Көсемәлі СӘттібай¥лы шарбақтының жалғызы


немесе кейіпкеріммен қоштасу



бет5/6
Дата15.09.2017
өлшемі1,9 Mb.
#33557
1   2   3   4   5   6

немесе кейіпкеріммен қоштасу
Бақытжанның әңгімесін тындап отырып кештің батқанын байқамай қалыппын. Оның әңгімеге қызыға берілген кездегі сезіміне селкеу түсіріп алмайын деп әдемі жапырақты айналдырып қараған боп, ойланып отырған едім: бақтың іші, манағыдай емес, алакөбең тарта бастапты.

Зерек-ақ бала, амал қанша... Ойымды сезіп қойды ма дегендей Бақытжанға жалт қарасам ол анадай жердегі орындыққа тізе бүгіп, бірдеңе жазып отыр екен...

Осындағы дәрігер айтып еді: бұл ауру адам санасындағы психологиялық жарақатты жылдам қабылдайды. Сондықтан осы аурумен ауырған адамдардың айналасындағылар сақтанған күннің өзінде өзін-өзі адамгершілік тұрғыдан ұстай білуі керек. Ал, Бақытжанға көп қорлық көрсетіпті: бұл ол адамдардың тарапынан - мейлі дәрігерлер, мейлі ауылдастары, мейлі достары, мейлі ол мүғалімдері болсын-тағылық болып табылады. Өйткені, Бақытжанның құдайдың алдында да, адамдардың алдында

да ешқашан жазығы жоқ.. Бейкүнә... Өкінішке орай, біздің қоғамымыз мүны түсінетін өркениетке әлі жеткен жоқ..

- Аға!

Ойға батып кеткен екем, құлағымның түбінен шыққан дауысқа жалт қарадым. Бақытжан.



- Аға, Сіздің балаларыңыз бар ма?

- Бар, оны неге сұрадың? - Көз алдыма үшінші сыныпта оқитын қызым - Индира, бірінші сыныпқа биыл барған бір- біріне тете балаларым Досхан мен Олжас келіп тұра қалды.

- Мына суретте Алтайдың әсем табиғаты бейнеленген. Өзім салдым. Балаларыңызға алып барып беріңізші. Менен ескерткіш болсын.

Алдым. Суреттің сыртына «Бақытжан Мейірқүлов. Алтай, 199...жыл. Қыркүйек» деп жазыпты. Толқып, тебіреніп кеттім.

- Рахмет, Бакытжан! Міндетті түрде апарып беремін.

Ымырт үйіріліп, қараңғылык бояуы қоюлана бастаған.

Бакытжан мен анасы жататын емдеу орталығының шамдары да жанды.

- Ал, Бақытжан, сау боп тұр. Мсн енді қайтайын. Анаң да іздеп жатқан шығар сені.

- Шығарып салайық па? Пойызыңыз қаншада?

- Жо-жоқ, керегі жоқ. Өзім-ақ... бірдеңе ғып қайтам ғой... Ал, жақсы...

Екеуміз қол алыстық Тек қана қол алыстық... Кіп-кіш- кентай нәзік саусақтары менің күректей қолыма сүңгіп кетті. Алақаны жып-жылы.... Білегіндегі тамыры бүлк-бүлк етеді. Соғып тұр...

- Ал, анаңа сәлем айт!

Жалт бұрылып кетіп бара жатыр едім Бақытжан «аға» деп айқайлады. Кілт тоқтадым.

- Ау, не боп қалды?

Жүгіріп келе жатыр.

- Жаңағы суретті бере тұрыңызшы.

- Неге?

Десем де төс қалтамдағы суретті алып Бақытжанның өзіне қайтып ұсына бердім. Бақытжан анандай жердегі талдың түбіне барды да сіріңкесін жарқ еткізіп суретті жағып жіберді.



- Бақытжан-ау, мұның не? Не боп қалды?

- Ағай, кешіріңіз, керегі жоқ екен...

Анасының «Осы күні балам нені пайдаланса да жағып жіберетін болды «Неге бүйтесің?» десем, «Басқалар мен сияқты ауырып қалмасын» дейді деген сөзі ойыма сарт ете қалды....

- Ренжімеңіз... Айтпақшы қай газетте істеймін дедіңіз ...,Ә-ә...есіме түсті... Сіздің атыңызға хат жазып жіберемін. Күтіңіз, мақұл ма...

- Мақұл, мақұл...

Мен басқа не дерімді білмей терезелерінен жарықтары жапырлаған үйдің тым-тырыс құлазыған ауласынан ұзай бердім.

* * *

....Бақытжан екеуіміз қоштасқалы бері де арада бір жыл өтті. Менің қайтып ол жаққа жолым түспеді. «Хат жазам аға! Күтіңіз...» деп жәудіреп қалған одан әлі хабар жоқ. Хат келмеген сайын қорқам. Себебі ... белгілі ғой.


ЕКІНШІ БӨЛІМ

Ғақлиялар

ЖАСАСЫН ҚҰЗҒЫНДАР

Бөктердегі ағаштың саясына тоқтадық. Бұтақтарында Құзғындар қарауытады. «Біздің мазамызды алған бұл кімдер өзі?» дегендей, бір шуласып барып басылды. Еркінсулеріне қарағанда, мынау қатып-семе бастаған ағаштың көлеңкесіне жан жуымайтыны көрініп тұр. Діні мен жапырақтарына саңғырық жұғып, әбден айғызданған. Саясындағы өлкеседен жағымсыз иіс шығады.

- Ойпырмай, мынау әп-әдемі ағашқа обал бопты-ау.

- Е, осындағы жапырағы жайқалған талдардың бірі еді... Бар сәнінен жүрдай болды байғұс. Бұлбұлдар да безіп кетті. Қазір көлеңкесіне мал екеш, мал да жоламайды.

- Құзғындардың айы оңынан туған екен онда.

- Айтпа, қызық-думан осыларда.

- Жасасын Құзғындар!

Тымық ауаны жаңғырықтыра айқай салдым. Ащы айғайды жақтырмағандай ағаштың ұшар басында отырған дәу қара Құзғын орнынан қалбалақтай көтеріліп барып, қайта қонақтады. Сірә, мынау өлекселі өңірдегі ешкім мазаларын алмайтын беймарал өмірге «жамбастары» әбден үйреніп қалса керек.

«Мәжнүн» талға араша сұрағандай қияға қарағам. Үмітім ақталмады. Қырандар бөктерден тым биікте қалықтап жүр екен.


ҚҰЗҒЫНДАР ҚАЗЫ БОЛСА
Бәйге алғандардың арасынан жарықшақ дауыстарымен жұртты ығыр қылған Қарға, Сауысқан және Жарқанатты көргенде торғайлар таң қалды.

- Ау, мыналарға бәйге беріп жүрген кімдер?

- Құлақтың құрыпын қандыратын Бұлбұлымыз қайда?

Бозторғай өзегінде нәрі жоқ, бұтақтары қатып-семіп қалған талдың басында тоқ басып отырған Құзғын, Тазқара, Күшігендерді көрсетті.


- Құзғындарға төрелік айтқызса Бұлбұл түгілі Қара-торғайдың үніне зар боларсыңдар әлі.

Бұл бір қисық-қыңыр кәрі ағаштары мол, қураған бұтақтарының басынан ертелі-кеш Қарғалардың қаркылы үзілмейтін сасық тоғай еді. Сымдай майысқан сәмбі талдар мен оқтаудай түзу ақ қайыңдар «мына бәлелерден аулақ жүреиікші» дегендей таудың самалы үзілмейтін биігіне карай таласа өсіпті. Құлаққа жағымды әдемі әуен де сол жақтан естіледі....

СҰҢҚАРДЫҢ СЫЙЫ
Сұңқардың сыйы Бұлбұлға бұйырды. Бірақ қанаттылар кауымы тым-тырыс. Сездірмейміз дегенімен іштерін өртеген қызғаныштың табы құбақандай құбылған өндерінен лап-лап ете қалды. Бозторғай ғана мәз. Жүрек жарды қуанышын бөлісейін деп Күшігенге бүрылған.

- Естідің бе, Бұлбұл бекерге шырылдамапты.

Күшіген қуанудың орнына күңк ете қалды.

- Естідім, Қариығаның арқасында апты ғой.

Өзінен өнері асқан туысының қуаньшына ортақтаса білу бақыты екінің бірінің мандайына жазыла бермейді екен. Бозторғайдың қараптан-қарап күшеніп жүретін Күшігеннен көңілі қалды. Осы кезде өзінен-өзі алақ-жүлақ етіп, ойға да, қырға да шапқылай берстін Сауысқан сап ете қалды. Бозторғай Құдайдан үміті бар біреуден әлі күдер үзбеген.

- Естідің бе, Бұлбұл...

Бірақ оның да құйрығы шошаң ете қалды.

- Шауыпкел деген атым бар. Маған беретін жөндері еді...

Сұңқардың сыйынан бір орнында омалып отырғаннан басқа түк бітірмейтін Құзғынның шабарманы атанған Сауысқан екеш Сауысқан да дәмелі екен.

ЖАПАЛАҚ
Мынау Бұлбұл, мынау Жапапақ демей бәрін бір торға қамаған. Жемсауы бүлкілдеп, көзі бақырайған Жапалақ та сандуғаштардың қатарына қосылды. Боқка мәз Қарға, құйрығы шыжбыңдаған Сауысқан, жапан далада жүні жалбыраған Тазқаралар да әнші атанып, мырзалардың лақтырып тастаған өлексесінен өз үлестерін таласып- тармасып алып жатты.

Бірақ, азаттық таңы атқалы Жапалақ байғұстың жайы болмай кетті. Ол о бастағы қараңғы қуысына тығылып ап, баяғы «әнші» атанған заманын көксеп, түнімен күңіренегінді шығарды. Дайын жем-суға дәніккен байғұс тышқан аулауды да ұмытып қалып еді...

ТЫРАҚЫ
Көзі бақырайып, қарны қампиып, шидей аяқтарын аспанға көтеріп жатқан жұдырықтай құсты көріп Тырна таңғалды.

- Оу, бәтшағар, шәниіп бұ не жатыс?

- Демалып... - деп, ыңыранды ол.

- Бәрекелді, ал аяқтарыңды көтеріп алғаныңа жол болсын?

- Аспан құлап түссе, басып қалмасын дегенім ғой.

-?...


Түк бітірмесе де дүниенің тұтқасын ұстап жүргендей шіреніп жататын бұл құстың аты Тырақы еді.

ТЕКТІЛІК


Қарақойын ауылының иттері өте көп. Шарбактары алқа-салқа көшесінен қашан өтіп кеткеніңше атыңның құйрығынан тістелеп мазаңды алады.

- Ата, осы жердің иттері жер-дүниені дүрліктіріп неге сонша шабаланады? - деймін, таңғалып.

- Е, балам-ай, иттердің міндеті үру емес пе?

Топтан жырылып үш ит шықты. Аттың тұяғына түсіп

кете жаздап, өршелене үрген төбетке жолаушының қампысы тиген бе, көзі айрандай әппақ болып кеткен. Ал анда-санда маңқ еткен дәу төбеттің жамбас жүні жидіп, терісі жалтырап қалыпты. Бір қызығы осы екеуі де орталарындағы семіз қара төбетке жалтақ-жалтақ карап, жағынғандай абайлады. Атамның қара айғыры шәу-ішу еткен иттерді елең қылар емес. Жалын сілкіп тастап Қарақойын ауылының ортасын қақ жарып келеді. Ақ көз сұмдық ызақор екен. Аяғынан бір тістемей айызы қанбайтындай Қара айғырдың соңынан тісін ақситып қалар смес.

- Мына шіркінді шабаландыра бермей неге бір теппей- ді, - деймін, ертоқымда жардай боп отырған атамның қақпақтай иығына қарап.

- Есіңде болсын, текті мал теппейді. Қара айғырдың тұқымы асыл, - дейді атам.

Ат төбеліндей ауылды у-шу қылған иттер артта қалды. Жауды жапырып қайтқандай тоқмейілсіген ак көз төбет бір тұп бұтаның түбіне барып сарымаққа бұтын көтерген. Топырақ тырмалаған семіз төбет мышқиып отыра калды. Жамбас жүні жидіп түсіп қалған жадау төбет екеуіне кезе- кезек қарап, аңқиып тұр.

Қарақойынды шулатқан төбеттердің қылығына қараптан -қарап күлкім келді.
КҮШІК ПЕН ШЕНЕУНІК
Бала кезімде нан мен қантты көп жеуші ем. Анам жесір болса да бұл мәселеде тапшылық көрсетпеді. Үйден таба нанның жартысын алып шыкқанымды керген Ақтөс алдымнан жүгіріп шығады. Көзін жәутеңдетіп, құйрығын бұлғаңдатып менен өз үлесін дәметеді де баяғы. «Сыбағасын» ә дегеннен асата салмаймын. Бір үзім нанды қысқан қолымды жан-жаққа алып қашып байғұсты әбден әурелеймін. Хайуаннын жәутең-деген жалынышты жанары қолымның бағытымен бірге зыр жүгіргенін қызық көрем. Кейін Ақтөс қолымда нан жоқ болса да қимылымды бағып тұратын болды...

Арада отыз жыл өтті. Қызмет бабымен бір шенеуніктің кеңсесіне бас сұктым. Сәлемдескеннен кейін қолымды қалтама салып едім, жас жігіттің жанары жалт етіп саусақтарым сүңгіген қалтама барып аялдады. Біраз уақыттан кейін қаламсабымды алмаққа төс қалтамды қарманғам. Шенеуніктің жанары жалт етіп тағы да үйреншікті әдетін қайталады.

Сыртқа шыққан соң қасымда бірге болған жолдасым:

- Сүйек-саяқтан дәметіп, жаман үйретіп қапты ғой байғүс бала. Бұралқы иттей жәутеңдеп қолыңа қарағыштай береді екен, деді, шенеуніктің қылығын жақтырмай.

Осы кезде Ақтөстің жәутеңдеп қолыма карағыштай беретіні есіме сап ете түскені. О немені жаман үйреткен мен едім. Ал мына жап-жас шенеунікті жәутендетіп қойған кім болды екен? Қарабай қоғам ба, Сарыбай қоғам ба?!..
АВТОНОМИЯ...
Бір көзін шел басқан бетпақ шал өзінен өзі өзеуреп отыр. Осы қызылкөз туралы «қала көшелерінің жартысына жуығының атын ала-шапқын боп жүріп өзінің ата- бабаларына алып берді» деген жағымсыз әңгіме жиі-жиі айтылады. Кейбіреулер, тіпті, көзіне шұқымаса да «бәленбай батыр, түгенбай болыстың бәрі тек қана осы қызылкөздің ата-бабаларынан шыққан екен да жүдә» деп мысқылдап, сыртынан мырс-мырс күліп жүр. Бірақ туған- туыстарының қолтығына су бүркіп, «үрит, соқтырып» отырған мына қитұрқысының қасында көше-мөше, ауыл- пауылыңның аттары жіп есе алмай қалғандай.

- Біздің атамыздың ұрпағының саны қазірдің өзінде қазақ халқының тең жартысынан асып кетті. Мынау таудың ар жағы мен бер жағы, анау жыңғылды-жүзгенді жалпақ дала түгел біздің жеріміз. Біздің ата-бабамыз....

Бетпақ шалдың жылдан-жылға асқынып бара жатқан рушылдық ауруына арқасы ұстап, шекесі тырысып жүретін көкем оның дәл осы жолғы жарапазанына күйіп кетті-ау деймін:

- Ой, оттаған аузыңды... Онда үкіметке хат жазып, ата- бабаларыңның бықып жүрген үрпағына автоноимия сүрамайсың ба? Аз қазақтың баласын алалаған сендейлерге жетпей жүргені енді Елбасынан автономия сүрау еді, - деп, әлгі басы қалт-қүлт етіп, көзі алақ-жүлақ еткен бетпақ шалды мәнерлеп тұрып бір боқтады да кете барды.

Қызылкөз аузы аңқиып, сілекейі шүбырып, омалып отырды да қалды.
АҚЫЛБАЙДЫҢ АТЫ
Ақылбайдың атында мін жоқ. Кінә қожайынында. Оң қолымен қамиы ұрса, сол қолымен тізгінді тартады. Сосын ат байғұс амал жоқ бір орнында айналшықтай береді, айналшықтай береді. Жануар кейде көзі алайып көткеншектеп те кетеді.

Ақылбайдың аты мен біздің тіліміздің тағдырында өте ұқсастық бар.


КӨЛЕҢКЕ
«Көлеңке» деген сөздің өзіне де көлеңке түсті. «Көлеңкелі экономика», «көлеңкелі бизнес», терезесін көлеңкелеген көліктер....

Кұнге шағылысқан айнадай (көлеңкелі) әйектердің ар жағынан сұғын қадап тұрған кім? Қарауылға алған қанішер ме? Әлде ақ ордаңның астынан ор қазуды ойлаған опасыз ба? Жұмбақ...

Парламенттің дастарқанынан дәметкен бір шұнақ құл көзін көлеңкелеп елге келді. Қап-қара көзілдірік жалпак бетінің жартысын жауып жатыр. Көлеңкеленгендерден

зәрезап болған жұрт аясын ба, оның аялдамаға жапсырылған табақтай суретінің бетіне «көзіңді көлеңкелесең де көкейің белғілі ғой, кәззәп!» деп, шимайлап кетті.


ҚАЗА ТУРАЛЫ АЗА
ТАЛАНТТЫҢ дәмі таусылды. Бірақ таланттар ауылының төрін жайлаған Құзғындар мұны көп қазаның бірі деп қабылдады. Сықсыңдағансығанымен «қызыл көз бәледен құтылдық па, жоқ па» деп қуанғандай қаламгердің туған- туысқандарына көңіл айтып, қазанама беруге де кісіліктері жетпеді.

ШЕНЕУНІК қаза болды. Шенеуніктердің төрінде отырғандар мұны орны толмас өкініш деп қабылдады. Азаматтың атын көзден кетсе де көңілден кетпейтіндей ғып ақтық сапарға қарақұрым халық болып шығарып салды. Ақ жамылып, әруаққа айналған марқұмның артындағы жылап-еңіреп қалған мүмкіндерғе осы ақиқи көңілден артықтың керегі де жоқ еді.

** *
Талант... Тайқымаңдайлардың төрінде жамбастап жатқандардың арасынан қаламгердің қазасына состиып үш адам ғана төбе көрсетті. Ауыр қазадан хабарсыз қалып, талантты ұлдың дүниеден өткенін бірнеше күннен кейін естіген есті кісілер жағаларын ұстады. «Ау, неге хабар бермедіңдер? Ол осы өңірдегі Азаматтық үні мен Ұлттық мені бар аздың бірі емес пе еді...»

Бірақ бұл нала-өкінішке «Талантбекті жерлеп келдік» деп, түк болмағандай қара шайын сораптап отырған салпы еріннің қап-қара беті бүлк етпеді.




ҮШІНШІ БӨЛІМ

Ертегілер

.

КҮНГЕ ҒАШЫҚ ӨЛКЕДЕ


Ертегі – хикаят
БІРІНШІ ТАРЛУ
Көкжасыл көркем өлкедегі қуаныш. Күн Ана! Қызыл шатырлы үй. Әлімбек атасы күшігінің атын неге Ақпарақ қойды екен?

Қарақтарым!

Біз баян еткелі отырған бұл көкжасыл көркем өлкеде мейірімді Күн-Ана ұйқысынан оянып, сонау көз ұшындағы Аждаһа жыланша жон арқасын күжірейтіп, қарауытып жатқан биік қырқадан алтын орамалын жарқ еткізіп бой түзгенше күллі Жер беті алма ағаштың гүліндей аппақ нұрға малынып тұрып алады. Осы бір елес сынды буалдыр ақ нұрдың ішіндегі қызыл шатырлы еңселі үй мен калың талдарақтар: қара тал, сәмбі тал, қайың, қарағай, шырша бәрі- бәрі таңғы уыз тіршілікке елтіп, осылайша ұзақ-ұзақ мүлгігт тұра берер ме еді, әлде қайтер еді... Бірақ, тәкаппар Түн сұлу шымқай қара түсті сылаңнан тіккізіп киген көйлегінің. етегін шұбатып, сонау батыстағы қырдың арғы беткейіне барып көзден ғайып болған сәттен бастап, әлгі қызыл шатырлы еңселі үйдің ауласындағы жүні парақтай аппақ, тұмсығы мен көзі ғана мойылдай қап-қара күшік шәу-шәу үріп, Қызыл Айдарлы Кербез Әтеш өңешін жырта қиқуға. басып, бәрекелді, жасыл жапырақтан мақпал шәлі жамылған талдардың бұтақтарына қонақтаған шымшықтар бір-біріне жамырай жар сала шырылдап, айналаны қызықты думанға толтырды. Бұл, әлбетте, олардын мынау тып-тыныш таң әлетіндегі сәби кейіпті бейкүнә әлемге тағы бір жып-жылы шуаққа толы жарық сәулені аман-есен жеткізген Күн-Анаға деген қошуақ көңілдері болатын. Таңғы тылсым тыныштықта қоңыраудай сыңғырлап, ауыл үстінен аса, түу-түу алысқа естіліп жатқан осынау ерекше қуанышқа мелдектеғен шат-шадымен үндер көнілің қытықтап, қарадай елітіп кете ме, кім білсін, келесі сәтте Күн-Ана: «Менің кішкентай ғана балапандарым-ау, бір түн көрмегенге бола сонша сағынып калдыңдар ма?!» деп, емірене тіл катып, бал-бұл жайнаған сұлу жүзін балаларынан жасыра берудің енді асылық екенін ұққандай әлгі Аждаһаға ұксас сұсты қырқадан жарқ етіп толық бой көрсететін. (Қарақтарым, егер сөзіме мұқият құлақ койып отырсыңдар, онда мына ертегішінің өзі қайта-қайта «көркем» деп, «көкпеңбек» деп, тамсанып отырған осынау шынында да ғажайып өлкедегі күншығысты көл-беп, төңкерілген астаудай тып-тыныш жатқан қырды қайдағы бір азуы алты күлаш Аждаһаға теңеп, неменеге үрейімізді ұшыра береді деп ойланып қалатындарың кәдік. Мен де оны бекерден-бекерге еске алып отырған жоқпын, бұл бір ұзақ әңгіме. Сәтті уақыты соққан кезде ол туралы әлі егжей-тегжейлі баяндап беремін). Сол сол-ақ, жарқ еткен көз қарық-тырар өткір сәуле көзді ашып-жұмғанша жалпақ жаһанды көктей өтіп, көлденең кездескен көлеңке- кедергілерден аттап, тәкаппар Түн-бикештің жаңа ғана шашылған көмірдей қап-қап қара болып сайрап жатқан ізін сүттей әппақ сәулесімен шомылдыра жуып-шайып, тәкәппар тау сілемдерінен де ары асып, төрткүл дүниені кезіп кете баратын....

Ә-ә, айтқандай, біз баян еткелі отырған бұл көкжасыл көркем өлкеде Күн-Ана осылай бой көрсетті дегенше бітті, сен кірпік қағып үлгергеніңше оның зымыран құстың жылдамдығындай үшқырлықнен сонау зеңгір көкке барып қалай тез конақтай қалғанын аңғармай да қаласың. Қожайындары Әлім-бек карияның шығыс көкжиекке мезгіл- мезгіл қолын күн сала қараған сайын, өзіне-өзі «Жарақтық Күн Ием ұясынан арқан бойы көтеріліп қалыпты ғой» деп, шүкіршілік ететін өзіне ғана тән «ұзындық өлшемінің» бойымен бір пәсте зыр ете түсер еді...

Қош, сөйтіп Күн-Ана көкке түгел иелік қып, бүкіл әлемге шекесінен қараған кезде бойына сенген көп қабатты үйлер мен аспанмен таласқан тәкаппар теректердің мен-менсіген көлеңкелерінің құтты қашып, қайда тығыларға білмей сасады әуелі. Көлеңкелердің өзі бүйтіп пұшайымен халге тап болып жатқан кезде, әлбетте, жан-жануарлар да баспана іздеуге кірісетіні хақ қой, Солардың бірі — Ақпарақ.

Ақылдылығымен һәм айналасындағы басқа тіршілік иелеріне деген артық-ауыс жамандығы жоқ момындығымен сүйкімді көрінетін күшік - Ақпарақтың мекен-жайы қызыл шатырлы еңселі үйдің ауласының қақ төрінде. Ақпарақ осы мекен-жайының есігінен басын шығарып, жерге жабысқан бәкене табалдырығына иегін сүйеп мызғығанды ұнатады. Бірақ, көзі жұмулы болғанымен, көңілі ояу. Құлағы-тыныс тіршілік-те! Әлдеқайдан біреу сырт еткізіп сіріңке тұтата қалса да қос құлағы едірейіп, орнынан ұшып түрегеледі. Ересектердің көбі-некей өз іс-әрекеттеріне есеп бермейтіндегі бар ғой.

Атын о баста неғып Саққұлак деп қоймаған десеңші! Бірақ, қожайыны ғой Ақпарақ деп еркелетіп жүрген. Сірә, күздігүні жусанның басына түйдектеліп жабысып тұратын, болмаса көш-құлаш болып шұбатыла қалқып жүретін мизам сықылды мақтадай ақ ұлпа түсіне бола атын Ақпарақ қойған болар....

Бәрекелді, сонымен Күн-Анамыз шашақтары алтыннан өрілген сап-сары жібек орамалын жарқ еткізіп көк зеңгіріне барып аялдағнда ақылы асқан Ақпарағымыз өзінің бағзы машығына басып үйшігінің есігінен алдыңғы екі аяғын сыртқа көсіп жіберіп, иегін тізесінің үстіне төсеп, мау-жы- ра-а-ап жатыр еді. Ол осы маужырап, мүлгіген қалпында- ақ үйшігінің үстінен көлеңкенің асығыс аунап түсіп, тал- дарақтардың қалың жапырағының астына қашып барып тығылғанын сезді. Енді Ақпараққа да тез түрегеліп, үйшігінің түкпіріндегі салқын сызға бауырын төсеп, тәтті ұйқысын одан әрі жалғастыра беруіне болғандай еді. Бірақ, ол жарқ ете түскен өткір сәуледен жасқанып кірпігін жүма түсудің орнына, ұшып түрегеледі, әлгі үйшігінің түкгііріндегі салқын сызға бауырын төсеп рахаттанудың орнына, қос құлағы едірейіп сыртқа шығады...

Міне, Күн-Ана көкжасыл көркем өлке иелеріне осылай армысыңын жолдап, ал Ақпарақ үйшігінен керіле бауыр жазып, тысқа иыққан сәттен бастап кым-қуыт тіршілік те жанданып жүре беретін. Ал іліктін басы, әлбетте, Қараладан пығады...
ЕКІНШІ ТАРАУ

Тәкаппар Шәргез Қараланың қылығын-ай. Көкжасыл көркем өлке не деген ғажап еді. Қарлығаштарға не керек?

Ақпарақ ауланың қак төріндегі үйшігінің алдында, өзі- мен өзі ертеңгілік дене шынықтырумен әуреленіп жатқан. Бір, екі, үш... бір, екі, үш...

Бәрінен де құлақтары селтендеп ауланың ішін айнала шапқылап алғаны қызық. Осы кезде әлдене жұмсақ пырылдап мұның үйшігіне сүйкеніп өте берген. Өзінен-өзі танаурап, аулапы айналып шапқылаймын деп таңғы астарын алдарына алып, қуаныштан қыт-қыттап жүрген мекиендері мен сирақтары сыйдиған шөжелерінің тәбетін бұзғаны үшін кербез әтеш - Қызыл Айдардан ескерту алып қалған Ақпарақ ентігін әзер басып, дыбыс шыққан жаққа жалт қарады.

Біреуге тиісіп, сүйкенбесе жүре алмайтын Шәргез Қарала екен. Осы ауланың қожайынымен бірге ас ішетін жалғыз өзі болғанын бұлдай ма, жалғанның тәкаппары өзі. Қашан көрсең де көзін сығырайтып, біресе терезенің алдында, енді біресе күншуақтағы емен орындықтың үстінде бүк түсіп, мүлгіп отырғаны. Аяқтарын олай бір көтеріп, бұлай бір көтеріп, асқан кірпияздықпен бауыр жүнін сылап-сипалап, ертеден кара кешке дейін кайта-қайта жуына беретінің қайтерсің тағы!...

Ақпарақ ауланың ортасымен өзінен басқа мұқым дүниеге менсінбей, керенау көз тастап, көлбей өтіп бара жаткан Шәргез Қаралаға құлақтары селиіп қарады да қалды. Қараланың боса да мұнда шаруасы жоқ Аяқтарын еппен көтеріп құрғақ жерді, жаңа ғана жаңбыр жауып өткен, қағуылдап қана басады. Табанына ілкіде бір жабыса қалған лай болса жақтырмай, аулақтата сілкіп тастайды. Мұндай кірпияз болар ма?

Ақпарақ жымың ете қалды. Есіне, өткенде Қараланың осы маңғаздығының салдарынан Қарлағаштарға таланып қалғаны оралған.

Ой-хой, дүниеай, десеңші! Өзі көкжасыл көкркем өлке болса, оған көктемнің келуі мүлде ғажайып қой. Ертегіші оны майын тамызып баяндап, ақындар оның бар бояуын жоғалтпай мөлдірете жырлап бере алар ма екен, сірә?!..

Ақпарақтың білетіні: қожайынының қызыл шатырлы үйінің ауласына бір жаңа леп, жаңа тыныс келгенін сезгендей болған. Жер-Ананың тәні бусана жіпсіп, таңертең тұрып қарасаң көкмайса шалғынның сабақтарына шық тамшылары мөлт-мөлт етіп тұнып тұратын. Құрт-құмырсқалары да жан-жағына баспалай қарап, індерінен шығады. Таңғы ауаның кәусар лебіне мас болып, бақтың көз көрмес бір бұрышына қонақтап алып, әуезі үнін қызыға қайталап, тамсанып отыратын құмыр көмейлі Көкектің сазын айтсаңшы, шіркін!...

Міне, тап осы кезде бұл өлкеге жұбымен жарасқан Қарлығаштар да келіп жеткен. Қарлығаштар келген бетте үйдің боғатындағы былтырғы ұяларын қайта жөндеп, болашақ тұрмыстарына қам-қаракет жасай бастады. Олардың тыныс-тіршіліктерінен Ақпарақ та көз алмай, бейкүнә, момын көршілеріне іштей тілектес болып жүретін. Бірде, ымырт жабыла екі мұңлықтың өзара: «Жұмыртқаларымыз жарылып қалмас үшін мамықты қайдан табамыз?» деп кеңесіп отырғанын құлағы шалып қалды да, шапқылап отырып Қаралыға келді.

- Қарала, сөзіме құлақ сал, - деді Ақпарақ танаурап. Ақпарақтың басқаларға ұқсамайтын бір мінезі, ақкөңіл батырлар сияқты аңғал еді. Аңғалдығы сонша, өзі ойлаған қандай бір игі іс болмасын жұрттың бәрі қуана құптап, келісе кетеді деп сенетін.

- Иә, ол неғылған мәселе таң атпай тыныиыңды алып, тағатыңды тауысып бара жатқан, - деді Қарала пыр-пыр етіп. Демек, жақтырмағаны.

- Естіген жоқсың ба?... Қарлығаштар келді ғой!

- Келсе қайтейін. Екеумізді сағынып, емешегі езіліп отыр ғой дейсің бе?

Ақпарақтың аптыққан көңілін Шәргез Қараланың маңызсыған осы сөзі-ақ су сепкендей басып тастаған. «Айтсам ба екен, айтпасам ба екен?»

- І-і-ім, білесің бе, Қарала, жақында олар ұя баспақшы. Соған...

- Немене соған? Жұмыртқаларын басып бер деп отырсың ба маған?

- Қарала, мен саған өйт деп тұрған жоқпын ғой. Сен қазір түлеп жүр емессің бе? Әр жерге жабысып қап жүрген сол мамығыңнан Қарлығаштарға... біраз қарассаң демек ем.

- Мияу! — Қарала баж ете қалған. - Жомарт болсаң өз жүніңді жұлып бер! Ал менің тастайтын мамығым жоқ! Өзің білесің қожайынның үйі болса да суық.

- Қап, енді қайттім! Сені бір шөкім мамыққа бола сарандық жасай қоймас деп ойлап едім. Ал мен түлегенше қай заман...

- Жә, жә, бос сөзбен басымды қатырма! Мейірімді екенсің өзіңнің құйрық жүніңді жұлып бер!

Ақпарақ намыстанып қалды. Өйткені, оның құйрығы шолақ болатын. Қарала қу соны меңзеп, мазақ қып тұр.

- Жарайды. Ақылың кірген күні осы қылығың үшін әлі- ақ бармағыңды тістейтін боласың!

- Пішту, маған ақыл үйрететін кісінің түрін қара!

Ақпарақ сөз таластыра бергенді бойына лайық көрмей,

тілі удай Қаралаға тай берген. Ол да Ақиарақтың әр қимылын аңдып, сақ түр екен сол заматта-ақ биік теректің басына өрмелеп шығып кетті.

- Абай бол, ендеше, Қарала! Берсең-қолыңан, бермесең -жолыңан апамыз мамығыңды!

Қарала жауап орнына «мияу» деп, түмсығын тыржита айбат шекті де, әп-сәтте зау теректің бүтақтары арқылы шатырдың үстіне пығып, зым-зиы жоқ болып кетті.


ҮШІНШІ ТАРАУ
Қызыл Айдар да шікірейе қалыпты. Қарлығаштар

Шәргез Қаралаға неге шүйлікті?

Сол жерде Қаралаға әбден ыза болып, ренжіп кеткенімен былай шыға бере Ақпарақтың алды дауыл, арты шуақ откінші жауындай ашуы тарқады да кетті. «Енді не істеу керек? Кімге барып ақылдасқаны жөн?» Ал Қарлығаштарға мамық ауадай қажет. Өйткені, олардың жұмыртқа басатын мезгілі әне-міне дегенше жақындап қалатын түрі бар. Ау, айтпақшы, Қызыл Айдарға барып жағдайды айтып, түсіндіріп көрсе қайтеді? Мекиендерінің бір-бір ұлпасын сыйламас деймісің! Ең бастысы бұл мамықты өзінің қарақан басының қамы үшін сұрап жүрген жоқ қой.

Ақпарақ ауланың бір бұрышын жайлап жатқан Қызыл Айдардың патшалығына қарай аяқ басқан. Көкейінде «Патша-сынып паңданар болса да Қызыл Айдардың алдынан өтіп көрейін. Ошарлы жанның бас иесі ғой, түсінер» деген ой, ниет баяғы.

- Ассалаумағалейқүм, ақылы айбатына сай, аса көрікті алдиярымыз Қызыл Айдар хан! Күн сәулетті патшалығыңыз һәм сүлу бибілеріңіз бен шөжелеріңіз сау- сәләматта болсын!

Бір аяғын бауырына тығып, кірпіктсрін ашып-жұмып, әскер басыдай оқшау биікте серт түрған Қызыл Айдар Ақ- параққа: «тағы да тынышымды алуға келдің бе?» дегендей, қабағынан қар жауып, шүйліге карады. Бірақ, Қарлығаштардың шарасыз халін ойлаған Ақпарақ Қызыл айдардың қаһарынан қорыққан жоқ. Өзінің салтанатты мақамын жалғастыра берді.

Қызыл Айдардай кекірейген, кербез патшаны бір жеңсе, оны қызылды-жасылды бояуға малынған қанатындай сұлу сөзбен ғана жеңетіні хақ.

- Датым бар, тақсыр! Егер, мейіріміңіз құлап, «дат» десеңіз, баян етейін.

- Айт, датыңды! Бірақ, қысқа сөйле! Қызыл Айдар бауырына тығып тұрган сирағын баппен жерге тіреп, қызыл- ала қанаттарын сатыр-сұтыр еткізіп қағып-кағып жіберді.

- Сөйлесем, сонау алыс қиырлардан өлкемізге бейкүнә Қарлығаштар пана іздеп, ұшып келіп жатыр. Солардың бір жұбы жылдағы әдетінше біздің қожайынның босағасына келіп қонақтады. Жайқында ұя баспақшы. Соған ұябасар Қарлығаштың бауырына жұмсақ, жылы болсын деп...

- Сөйлей бер...

- Соған... Қаралаға барып, ақыры түлеп жүрсің ғой. Қарлығаштарға мамығыңан қарас деп едім, көнбеді. Қайта өзімді мазақ қылып, қашып кетті. Енді Сіздің патшалықтан бір шөкім мамық табылар ма екен деп келіп тұрмын.

- Хоқ, хоқ, хоқ... Мамық Қаралаға керек болғанда, маған адыра деп көкіп жүрген кім саған!? Жоқ, бере алмаймын, мамық менің шөжелеріме де керек! Қысқа біз де қам жасағалы жатырмыз...

Қызыл Айдардың мақамынан оның бұдан арыға соз шығындағысы да келмей тұрғанын түсінген Ақпарақтың салы суға кетті. Үйшігіне келіп бүк түсіп, жатып қалды. «Апырай, бұлардың бәріне не болған? Қарлығаштардың да қас қылғандай мұның түлейтін кезіне тап келмегенін көрдің бе?»

Қамығып жатып көзі ілініп кеткен екен, Қараланың баж ете түскен ащы даусынан шошып оянып, орнынан атып түрегелді. Оған деген бағанағы ашу-ызасын ұмытып кеткен. Оны айтасың мешкей мысық мекиендердің дәмі тіл үйіретін жұмыртқаларынан дәметіп, қаһары қатты қанатты патшаның кәріне ұшырап қалса, көмектеспек те ойы бартұғын. Сөйтсе, мына қызықты қараңыз! Басқа жер жетпегендей кең ауланың қақ ортасында «мені көрдіңдер ме» дегендей көсіліп жататын Қарала от басқандай орнынан ұшып тұрып, баж-баж етеді. Сол кезде барып байқады: Қаралаға шүйлігіп жүрген Қарлығаштар екен! Екеуі екі жақтан жебедей зуылдап келген бойы көз ілеспес шапшаңдықпен Қараланың арқасындағы қобырап түсіп жүрген жүнін іліп алады да, аппақ, омырауын жарқ еткізіп көкке қайта самғайды. Ондайда бопыраған түге-түге жүнді іліп әкетпекке әрекеттенген Қарлығаштардың өткір тұмсығы Қараланың денесіне қаттырақ батып кете ме, мы-секеңнің әшейінде күжірейіп жүретін жон арқасы кайқаң ете қалады. Мұртын тікірейтіп, айбат шегіп, азу тісін Қарлығаштарға білеп-білеп қояды. Бірақ оған үрке қоятын Қарлығаштар қайда, шықылықтап Қараланың төбесінде ойнақ салып жүр. Ақпарақ аң-таң Мына тосын оқиғаға сенерін де, сен- бесін де білмейді. Ақыры Қарлығаштардың батырлықтары балалардың ерке қылықтарын есіне салған да, сақылдап тұрып күліп жіберген. Ақпарақтық көңілді күлкісін құлағы шалып қалған Шәргез Қарала Қарлығаштарды тастай бере бұған қарай шапшысын. Ызадан екі көзі шоқтай жайнайды.

- Әп, бәлем, сен екенсің ғой шағыстырып жүрген!

Ақпарақ та шалт қимылдың иесі еді. Әбжіл өрекетке

икөшіп, қорғанып үлгермегенде тап сол жерде беті Қараланың нысанасына айналып, қан жоса болары хақ тұғын. Әйтсе де Ақпарақ әп-сәтте болып өткен оқиғадан ес жиып:

- Әй, Қарала, бері кел! Менің бұл оқиғаға қатысым жоқ,

- деп айғайлағанша ол қалың жоңыршқаның арасына зып берген. Әшейінде бойындағы бар маңызы сонда тұрғандай желпуішше бұлғап-бұлғап қойып жүретін ұзын кұйрығын бұ жолы аспанға тік шаншып алыпты.

ТӨРТІНШІ ТАРАУ

Тынымсыз-Тышқан Қызыл Айдардың патшалығынан не көрді?

Қарлығаштар қандай аяулы қүстар! Ақпарақ та тым ақкөңіл-ау...

Қызыл шатырлы еңселі үйдің бұрышына жапсарластыра соққан сенектің іші әсет-шілденің өзінде денеңді тітіркендіргендей салқын. Қабырғасы қызыл кірпіштен еріліп, күннің көзі түспейтін көлеңке тұсынан терезе орнына кішкене ғана саңылау шығарса, оның үстіне отқа жаға-жаға еден ағашы ада болса, салқын болмағанда қайтсін енді. Әдетте, мұндай сенектердің ішіне ескі-құсқы заттар тән. Сондықтан олардың бәрін жіпке тізіп, санап жатпаймыз.

Тынымсыз Тышқан бүгін осы сенектің ішінен тамағына талғажау қыларлық ештеңе таба алмаған соң есіктің табалдырықпен қиюластан жеріндегі тесіктен баспалап далаға шықты да, Қызыл Айдардың патшалығына қарай жорытты. «Жүргенге жөргем ілінеді» дегендей, ылғи аста-тек болып жататын Қызыл Айдардың патшалығының маңайынан бір-екі түйір дән табылып қала ма деген үміт те баяғы. Бірақ Қызыл Айдардың патшалығына тұмсық тірей бергені сол еді, Қызыл Айдар кеудесін керіп, өткір тырнақтарын шеңгелдеп дәл желке тұсынан төніп келді де: «Хок, хоқ, хо-оқ!...» деп бар даусымен қиқуға баспасы бар ма! Аяқ астынан тап болған Қызыл Айдардың қаһарынан иманы қасым болып, зәресі зәр түбіне кеткен Тышқан өзінің кері қарай қалай құстай ұша жөнелгенін білмей де қалды. Тек сенектің түбіне келгенде ғана өзін күштеп тоқ-татып, ентігін басты. Сөйтсе, соңында әні-міне дегенше үстап алатындай болып білегін сыбанып, әлекедей жалаңдап келе жатқан қуғыншы жоқ екен. «Ұят-ай! Әсіресе, мұны Қарала ести көрмесін!»

Әйтсе де Тынымсыз-Тышқан қарап тұрмады. Ол енді Қызыл Айдардың патшалығына алыстан дүрбі салып, маңайындағы кауіпті-ау деген қалтарыс-бұлтарыстарды бір шолып шықты. Жок, көңілге қорқыныш ұялататындай күдікті ештеңе байқалмайды. Дүрс-дүрс соққан дыбыс та өзінің алып-ұшып тұрған жүрегі екен. Бірақ «қорыққанға қос көрінеді» дегендей, Тышқан дүрбінің әйнегіне бәрібір байыз тапқызар емес. Дүрбінің ұңғысындағы шыныдан алдарына шашқан дәндерді асықпай шоқып жүрген мекиендер мен астау орнына қойылған ернеуі кетік ескі табақтағы шөп-шалам аралас суға тұмсықтарын батырып, шөл басып жатқан шөжелерді көргенде Тынымсыз -Тышқан тамсанып-тамсанып қойды.

«Ой, мынау кім? Ақпарақ қой! Бүл қайдан жүр мұнда? Өзінің жүзі сынық, қабағы салыңқы ғой жүдә. Әшейінде, сел-тиіп, өзін сүйкімді көрсетіп тұратын құлақтары да салпиып қалыпты».

Тышқан дүрбісін жылжытып, басқа «қарауыл» іздеді. «Ә-ә, енді түсінікті болды. Қызыл Айдар екен ғой қоқиланып тұрған. Қызық, оның алдында айыпты болатындай Ақпарақ не жазып қойды екен? Жоқ, Ақпарақ керек десең, тұмсығына қонақтап, мазасын алған шыбын екеш шыбыңды да қаппайды.

Ән-нә-ні қара, әтешпісің деген, қолын сермеп-сермеп қояды өзі Ақпараққа. Қой, мынаңдай жаңалықты естімей құр қалғаным болмас. Неде болса жақынырақ барып тындайын. Нартәуекел!»

Тынымсыз-Тышқан дүрбісіп иығына іле салды да, таса-тасамен бұқпантайлап жүгіре жөнелді. Ол сарайдың жанына ентігіп жеткен кезде манағы біз әңгіме етіп кеткен Қызыл Айдардың қаһарына мініп тұрған кезі болатын. Бұл оқиға сендерге белгілі болғандықтан тоқ етерін бір-ақ айтайын.

«....Сөйле, тобық жұтқандай неғып түйіліп калдың?

Қызыл Айдар кеудесін керіп, олай-бұлай ойқастап, Ақ- параққа шекесінен қарайды. Дүрбі алдамапты-Ақпарақтың жүні жығылып, мұңайып қалыпты. Үні де пәс.

- Содан... Қаралаға барып, ақыры түлеп жүрсің ғой Қарлығаштарға мамығыңннан қарас деп ем көнбеді. Енді Сіздің патшалықтан бір шөкім мамық табыла ма екен деп келіп тұр-мын.

- Хок, хоқ, хоқ.. Мамық маған адыра деп көкіп жүрген кім саған? Жоқ бере алмаймын...»

Тынымсыз-Тышқан Қызыл Айдардың бүдан арғы сөзін шала-шарпы тындаған. Өйткені, өзінің ата жауы Қараланыңда, бұлардың көкжасыл көркем өлкесіне жыл сайын сәуірдің соңын ала ұшып келіп, боғаттағы ұяларына қонақтап, шүйіркелесс ме кім білсін, дауыстарын мың құбылтып, түтін түтете бастайтын скі Қарлығашты да жақсы білетін. Бұрышта жатып алып Қарлығаштардың моншақтай қап-қара көздеріне, тамақтарының астындағы мойындарын бұрған сайын мың сан түске боялып, көздің жауын алатын қызыл қоңыр мамығына, одан соң аспандағы қазбауыр бұлттарға ұқсас аппақ бауырына сүй-сіне қарағаннан бір жалықпайтын. Екеуінің құдық басындағы лайдың шетіне бауыр төсеп, одан балшық аралас шөптің бірер тал сынығын тұмсығына іліп алып тыным таппастан отауларының қабырғаларын жөндейтұғын еңбекқорлығы да, таңғы һәм кешкі тымық ауада жоғары-төмен құлдырай ұшып, бір-біріне еркелеп, асыр салатындары да жарасымды емес пе? Әсіресе, татулықтарын айтсаңшы, татулықтарын!

Тышқан өзінің қалай күрсініп жібергенін байқамай қалды. Шіркін, осыны Қарала неге түсінбейді екен? Қашан көрме, өзінен кішіге де, үлкенге де көз алартып жүргені. Онымен қоймай, қыбын тауып тырнақ батырып алатынын қайтерсің. Өзін қойшы, Тышқан тағы да ауыр күрсініп қойды, мұны ол көзі шалған заматта-ақ тарпа бас салуға бар. Ал оның Ақпарақты жек көретін қай жөні бар? Сондай аяулы, ақылы асқан күшікпен күндес болатындай не жетпейді десейші өзіне!

Ақпарақ та ақкөңіл. Әйтпесе, Қараланың мінезіне сырағалы болатын кезі болды ғой. «Мамығыңнан қарас...» деп, жетіп барыпты. Ау, тоқта, осы мамыктың Қарлығаштарға не керегі болды екен сонша? Әй, бірақ Ақпарақ алаңдаса тегін болмағаны ғой. Қой, мен мұны Оқымысты-Тотықұстан сұрайын. Бұл жұмбақтың шешуін бір білсе, сол Оқымысты

— Тотықұс біледі. Тышқан қожайнының салқын сенегіне қарай домаланып, жүгіре жөнелді. Қияндағыны касына әкеліп, көзіне шұқығандай ғып тұрып көрсететін дүрбісі ол секіріп-секіріп жүгірген сайын жалп-жалп етіп, жамбасын соғып барады.


БЕСІНШІ ТАРАУ
Күн-Ананың құдыреті. Алғашқы тарауда айтылған

Айдаһармен танысатын да сәт туды.

Қою қараңғылық бірте-бірте сейіліп, сәресі әлетіндегі тай қазанның түп күйесіндей қап-қара түсті бозғылт бояу алмастырды. Сол бозғылт бояудан айналаға тіршілік белгісі тарап, түні бойы көзге түртсе көргісіз «соқыр теке» қараңғылықтың құзырында демдерін ішіне тартып, тым-тырыс тұншыққан талдар бой түзеп, қолаң шаштай ұйысқан жапырақтарын самал сілікіп, жел тарай бастаған. Сонау күншығысты көлбеп жатқан алып қырдан хабарнысы-ақ самалдың желөкпе мінезі еліктірмей қойсын ба, жапырақтар да бір-бірімен жапырласа бас изесіп, өзара жарасымды бір жылы сыбырға көшіп жүре берді. Әлбетте, қанаттарын жел көтеріп, бұтақтан-бұтаққа үш-ып-қонып, дегбірсіз шырылға басқан шымшықтардың үнін естісеңдер, оны да осы таң хабаршысының сүйіншісінін шашуы деп біліңдер.

Таңғажайып таң арудың еншісіне ғана тән осынау нәзік көріністің әрбір шақышына әсем әуен тындағандай бір рахат сезіммен қанағат алып, маужырап жатқан Ақпарақ айналаға көзін төңкеріп, ойлана карайды.

Аулада тіршілік иелерінен өзінен өңге әлі қыбыр еткен жан жоқ. Қызыл Айдар, жылы төсегін қимады білем, жаңағы бір әлетте үзіп-созып таң хабарының ырымен жасаған да қойған. Қарала болса да анау еңселі үйдің ішінде, қалың көрпенің үстінде пырылдап, тәтті ұйқыны соғып жатқан шығар. Еһ, олар Күн-Ананың қадірін Әлімбек атасындай білмейді ғой.

Қожайындары күнде таң ертең төсегінен тұрып, қалқиып есігінің алдына шыққанда әуелі күнбағысша иіліп Күн- Анаға тағзым ететін. «Күн, - дейтін сосын қолтығындағы балдағына сүйеніп тұрып, — жарықтық, табиғаттың төсін емген тіршілік атаулының ортақ анасы ғой!»

Бірде терезеден түскен жарықты азсынып электр шамын жағып қойған осы әумесер Қаралаға «Бәтшағар, сенің бұл шамынның жарығы күннің қүдыретті нұрына бәрібір жетпейді! Бұдан былай бүитіп асылық мінез көрсетпе!» деп, зекіп тастағаны бар. Шыныңда жер-жаһанда Күн- Ананың сәулесінен құдыретті ешқандай керемет жоқ шығар! Иә, ешқандай жок! Егер Күн болмаса Қызыл Айдардың патшалығының да, Қара-ланың пандығының да құны көк тиын ғой.

Ақпарақ шәу-шәу үріп, қораны бір айналып келді. Аппақ нұр айналада мейлінше молайып, шығыстағы тұтасқан ақ-шабары бұлттардың етегі қызыл жалқын түске бояла бастаған. Бұл енді, әне-міне дегенше, Күн-Ана да бой көтереді деген сөз.

Түу, ендеше мынау жұрт Күн-Анамызды қарсы алмай неғып жатыр? Мақұл, Қаралаға Күннің шуағы денесін аяз қарып, тоңғанда ғана керек, ал анау Қызыл Айдарға, Тышқанға не жорық? Қожайыны Күнді қарсы алу дәстүрін боса да бұзбасы анық, өйтпесе, анау аңыз әңгімені майын тамызып айтып бермес еді ғой.

....Мындаған жылдар бұрын, кім білсін, бәлкім бсріде- ақ болар, көкжасыл көркем өлкедегі тіршілік атаулыға әмірін жүргізіп, Күннің де, Түннің де қызығын жалғыз өзі иемденіп келген бір қатыгез патшаның жұлдызы көк кеңістігін жарқырата ақтық рет жанады да, жерге қарай құлдилай ағып жөнелді. Көп ұзамай оның орнын Айдаһар сынды айбатгы патша басты. Бұрынғы қатыгез патшаның темір бұғауынан Күн-Ана да құтылды. Өйткені, әлгі қатыгез әмірші жан-жануарлар алым-салықтарын жыл сайын бір еседен артық анарын тұрмаса Күн-Ананы шынжырлап, ұясынан шығармай қоятын. Сондықтан, осы уақытқа дейін қаһарлы патшаның қысымынан әбден зәрезап болып, жүні жығылып қалған жан-жануарлардың арқа-басын бір жадыратайыниы дегендей мейірімді Күн- Ана алтындай ақсары өңі гүл-гүл жайнап, нұрын төгіп кеп берді.

Қолы кетпенге тиіп, аузы нанға жарыған жан-жануар- лардың қуанышында шек жоқ. Қуанған хайуанаттар кездескен жерінде тұра қалып Айдаһардың аманпылығы үшін дұға оқып, тәу етуді әдетке айналдырды. Олардың өз ықтиярларынан айырылғандары сонша бір-бірінен «ау, осымыз ертең өзімізге таяқ болып тиіп жүрмесін» деп, ақыл тоқтатындай халде емес еді. Қайта бір-бірімен жарысқа түсіп, Айдаһардың алдында жақсы атты көрінгісі келетінді шығарды.

Әлбетте, Айдаһар да көктен аяғы салбырап түскен әулие емес еді, оның үстіне тақтың буы бар, сондықтан өзіне көрсетіліп жатқан осынау даңқ пен дақпыртқа мас болып, елтімей тұрсын ба? Төңірегіне «көрдіңдер ме, бұл өлкеде менен өткен ақылды ешкім жоқ, бәрі менің құдіретімнің арқасы» дегендей, насаттана көз тастайтыңды шығарды. Оны айтасың, құзырындағы құлдық ұрушылардың жанарынан өзіне деген ессіз табынушылықтың ұшқынын көру оны адам айтып болмас ләззатқа бөлейтін.

Айдаһар осылайша мейманасы тасып,көкжасыл көркем өлкедегі тіршілік ислерін уысында ұстап, сән-салтанатпен дәурен сүріп жатқан. Бірде уәзірлерінің ішіндегі үндемей, көрінгеннен қауіптеніп жүретін Шибөрі топтан жырылып қалды да, мүның аяғын сүйе құлады.

- О, Алдияр хан ием, датым бар!

Шибөрінің жылбысқыдай жабысқан алақанынан жиіркеніп, қолын тыжырына қағып тастаған тәккаппар Айдаһар ақырып жіберді.

- Айт, датыңды!

- Бәрі-дағы Сіздің алтын тағыныздын, асыл тәжіңіздің түрлаулы болуының қамы, хан ием! - Шибөрі Айдаһарға жаутаңдай қараған күйі қүйрыгымен жылжып кері шегінді де, шоқиып отырды. - Көк Тәңірі куә, жан- жануарларыңыздың Сізге деген құрметін айтып жеткізу мүмкін емес. Қара тобырыңыз Сіздің басқан ізіңізді жығылып жатып сүюге бар. Бірақ... - Шибөрі жорта

мүләйімсіп, сөзінің аяғын әдейі жұтты. - Не дейсің?! Айт жылдам, әйтпесе ... әй, жендет, ал мынаның басын!

- Ойбай, тақсыр-еке, күнәһәр пендеңіздің шыбын жанын қия көріңіз!

Айтайын дегенім «іштен шыққан жау жаман» деген.Сіздің әлемге әйгілі әмірші ретінде даңқыңыздың асып тұрғанын кейбіреулер көре алмай жүр. Бұрынғы патшаның заманын көксеп, сыпсың сөз тарататын көрінеді. - Шибөрі аузындағы сөзін айтып болғанша қаһарлы патшанын кәрінен қорқып жонарқасын мұздай тер жуып кетті.

- Айт шапшаң, кім ол!? Қайдан естідің?!

Осы сауалдан қашып құтыла алмасын біліп, оған алдын- ала жауабын қанжығасына бөктеріп келген Шибөрі бұл жолы онша саспады.

- Жау алыста емес, хан ием! Иегіңіздің астында. Түстеп берсем, Сіз ұстанған сара жол ең алдымен Арыстанға ұнамай-ды. Өткенде Жолбарыс екеуі сөз қалып отырғанын өз құлағымен естідім. Ойлары - қайткен күнде де Сізді тақтан құлату...

Айдаһар аузынан от шашып, алпыс алты кез құйрығымен жерді салып-салып қалғанда жер сілкініп, тау-тас, орман-тоғай жапырылып қалды. Өзен-көлдер арнасынан асып, егіс алқаптарын шайып кетті, жануарлар ешнәрсеге түсіне алмай, у-шу...

- Жоғал, көзіме көрінбей, малғұн! Жаманат хабар жеткізген сені де аямаймын! Әй, жендет...

Айдаһардың алтын сарайынан Шибөрінің шыбын жаны шырқырай шықты.

Төтеннен келген бұл нәубеттің алдында ақылды Арыстан да, алғыр Жолбарыс та төтеп бере алмады. Ертесіне қызыл киімге оранган жендеттің қан сасыған шөркесінің екі жағында екі арыстың басы денесіз домалап жатты.
АЛТЫНШЫ ТАРАУ
Ақ шашты әзіз Әулиенің шарты.

Ұйқыға кеткен Айдаһар қайтадан оянып кетпей ме?

Екі бірдей сенімді ақылшыларының асыл текті патша ағзамға деген «қаскүнемдіктер» әшкере болып, бастары алынғаны жайлы окыс оқигадан кейін жан жануарлардың санасын қайғы бұлты торлап алды. Арыстан мен Жолбарысты «ақ еді», «обал болды» деп айтуға ешқайсысының да дәті жетпеді. Дәлірегі, бұрын жан-жануарлардың Айдаһарға деген құрметінен шынайы сүйіспеншілік лебі есіп тұрса, ендігі құрметтің астарында «пәледен машайық қашыпты» дегендей, тылсым үрей бар-тұғын. «Біреудің жаманаты-біреудің қанағаты» болған заманда бұған, әсіресе, Шибөрі тектестердің айызы қанып, құдайлары берді де қалды. Олар ұзында өші, қысқада кегі бар біреуді көрсе бітті «міне, мынау ақылы асқан айбатты патшамыз Айдаһардың атақ-абыройына дақ салатын ғайбат сөз айтты» деп, сырттарынан тұзақ құрып жатты. Топырлап дарға астырды. Жан-жануарлар өлкесі қан сасыды. Көк майса қурап, жапырақтарынан айрылған ну орман арса- арса болып, Алла тағаладан сауға сұрауға көшті. Өзен -көл суалып, жер қақ-қақ айырылды. Жан-жануарлар біткен талғажу қыларлық тамақ таппай туған өлкелерін тастап босып кетті....

Не істерін білмей сасқан жан-жануарлар амалдары таусылған соң небір жын-перілерді аузына қаратып, құрдай жорғалататын, тіпті қалса қара тасқа айналдырып қалшитып қоятын сиқыршы-әулиеге барып жалбарынды. Сонда Әулие ойланып отырып былай деген екен.

- Иә, Айдаһар осал жау емес. Ол өзінің қара басынан басқа біреуді мынау да мен сияқты тіршілік иесі-ау деп аяған емес. Жер-Ана үшін мұның қауіпі өте зор. Өйткені, оның бойындағы осы менмендік ұрығы бүгінде жәми тіршілік иелерінің бойына жайыла бастады. Олар да кәзір бір-біріне өктемдік жасап, бір-бірінен бақталайын асыруға құмар.

Сондықтан, ей, менің бақытсыз жан-жануарларым, талаптарынды орындамас бұрын сендерге қояр шартым бар.

— Айтыңыз шартыңызды, - десті, жан-жануарлар күңірене шулап.

- Оңай шарт қояды екен деп ойламаңдар. Асықпай ақылдасып алғандарың жөн.

- Не де болса көндік, Әулием!

- Әбілет басқыр Айдаһардан құтқарсаңыз болды, әй- теуір....

Әулие отқа ұмтылған ессіз көбелектей алдыратын ойла- майтын тобырға қабағын түйе қарап, қолын сермеді.

- Жә, олай болса, сөзіме мұкият құлақ салындар. Бүгіннен бастап бір-біріңе көз алартпай, ауызбірлікті, ынтымақты боласыңдар. Екінші - мынау аспан асты, жер үстінде біреудің басына қайғы бұлты төнсе, соны «ол жаттың басына түскен кайғы-қасырет» демей, ортақ қасірет деп қабылдайсыңдар. Өйткені, мынау Домалақ Жер, Домалақ Күн тіршілік атаулы-ның - Анасы! Домалақ Шаңырағы...Домалақ Бесігі!

Жан-жануарлар Әулиенің талабы мұндай оңай болар деп ойламаса керек, шулап қоя берді. Әсіресе, Қасқыр:

- Ой, бар болғаны осы-ақ па? Ха...ха... Бір-біріңмен дос болыңдар дейсіз ә, мініки, достық құшағымыз қазірден ашық. Әй, Қыли, қайдасың? - деп, көлеңкесінен қорқып отырған Қоян байғұсты өзеуреп шақыра бастады.

- Енді үшінші шартымды тыңдандар! Мен бүгіннен бастап Айдаһарды оқып, ұйықтатуға кірісемін. Ол сиқырлы дұғамды оқыған сәттен бастап, қалғи бастауға тиіс.Көзін мәңгі бақи жұмғызсам да болар еді. Бірақ, мсн сендерге сенбеймін. Оған анау қырғынға ұшыраған жәмиғаттарыңның рухы куә. Сондықтан, үшінші шартымның серті өздеріңнін пиғылдарыңа байланысты болмақ. Яғни, жоғарыдағы екі шартты бұл-жытпай орындайтын болсаңдар Айдаһар мәңгі бақи көз жұмады. Ал зұлымдық тәңірі мәңгі бақи көз жұмған кезде жср бетінде Қасқыр мен Қоян бірге жайылып, адам сенгісіз бейбіт заман орнайды. Егер езді-өзіңмен жауласып, бейбіт тіршілік-тің берекесін ала берсеңдер Айдаһардың бойындағы зұлымдық қайта күш алып, бас көтеруі мүмкін. Ал ол екінші рет бас көтереді дегенше күллі тіршілік иесі ғана емес, мынау сендер-ді мәпелеп асырап отырған жомарт Күн-Анаға да қатер төнді дей беріңдер.

Ақ шашты әзіз Әулиенің осы сөзінен кейін көкжасыл көркем өлкеде тату-тәтті тіршілік қайтадан қыз-қыз кайнап жүре береді. Жан-жануарлар бір-біріне «сіз-бізімен» жағып, адамгершілік ұғымы мызғымас ақ туға айналды. Бір кездері өзінің басқан ізін құшып, аяғына қоғадай жапырылатын қара тобырын қынадай қырған Айдаһар болса шығыстан күлімдей көтерілетін Күн-Ананы өзімен бірге ала кетпек болып көк жиекті көлбей құлаған қалпы әулиенің дұғасына ұйып, ұйқыға кетті...

- Ата, Күн-Ананың әлі күнге дейін күлімдеп тұрғанына қарағанда жан-жануарлар уағдаларында тұра білген-ау шамасы. - Қожайынның ертегісін тыңдап біткенше не болар екен-мен әр түрлі ой құшағында жаны жай таппай отырған Ақпарақ атасына әнтек сұрақ қойған.

- Жоқ, Ақпарақ Әулиенің сөзін есіңе түсірші. Ол жан- жануарларға шарт қоярда Айдаһардың бойындағы зұлымдық ұрығы басқалардың бойына да у сияқты жайыла бастады демеп пе еді. Айтқанындай - ақ, жан- жануарлардың бір парасы тату-тәтті өмір сүріп жүрсе, енді бір парасы әлі күнге шейін өзара бәтуаласа алмай, босқа қан төгіп жатыр.

- Сонда, - Ақпарақ шығыс жақты көлбей Айдаһарша ұзыннан-ұзын созылып жатқан қырға үрейлене көз тігіп қойды, - Айдаһар әлі біржолата ұйықтаған жоқ па?

- Иә, күшім, өкінішке орай, Айдаһардың алты кез азуынан қауіпсізбіз деп айтуға әлі ертелеу болып тұр.

Құлағы салбырап ойланып қалған Ақпарақ кенет қыр жаққа қарады да куана айғайлап жіберді.

- Алақай, алақай! Күн шығып келеді, Күн! Ата, қарашы, әне! Күн, Күн шығып келеді!

Әлімбек қария Акпарақтың қуаньшын бөлісіп, дәрмен- сіз тіршілік иесінің көңілін ауламаққа күншығыска қарай мойын бұрған. Шынында мына дүние жаһанның арғы-бергі мыңжылдық тарихында ешқандай қантөгіс болмағандай қырдың үстінен Күн-Ана бейбіт көтеріліп келеді екен. Акпарақтың көз алдына алтын күннің шапақтарының астында отар-отар болып жайылып жүрген аппақ қойлар, қойлардың үстінде қуана пырылдап отырған бозторғайлар елестеп кетті. Мына қызықты қара, олардың ортасында өзі де шапқьілап жүр екен дейді....

ЖЕТІНШІ ТАРАУ

Тынымсыз-Тышқан мсн Оқымысты -Тотықұс.

«Өлке таңындағы » Сауысканның сандырағы

Бәрекелді, енді манағы Тынымсыз-Тышқанымыз не істеп, не қойыпты? Жалықпасаңдар, снді соған аз-кем оралайық. «Оқымыстыға қалайда тез жетуім керек» деп ойлаған Тышқан жолындағы кездескен кедергі атаулыға қарамастан етегіне сүрініп-қабынып жүретін әдетімен тапыракгап тұрып-ақ жүгіріп еді. Соңындағы, бораған алақұйын шаңнан қасы-көзі әппақ ақ қырау болыпты. Танауына кіріп кеткен шаңның тозаңдары кеңсірігін жыбырлатып Оқымыстының жанынан жете берсем сәлемдесуден бұрын түшкіріп-түшкіріп жібергені. Әт-пүш, әт-иүшу....

Жайлы орындыққа шалқая жайғасып, қолына газет ұстаған Оқымысты-Тотықүс Тышқанның бұл қылығын, әлбетте, жақтырған жоқ.

- Кісіге қарап түшкірмес болар, Тышқан мырза. Қашанғы құлағыңа құямын осы.

- Кешірші, Тотықүс! Сәлематсың ба! Өзіңе асыкканым сонша, жүгіремін деп шаңға әбдсн малтықтым. Ақпарақ пен Қызыл Айдардың үрыс-керісін бақылаймын деп жүріп түс әлетіндегі тәтті ұйкысынан кағылған Тышқан қолын керіп, рахаттана есінеп алды.

- Кісіге қарап керілуге болмайды. Тышқан күйіп кетті.

- Үйтпе, бүйтпе... Қит етсең осы.

- Жарқыным, өмір дегеніміз-өсиетнамаға толы кітап екенін білмеуші ме ең? Ал енді осы кітапты ашқан екенсін, ендеше оның әліпбиін де меңгеріп алғаның абзал.

- Кешірші, Тотыұс! Қызыл Айдардың мамығы Қарлығаштарға не үшін керек?

Оқымысты-Тотықұс өзінен әлдекім ақыл сұрай келғен кездегі ісіп-кеуіп, маңызси қалатын әдетімен Тынымсыз- Тышқанға көзілдірігінің үстінен насаттана қарап-ақ сүт пісі- рімдей уақытты өткізді.

- Әй, Тынымсыз Тышқан-ай! Зыр жүгіргенің болмаса, бү дүниедегі бар жаңалықтан бейхабарсың-ау? Мә, окы!...

- Оқымысты-Тотықұс «Өлке таңы» деп аталатын сары- ала газетті Тышқанға ұстата берді...



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет