Соның салдарын багалау барысында моральдық мінез-құлыққа қатыс- ты шешім кабылдауды үш түрлі тәсіліне жүгінеді (13.1-сызба): этикалык эгоизм, утилитаризм және альтрузии.
Көшбасшылықты қалыптастырудағы педагогикалық-психологиялық тренингтердің түрлерін жазыңыз.
Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне енуі білім беру жүйесін реформалауды, яғни білім сапасын қазіргі талаптарға сай қамтамасыз ету мақсатында жетілдіруді қажет етеді. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің мақсаты жүйеленіп, дайын күйінде берілген білім, қабілет пен дағдыларды қайталаумен шектеліп қана қоймай, шығармашылықпен еңбектене білетін, тың жаңалықтар ашуға қабілетті, өзіндік ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлғаны қалыптастыру міндеті тұр. Сондықтан Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің міндеті – «жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, ... даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту» ретінде белгіленген. Бұл, өз кезегінде, білімгерлердің шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру мен дамытудың анағұрлым тиімді жолдары мен әдістерін іздестірудің маңызды мәселе екендігін дәлелдейді.
Жалпы білім беру жүйесінің төменгі сатысында білімгердің тұлғасы мен санасының дамуы қарқынды жүреді. Сондықтан бала бойындағы қабілетті осы бастапқы кезеңде ашу – білімгердің шығармашылық бағытта дамуына жете мән беру болып табылады. Мұны біртұтас педагогикалық процестегі оқытуды ұйымдастыруға тұжырымдамалық жаңа тұрғыдан келу негізінде шешуге болады. Мұндай тәсілдің бірі – тренингтік тәсіл.
Басқа білім саласы сияқты тренингтің де негізі көне заманнан бастау алады. Ресми түрде алғашқылардың бірі болып, 1912 жылы Дейл Карнеги «Dale Carnegi Training» орталығын құрды. Орталықта – шешендік дағдыларды дамыту, өзіне деген сенімді арттыру, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасау тренинг жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда бұл орталық өз маңызын жойған жоқ.
Белгілі әлеуметтік психолог Курт Левин тренингті білім беру нысаны ретінде қолдануға үлес қосқан. 1946 жылы Левин әріптестерімен қарым-қатынастағы құзіреттілікті арттыруға арналған тренингтік жаттығу тобын құрады (Т-тобы). Нәтижеде топ мүшелері топтағы өз іс-әрекеттерін талдау арқылы жақсы қарым-қатынас құзыреттілігіне ие болды.
Левиннің тәрбиеленушілермен жүргізілген табысты жұмыстарынан кейін АҚШ-тың ұлттық тренингтік зертханасының негізі қаланды. Бұл зертханада дағдылар қорын қалыптастыруға арналған тренингтік топ ұйымдастырылды. Т-тобында басқарушылық, менеджерлік, саяси лидерлік, тұлға аралық тиімді қарым-қатынасты ұйымдастырушылық, мекемелердегі дауды тиімді шешу, топ ұйымшылдығын нығайту қабілеттерін үйретті.
1960 жылдары Карл Роджерстің гуманистік психологияның дәстүріне негізделген қоғамдық және өмірлік дағдыларды игеру трненингтік қозғалысы: кеңесшілерді, психологиялық тұрғыдан демеуші және дамытушы тұлғаларды дайындауға бағытталды.
Өмірлік дағдыларды дамыту тренингі: проблемалық, байланыс, табандылық, өз-өзіне деген сенім, сыни ойлау қабілеті, өзін-өзі басқару және МЕН концепциясын дамыту; тұлғааралық қарым-қатынас, денсаулық сақтау, проблемаларды шешу және шешім қабылдау; эмоциялық өзін-өзі бақылау, өзін-өзі түсіну, қаржылық өзін-өзі қорғау, өзін-өзі қолдау және тәжірибе концептуализациясын дамыту бағыттарына бөліп оқытылды.
К.Роджерс топ-анализдік топтық жұмыстарды психотехникалық құрал ретінде қолданды. Тренингтік бағыттардың қайсысында болмасын ойын әдістері маңызды орын алады олар: ситуациялық, рөлдік, дидактикалық, шығармашылық, ұйымдастырушылық-әрекеттестік, имитациялық іскерлік ойындар. Бұл жерде ойын гештальттік теориялардың негізіндегі психотерапиялық әдіс ретінде қолданылады. Мысалы, психодрама, трансактілі талдау, диструктивті ойын ретінде қарастырылады.
1970 жылы М.Форверг басшылығымен Лейпциг және Йена университетінде әлеуметтік-психологиялық тренингтер деп аталатын әдістеме әзірленді. Тренингте қарым-қатынас дағдыларын дамыту үшін сюжет элементтерімен рөлдік ойындар қолданылды. М.Форверг әзірлеген әдістер әлеуметтік және психологиялық тұрғыдан өнеркәсіптік өндіріс басшыларын дайындауға бағытталды.
Сонымен қатар, қазіргі кезде дене мүмкіндіктерін жетілдіруге бағытталған өнердің яғни би, сурет, музыка т.б. түрлері арқылы терапиялық топтық жұмыстар әр салада кеңінен қолданылып, жедел дамуда. Мектеп жасына дейінгі, кіші мектеп жасындағы балалардың эмоциялық, ерік сферасын жаттықтыруда, психикалық реттеуде, шығармашылық ресурсын ынталандырып, жетілдіруде ырғақты би терапиясын, әуен терапиясын, арт-терапия элементтерін кеңінен қолдануда.
Қазіргі уақытта тренинг термині түрлі теориялық ережелерге негізделген кең мағынада пайдаланылады. Тренинг терминінің біртекті, нақты, ғылыми анықтамасы жоқ. Тренингтер мынадай бағыттарда қарастырылады:
Достарыңызбен бөлісу: |