес, олар танымады мені, танығысы да келген жоқ...

Аузы жеңіл ауылдық дәрігер арқылы маған жабысқан ауру хақында елдің бәрі құлақтанған болып шықты. Бәрі... үлкені де, кішісі де менен сырт айналатын болды. Күн сайын танауын таңқайтып анамнан «Бақытжан үйде ме?» деп сұрап, келіп тұратын Нұрканат пен Ербол зым-зия жоғалған. Тіпті қарасы да көрінбейді. Ал егер зәуімен біздін үйдің жанымен жүре қалса тезірек өтіп кеткенше асығады. Менің «Нұрқанат!»

деп шақырғаныма мойын да бұрмайды. Естімеген болады. Кейін шақыруды мен де қойдым. Түңілдім бәрінен.

Мектепке, сабакқа да бармайтын болдым. Ол жақтан «келе ғой» деген де ешкім болған жоқ. Көзге шыққан сүйелдеймін. Алғашында анам:

- Бақытжан, бүгін сабағына бармаушы ма едің? - деп сұрайтын. Менің мектепке барғым келмейтінің барғым келгеннің өзінде де бара алмайтынымды біліп тұрса да өзін

- өзі ал-дарқатып осылай дейтін.

- Жоқ, бармаймын, - деймін мен.

- Неге?

Мен: «анашым-ау, неге екенін білесің ғой. Оның несін сұрайсың?» дегендей жүзіне тесіле қараймын. Менен басқа жауап естігісі келіп, солай болады да деп сеніп тұрған анам осыдан кейін көрер көзге бейшара боп, ұнжырғасы түсіп кетеді. Өшің көзінің жасынан алады әйтеуір.



Бірде анам екеуміз өстіп бір-бірімізге мұңымызды шағып отырғанымызда тереземіздің әйнегі саңғыр етіп қирап түсті. Одан... екінші әйнектің күл-талқаны шықты. Еденеге шашылып түскен шынылардың арасында дәу-дәу тастар жатыр...

Түсіне қойдық Анам сыртқа, мен терезеге ұмтылдым. Қарасам, бір топ балалар сайға қарай қашып бара жатыр екен. Алдарында Нұрқанат пен Ербол қайқандап құйын- перен ұрып барады... Балалар мен мектепке бармаған соң «көзімді жой-маққа» үйге келіпті.

Анам «бұларды үлкендер әдейі жұмсап отыр» деп, ал кеп көзінің жасына ерік берсін...

11.ӨЗІМЕ ӨЗІМ ЖАЗА КЕСТІМ ДЕ...


Қораның ішіне кіріп асылып өлмсек болдым. Ол үшін бәрі дайын: бұғаулап байлаған арқан да, аяғымның астына қоятын орындық та...

Арқанның бұғауланып байланған ұнын алдым ды жәйләп мойныма ілдім. Жуан ғып өрген арқанның қап-қатты болатынын сонда білдім, менің ырғайдай мойныма батып кетті. Буын-буыным дірілдеп, тынысым әлден-ақ тарыла бастаған-дай. Көзімді болар-болмас қып жұмдым. Кіреуке сәуленің арасынан алдымен анам көрінді: текемет басуға шидің үстіне жайып қойған аппақ ақ мамық жүннің үстінде жүгіріп ойнап жүрген маған ұрсудың орнына, еркелетіп күле қарайды, әкем де жүр, ол қарагерімен көкжиектегі шабындыққа қарай сар желіп кетіп бара жатыр. Мен әкемді қуып жетіп алғым келеді. Енді кешіксем сағымға сіңіп, біржола көзден ғайып болмақшы. Әке...

Аяғымның астындағы орындықты құлата бергенімде біреу, оның анам екенін бірден білдім, артымнан келіп қапсыра құшақтай алды. Құшақтаған күйі күйікке булығып жылап жіберді.

- Құлыным-ау, бұл нең? - дейді өксіп. - Ең болмаса мені аясаң қайтеді...

Мен де жыладым. Жылап тұрып көкейіме кептелген сөз- ді айтып жатырмын.

- Енді не істеймін, бізді бәрі жек көреді. Кетейікші бұл жерден. Кетейікші тез...

- Мақұл, құлыным, кетеміз. Тек сен жылама, ауырып қаласың - дейді анам.

* * *


Біреулер сиырымыздың ішіне айыр тығып өлтіріп кеткен. Күні таңертең біз, анам екеуміз ешкімге айтпастан, айтқанымыз кімге керек боп жатыр, киім-кешегімізді алдық та, үй-жайымызды, бау-бақшамызды бір құдайға аманаттап ауылдан қарамызды біржола батырдық. Келіп паналаған жеріміз міне, осы ара.
12. СУРЕТ СЫЙЛАЙ АЛМАЙТЫН БАЛА


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет