Көшбасшылық теориясы пәнінен емтихан сұрақтары Адами машықтарды жазыңыз



бет17/82
Дата21.05.2023
өлшемі1,49 Mb.
#177330
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   82
Байланысты:
Емтихан көшбасшы 6В05146- биология

Көшбасшылық стилін жазыңыз.



Көшбасшылық стилі – өзгелерге ықпал етуге ұмтылған адамның мінез-құлық моделі. Ол нұсқау беруші мінез-құлықты да, қолдау көрсетуші мінез-құлықты да қамтиды. Нұсқау беруші мінез-құлық бағыт-бағдар сілтеу, мақ-саттар мен бағалау әдістерін белгілеу, уақыт шектеулерін енгізу, рөлдерді анықтау және осы мақсаттардың қалай жүзеге асатынын көрсету арқылы топ мүшелерінің алға қойған мақсаттарға жетуіне көмек береді. Нұсқау бе-руші мінез-құлық (әдетте біржақты коммуникация арқылы) ненің істелуі, қалай істелуі керектігін және оны істеуге кімнің жауапты екенін айқындап береді. Қолдау көрсетуші мінез-құлық топ мүшелерінің өздеріне, әріптес-теріне және ситуацияға қатысты жайлы сезінулеріне көмектеседі. Мұндай мінез-құлық екіжақты коммуникация мен өзгелерге деген әлеуметтік және эмоциялық қолдауды көрсететін реакцияларды қамтиды. Оның мысалы ре-тінде өтініш айту, проблеманы шешу, мақтау, өзі туралы ақпаратты бөлісу және тыңдауды келтіруге болады. Қолдау көрсетуші мінез-құлық көбіне жұ-мысқа қатысты. Бұдан әрі қарай көшбасшылық стильдерді нұсқау беруші және қолдау көрсетуші мінез-құлықтың төрт түрлі санатына бөлуге болады (5.1-сызба). Алғашқысы (S1) – нұсқау берудің жоғары деңгейі мен қолдау көрсетудің төмен деңгейін біріктіретін стиль, оны нұсқаушы стиль деп те атауға болады. Мұндай зерттеу тәсілінде көшбасшы коммуникацияны мақ-сатқа жетуге бағыттайды да, қолдау көрсетуші мінез-құлыққа аз уақыт бөле-ді. Бұл стильді қолдана отырып, көшбасшы ізбасарлардың қандай мақсатқа және қалай жету керектігі жайында нұсқаулықтар беріп, одан кейін оны мұ-қият қадағалайды. Екінші стиль (S2) тәлімгерлік тәсіл деп аталады, бұл нұсқау берудің жоғары деңгейі мен қолдау көрсетудің жоғары деңгейін біріктіреді. Аталған тәсілде көшбасшы коммуникацияны мақсатқа жетуге де, ізбасарлардың әлеуметтік-эмоциялық қажеттіліктерін қанағаттандыруға да бағыттай-ды. Тәлімгерлік стилі көшбасшының ізбасарларға қолдау көрсетіп, пікірін сұрау арқылы олармен араласуын талап етеді. Алайда тәлімгерлік көшбас-шыдан қандай мақсаттың және қалай қол жеткізілуі қажеттігі туралы түйін-ді шешім шығаруды талап етуіне байланысты S1 стилінің жалғасы іспеттес. Үшінші стиль (S3) – қолдау білдіруші тәсіл; соған сәйкес, көшбасшы қолдау көрсетудің жоғары деңгейі мен нұсқау берудің төмен деңгейін көрсе-туі керек. Бұл тәсілде көшбасшы мақсаттарға ғана үңілмей, ізбасар бойын-дағы сол мақсаттарға жетуге көмектесетін машықтарды анықтайтын қолдау білдіруші мінез-құлықты пайдаланады. Қолдау білдіруші стиль тыңдауды, мақтауды, өтініш айтуды және кері байланыс орнатуды қамтиды. Стильдің бұл түрін пайдаланатын көшбасшы ізбасарларға күнделікті шешім қабылдауда еркіндік береді, бірақ проблеманы шешуде әрекеттестік танытуға бара бермейді. S3 стильді көшбасшы ізбасарлардың қадір-қасиетіне жетіп, әлеу-меттік қолдау білдіруде шапшаң. Ең соңғысы (S4) қолдау көрсетудің төмен деңгейі мен нұсқау берудің төмен деңгейін қамтиды; басқаша сөзбен оны өкілетті тәсіл деп атаймыз. Бұл тәсілде көшбасшы ізбасардың мақсатқа жетуде өзіне сенімділігі мен мотивациясын оята келе, азырақ үлес пен әлеуметтік қолдау ұсынады. Өкі-летті көшбасшы жоспарлау, детальдарды бақылау және мақсатты айқындау секілді істерге сирек қатысады. Ненің істелуі керек екені жөнінде топпен ке-лісім орнатқан соң, осы стиль ізбасарларға жұмысты өздері дұрыс деп тап-қан жолмен орындауы үшін жауапкершілік алуға жол ашады. S4 стилін ұс-танатын көшбасшы ізбасарларға еркіндік беріп, керексіз әлеуметтік қолдау көрсетуден тартынады. SLII® моделі (5.1-сызба) төрт түрлі көшбасшылық стилінде нұсқау бе-руші және қолдау көрсетуші көшбасшылық мінез-құлықтардың қалай үй-лесетінін бейнелейді. Модельдің төмен және сол жағында бағыттамалармен көрсетілгендей, нұсқау беруші мінез-құлық S1 және S2 секторларында көп те, S3 және S4 секторларында аз, ал қолдау көрсетуші мінез-құлық S2 және S3 секторларында аз да, S1 және S4 секторларында көп.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет