Көшбасшылықты тұжырымдау жолдарын жазыңыз.
Соңғы 60 жылда көшбасшылықтың өлшемдерін анықтау үшін 65 түр-лі классификациялау жүйесі пайда болды (Fleishman et al., 1991). Осындай классификациялау жүйелерінің біздің пікірталасқа қатысты бір түрі – Басс ұсынған схема (2008, pp. 11–20). Оның пікірінше, көшбасшылық кейбір анықтамаларда топтық процестердің негізі ретінде қарастырылады. Осын-дай көзқарас тұрғысынан қарағанда, көшбасшы топтық өзгерістер мен бел-сенділіктің қақ ортасында тұр және топтың қалауын жүзеге асырады. Енді бір анықтама көшбасшылықты тұлға тұрғысынан тұжырымдайды. Мұндай тұжырым бойынша көшбасшылық – кейбір адамдар бойындағы тұлғалық қасиеттер немесе сипаттар жиынтығы. Осы тұлғалық қасиеттер әлгі адам-дарға басқаларды алдына қойған міндеттерін орындауға ықпал етуге мүм-кіндік береді. Көшбасшылыққа қатысты өзге ұстанымдар оны іс-қимыл не-месе мінез-құлық, яғни көшбасшылардың топқа өзгеріс әкелу үшін істейтін әрекеті ретінде анықтайды.Сонымен қатар кейбіреулер көшбасшылықты көшбасшылар мен ізба-сарлар арасындағы билік қарым-қатынасы тұрғысынан анықтайды. Бұл көзқарас бойынша көшбасшыларда өзгелерді өзгерте алатын билік бар. Басқалар көшбасшылықты трансформациялық процесс ретінде қарастыра-ды. Аталған процесс ізбасарларды олардан күткендегіден көбірек жетістік-ке қол жеткізуге жол ашады. Ал кейбір ғалымдар көшбасшылықты машық тұрғысынан зерттейді. Бұл көзқарас нәтижелі көшбасшылыққа жеткізетін қабілеттерге (білім және машық) назар аударады.
Көшбасшылықты ынталандырудың практикалық құралдарын жазыңыз.
Көшбасшылықтың бірлесе қалыптасқан процесін жазыңыз.
Көшбасшылықтың бірлесе қалыптасқан процесі
Жетекшіге тән мінез-құлық
Көшбасшылық Нәтижелері Ізбасарға тән мінез-құлық. ықпалдасатыны; (2) көшбасшылықтың өзара әрекеттесуі нәтижесінде пайда болатыны (олардың бағынуы мен басқаруы арқасында) және (3) бұл процестің нәтижесіне әсер ететіні көрініп тұр. Келесі мысалда ізбасарлық 12.7-сызбадағы көшбасшылықтың бірлесе қалыптасқан процесінің құрылымын пайдаланғанда неге апарып соғатынын көрсетеді. Терри Смит – орта мектепте жұмыс істейтін тәжірибелі футбол бапкері, қосымша табыс табу үшін жазғытұрым үйдің сыртын сырлаумен айналысады. Жаздың жайма-шуақ күнінде бапкер Смит ойыншыларының бірі – Джейсон Лонгты өзімен бірге сырлаушы ретінде жұмыс істеуге шақырды. Бапкер Смит пен Джейсон жауапкершілікті бөлісіп, жұмысты тәуір атқарды. Тіпті сырлау ісін тиімді орындаудың жаңашыл жолдарын тапты. Бірақ жаз аяқталып, футбол жаттығулары басталған кезде бапкер Смит пен Джейсон қиындыққа тап болды. Жаттығу кезінде Джейсон Смит бапкердің атын атап, онымен сырлау жұмысы туралы қалжыңдасып, өзін команда мүшесінен гөрі, құдды, бір бапкердің құрдасындай ұстады. Бапкер Смит Джейсонның өзін атымен атағанын аса қаламаса да, команданың басқа мүшелері де оның атын атаса, бапкер ретінде беделден айырылып қаламын ба деп алаңдады. Ал Джейсонға бапкер Смитпен қарым-қатынасы жақсар-ғаны және онымен аралас-құраластықтан алған әсері ұнайтын. Ол басқа ойыншылар сияқты, бапкер Смит деп атауға мәжбүр болып, осы жақындық-тан айырылып қалғысы келмеді. Мәселені шешу үшін бапкер Смит пен Джейсон тіл қатысқанда бір-бірін қалай атайтынын талқылап, «абзалы, Джейсон Терриді академиялық жыл ішінде бапкер мен команданың барлық мүшелері арасында жайлы жұмыс қарым-қатынасын жалғастыру ниетімен «бапкер Смит» деп атау керек» деп шешті. Бұл мысалда көшбасшылықтың бірлесе қалыптасқан процесс құрылымы Терри мен Джейсонның басшы мен бағынышты ретіндегі түрлі қимыл-қарекеттерінен көрінеді. Мәселен, бапкер Смит Джейсонды үй сырлауға шақырған кезде достық ниетпен әсер етіп, соның арқасында Терримен бірге жұмыс істеуге келіскен болатын. Джейсон сырлаудың анағұрлым тиімді әдісін ұсынған кезде, Террри де оның ықпал ету талпынысын жатсынбай қабылдап, Джейсонның идеясын құптады. Бірін-бірі атымен атау арқылы Джейсон да, Терри де көшбасшылыққа ортақтастық деп топшылады. Бірақ күзде футбол жаттығуы басталған кезде Джейсон Терриді атымен атауды жалғастыра берді. Бапкер Смит басқа ойыншыларға ықпалын сақтап қалу үшін Джейсон мен Терриге «кім басшы, кім бағынышты екеніне» қатысты қолайлы шешімге келу қажеттігі анық еді. Екеуі бірге әр жағдайда көшбасшылық (бапкерлік) пен ізбасарлықтың қандай мәні бар екені жөнінде әңгімелесті. Соның нәтижесінде футбол жаттығулары барынша жақсы өтті. Өйткені барлық ойыншы бапкер ешкімді бөле-жара қарамағанын сезінді. Мұндай ситуацияда ізбасарлықты зерттеушілер көшбасшылыққа, тиісінше, оның тиімді һәм тиімсіз салдарына септігі тиген Терри мен Джейсонның басшы бағынышты рөліндегі мінез-құлқына баса назар аударар еді. Ізбасарлықты зерттеу енді ғана қарқын алып келе жатқандықтан, Уль-Биен мен әріптестері (2014) баяндаған екі құрылым: реверсивті көзқарас пен көшбасшылықтың бірлесе қалыптастырған процесі ізбасарлық туралы теория ойлап табудың алғашқы талпынысы болып саналады. Аталған екі теория зерттеушілерге ізбасарлықтың қыр-сырын паш ететін зерттеулердің көбеюіне пайдалы ізбасарлық туралы тұжырымдама ұсынады. Бұл жөнінде алдағы бөлімде талқыланады.
Достарыңызбен бөлісу: |