Көшбасшылық теориясы пәнінен емтихан сұрақтары Адами машықтарды жазыңыз


Трансформациялық көшбасшылықтың сипаттамасын жазыңыз



бет64/82
Дата21.05.2023
өлшемі1,49 Mb.
#177330
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   82
Байланысты:
Емтихан көшбасшы 6В05146- биология

Трансформациялық көшбасшылықтың сипаттамасын жазыңыз.



1980 жылдардан бері зерттеушілердің назарында болып келе жатқан көшбасшылықтың заманауи және ең танымал үстанымдарының бірі - трансформациялық көшбасшылық. Трансформациялық көшбасшылық дегеніміз - көшбасшылықтың харизмалық және аффективті элементте- ріне көбірек үңілетін «Жаңа көшбасшылық» парадигмасының (Bryman, 1992) бір бөлігі. The Leadership Quarterly журналында жарияланған ма- қалаларға жасаған контент-талдауында Лоу мен Гарднер (2001) зерттеу- лердің үштен бірі трансформациялық немесе харизмалық көшбасшылық жайында екенін анықтады. Сол секілді, Антонакис (2012) осы саладағы мақалалар мен дәйексөздер санының көз ілеспес жылдамдықпен артып бара жатқанын айтады. Бұл құбылыс менеджмент және әлеуметтік пси- хология тәрізді дәстүрлі салаларда ғана емес, медбике ісі, білім беру және өнеркәсіптік инженерия сынды басқа да салаларда байқалады. Басс пен Риджионың (2006) пікірінше, трансформациялық көшбасшылықтың та- нымалдығы оның ішкі мотивация мен ізбасар дамуына назар аударуы- мен түсіндірілуі мүмкін, бұлар белгісіздік дәуірінде табысқа жету үшін ынталанып, дербестік пен автономияға жеткісі келетін бүгінгі жұмыс топтарының қажеттіліктеріне сәйкес келеді. Көп ғалымның трансформа- циялық көшбасшылықты зерттеп жатқаны белгілі. Демек, бұл сала көш- басшылықты зерттеуде маңызды орынға ие. Алайда кейбір ғалымдардың (Andersen, 2015; Anderson, Baur, Griffith, & Buckley, 2017) айтуынша, трансформациялық көшбасшылыққа деген қызығушылық тым асыра сілтенуі мүмкін және бұл тәсіл соншалықты маңызды болмауы да ықти- мал. Өйткені миллениалдар жұмыс орнында лық толы. Атауы айтып түрғандай, трансформациялық көшбасшылық - адам- ды өзгертетін және түрлендіретін процесс. Ол эмоция, құндылық, этика, стандарттар және ұзақмерзімді мақсатпен байланысты болады. Бұл үс- таным ізбасарларды ынталандырушы факторларды бағалайды, олардың қажеттіліктерін қанағаттандырып, толыққанды адам ретінде қарайды. Трансформациялық көшбасшылық ізбасарларды әдетте олардан күтетін дүниеден көбірек нәтижеге жетуге жетелейтін айрықша ықпал ету фор- масын қамтиды. Бұл - көбіне харизмалық көшбасшылық пен көреген көшбасшылықты біріктіретін процесс. Трансформациялық көшбасшылық деген осынау ауқымды ұстаным- ды ізбасарларға жеке-дара тұрғыда әсер ету секілді аса нақтылы талпы- ныстардан бастап барлық үйымға, тіпті бүкіл мәдениетке ықпал ету сияқ- ты өте көлемді талпыныстарға дейінгі көшбасшылықтың кең спектрін сипаттау үшін пайдалануға болады. Трансформациялық көшбасшы өзге- рістерді жылдамдатуда негізгі рөл атқарғанмен, ізбасарлар мен көшбас- шылар трансформациялық процесс барысында өзара тығыз байланыста болады. Іс жүзінде трансформациялық көшбасшылық көшбасшы мен ізбасар арасындағы қарым-қатынасқа аса көп көңіл бөлетіні соншалық - кейбір зерттеушілер (Andersen, 2015) бұл жайттың трансформациялық көшбасшылықты ұйымдық тиімділікке қатысты түсіндіруге кедергі кел- тіруі мүмкін екенін мәлімдеді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет