Көшбасшылық теориясы пәнінен емтихан сұрақтары Адами машықтарды жазыңыз


Смит (Smith H.) сенситивтіліктің төрт түрін бөліп көрсетті. Олар



бет24/82
Дата21.05.2023
өлшемі1,49 Mb.
#177330
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   82
Байланысты:
Емтихан көшбасшы 6В05146- биология

Смит (Smith H.) сенситивтіліктің төрт түрін бөліп көрсетті. Олар:
1) бақылаушы сенситивтілік – басқа адамды көру, есту, бақылау негізінде оның бет әлпетін, сөйлеу мәнерін есте сақтай алу қабілеті;
2) теориялық сенситивтілік – басқа адамдардың ойын, сезімін, мінез-құлқын болжау мен интерпретациялау үшін түрлі теорияларды қолдану қабілеті;
3) номотетикалық сенситивтілік – адамның қандай социологиялық топ өкілі екендігін көре білу және оны сол топқа жататын мінез-құлқын болжауда қолдана білу қабілеті;
4) идеографикалық сенситивтілік – адамның өзіндік ерекшелігін түсіне алу қабілеті.
«Сенситивтік тренинг» ұғымы қазіргі кезеңде психологиялық әдебиеттерде кеңінен қолданылады және топтық тренингтің бір түрі ретінде де қарастырылады. Сенситивтік тренингі туралы ғалымдардың көзқарастары әр түрлі.
Жалпы сенситивтік тренингтердің негізгі мақсаты топты процестерге, басқа адамдар мен жеке өз басына сезімталдығын күшейту жолын анықтау. Сенситивтік тренинг психотерапия саласындағы мамандарды дайындауда, соның ішінде топтық психотерапевттерді оқытуда кеңінен қолданылады. Тренингтің бұл формасын қолдану болашақ дәрігерлердің топтық процестерге сезімталдығын, топтық психотерапия барысында адекватты түсінуге қабілеттілігін, жеке тұлғааралық әрекеттестікті талдау, адамдардың ішкі шиленістері мен психологиялық ахуалдарға қатынасын бағалау білігін; өзінің тұлғасын өзіндік әлеуетін, қатынасын, қажеттілігін, мотивациясын терең түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, сенситивтік тренинг жекелеген міндеттерді шешеді.
Социологиялық–психологиялық тренинг – қарым-қатынас жасау құзырлылығын дамыту мақсатында топтық психологиялық жұмыстың белсенді әдістерін қолдануға бағытталған және практикалық психология саласында кеңінен қолданылады. Социологиялық-психологиялық тренинг – практикалық психологияның қарым-қатынастағы біліктілікті дамыту мақсатында топтық психологиялық қызметтің белсенді тәсілдерін пайдалануға бағытталған әдісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет