Көшбасшылық теориясы пәнінен емтихан сұрақтары Адами машықтарды жазыңыз


Шынайы көшбасшылықтың практикалық тәсілін жазыңыз



бет72/82
Дата21.05.2023
өлшемі1,49 Mb.
#177330
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   82
Байланысты:
Емтихан көшбасшы 6В05146- биология

Шынайы көшбасшылықтың практикалық тәсілін жазыңыз.



Шынайы көшбасшылық жайындағы кітаптар мен бағдарламалар бу- гінде кеңінен танымал; көпшілік осы көшбасшылық түрінің негізіне қызы- ғушылық туғызуда. Нақтырақ айтсақ, олар шынайы көшбасшы болу үшін істеу керектігі, қандай қадам жасауға болатыны жайында білгісі келеді. Осы бөлімде біз Билл Джордждың (2003) шынайы көшбасшылық тәсілін талқы- лаймыз.
Билл Джордждың (2003) шынайы көшбасшылық тәсілі. Джордж да- мытқан шынайы көшбасшылық тәсілі (2003; George & Sims, 2007) нағыз басшылардың сипатына назар салады. Джордж шынайы көшбасшылықтың маңызды қасиеттерін, сондай-ақ адам шынайы көшбасшы болғысы келсе, сол қасиеттерді қалай дамыта алатыны туралы практика жүзінде сипаттады. Өзінің корпоративтік жетекші ретіндегі тәжірибесі мен 125 табысты көшбасшымен жүргізген сұхбатына сүйене отырып, Джордж шынайы көш- басшының шын жүректен өзгелерге қызмет көрсеткісі келетін ниеті барын, өзін жақсы білетінін және басты құндылықтарын басшылыққа ала отырып еркін басқаратынын мәлімдеді. Нақтырақ айтқанда, шынайы көшбасшы бес негізгі сипатқа ие: (1) өз мақсатын өте жақсы біледі; (2) нені істеудің дұрыс екені жайлы қалыптасқан құндылықтары бар; (3) өзгелермен сенімге негіз- делген қарым-қатынас орнатады; (4) өзін-өзі басқара алатынын көрсетіп, құндылықтарына сай әрекет етеді және (5) басқалардың мүшкіл ахуалын сезіп, жанашырлыкпен карай алады.



  1. Шынайы көшбасшылықтың сипаттамасын жазыңыз.



Шынайы көшбасшылық – көшбасшылықты зерттеудің беріректе пайда болған салаларының бірі. Ол басшылықтың ешқандай жасандылықсыз әрі табиғи болуына мән береді. Ұстанымның атауы-ақ айтып тұрғандай, шына-йы көшбасшылық жетекшілер және олардың жүргізетін басшылықтың шы-найылығы хақында. Осы кітапта талқылаған бірқатар теориядан айырмашы-лығы шынайы көшбасшылық түсінігі әлі де қалыптасу үстінде. Сондықтан аталған ұғымды қарастырарда абай болған абзал: бұл теория жайында жаңа зерттеулер жарияланған сайын ол өзгеруі мүмкін.Соңғы уақытта қоғамда болып жатқан төңкерістер шынайы көшбасшы-лыққа деген үлкен сұранысқа дем берді. 11 қыркүйек күнгі жойқын шабуыл, WorldCom және Enron секілді компаниялардағы корпоративтік кикілжің-дер, жалған ақпарат, сондай-ақ президент сайлауларында шетелдік ықпалдан сескену – осының бәрі қорқыныш пен белгісіздік туғызды. Айналада болып жатқан оқиғалардың кесірінен көпшілік үрей мен қауіп сезінуде. Сондық-тан олар сенім білдіре алатын шынайы көшбасшылық пен адал әрі мейірімді басшыны іздейді. Адамның сенімді көшбасшылыққа деген сұранысы арқа-сында шынайы көшбасшылық жайындағы зерттеуді өзекті әрі көңіл бөлуге тұрарлық деп айтуға болады.Шынайы көшбасшылық қоғамның ғана емес, зерттеушілердің де қызы-ғушылығын оятқан еді: бұл тақырып бұрынырақ трансформациялық көш-басшылық зерттеулерінде аз-маз кездесіп қалатын, алайда ешқашан толық-қанды тұжырымдалмады (Bass, 1990; Bass & Steidlmeier, 1999; Burns, 1978; Howell & Avolio, 1993). Бұған қоса, практиктер шынайы көшбасшылықтың дәлелсіз ұстанымын әзірледі. Оларды әлі де нақтылап, тексеру керек дейті-німіз сондықтан. Шынайы көшбасшылықты тереңірек зерттеу үшін ғалым-дар оның параметрлерін анықтап, оны анығырақ тұжырымдауды мақсат етіп қойды. Бұл талпыныс бүгінге дейін жалғасып келеді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет