Көшбасшылық теориясы пәнінен емтихан сұрақтары Адами машықтарды жазыңыз


Шынайы көшбасшылықтың күшті және осал тұстарын жазыңыз



бет70/82
Дата21.05.2023
өлшемі1,49 Mb.
#177330
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   82
Байланысты:
Емтихан көшбасшы 6В05146- биология

Шынайы көшбасшылықтың күшті және осал тұстарын жазыңыз.



КҮШТІ ТҰСТАРЫ
Шынайы көшбасшылық әлі дамудың бастапқы сатыларында болғаны- мен, оның бірнеше күшті тұсы бар. Біріншіден, ол қоғамдағы сенімді көш- басшылыққа деген айқын қажеттілікті қанағаттандырады. Соңғы жиырма жылда мемлекеттік және жеке сектордағы сәтсіз көшбасшылық фактілері жұртшылықтың сенімін азайтты. Шынайы көшбасшылық осы олқылықтың орнын толтырып, мына белгісіз әлемде жақсы әрі сенімді көшбасшыны қа- жетсініп жүрген жұртшылықтың көкейіндегі сұрақтарға жауап тауып бере- ді. Көшбасшының шынайы болуы ізбасарлардың ойында олардың кім екені және қалай әрекет ететіні жайындағы толық картинаны қалыптастырады. Бұл жайт олардың көшбасшы туралы түсініктерін, сондай-ақ олардың сол көшбасшылыққа бағына аларын не алмасын анықтап береді.
Екіншіден, шынайы көшбасшылық шынайы көшбасшы болғысы келетін адамға бірқатар нұсқаулық ұсынады. Практикалық тәсіл де, теориялық тәсіл де шынайы көшбасшыға айналу үшін не істеу керектігін айқын түрде атап өтеді. Әлеуметтік ғылымдарға арналған әдебиеттерде шынайы көшбасшы болу үшін өзіндік сана-сезімге, ішкі моральдық көзқарасқа, ақпаратты жан- жақты қорыту қабілетіне және қарым-қатынастағы ашықтыққа ие болудың


ОСАЛ ТҰСТАРЫ
Шынайы көшбасшылық әлі де қалыптасу кезеңінде, әрі бұл теория жа- йындағы бірқатар мәселе күні бүгінге дейін шешімін тапқан жоқ. Біріншіден, Джордждың практикалық тәсілінде ұсынылатын тұжырымдар мен идеялар толыққанды негізделмеген. Практикалық тәсіл қызықты әрі шынайы көш- басшылық жөніндегі түсінікпен қамтамасыз етсе де, ол ауқымды эмпири- калық негізге сүйенбейді. Сондай-ақ оның дұрыстығы да тексерілген жоқ. Ғылыми тұрғыдан негіздеулер болмағандықтан, бұл практикалық тәсілдегі
Үшіншіден, зерттеушілер позитивті психологиялық қабілеттерді шына- йы көшбасшылық компоненттері ретінде кіргізу керек пе, жоқ па деген мә- селені қарастырып жатыр. Әлеуметтік ғылымдарда позитивті адами потен- циал мен адам тіршілігінің ең жақсы жағдайын зерттеуге қызығушылық бар болғанмен (Cameron, Dutton, & Quinn, 2003), позитивті психологиялық қа- білеттерді шынайы көшбасшылықтың ажырамас бөлігі ретінде қосудың қи- сынын зерттеушілер анықтап түсіндірмеді. Бұған қоса, кейбір ғалымдардың айтуынша, позитивті көшбасшылық қабілеттерді шынайы көшбасшылыққа кіріктіру осы теорияның құрылымын тым кеңейтіп, оны бағалауды қиын- датып жібереді (Cooper et al., 2005). Шынайы көшбасшылық туралы зерт- теулердін осынау даму сатысында шынайы көшбасшылық теориясындағы позитивті психологиялық қабілеттердің рөлін тағы да айқындай түсу қажет.
Мұнымен қоса, миллениал ұрпақты шынайы көшбасшы тиімді басқара ала ма, жоқ па, соны анықтау үшін жаңа зерттеулер жүргізген жөн. Бұл тол- қынның индивидуализмін, жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдікке бейімдігін, сондай-ақ сыртқы сыйақыға жүйелі басымдық беруін Андерсон, Баур, Гриффит және Бакли (2017) шынайы көшбасшылық моделін пайда- лана отырып, ізбасар ретінде миллениалдарға тиімді көшбасшылық жасауда ықтимал кедергі ретінде қарастырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет