Көшбасшылық дегеніміз...» дейтін сөйлемді әртүрлі аяқтауға болады. Стогдилл (1974, p. 7) жетекшілік жайындағы зерттеулерге шолуында атап өткендей, шын мәнінде көшбасшылықтың анықтамасын жасауға тырысқан-дар қаншалықты көп болса, оның анықтамасы да соншалықты әртүрлі. Бұл демократия, махаббат және бейбітшілік секілді сөздерге ұқсайды. Біздің әрқайсымыз осы сөздер арқылы нені меңзеп тұрғанымызды түйсінгеніміз-бен, олар сан алуан адам үшін сан түрлі мағына беруі мүмкін. 1.1-қосымшада көрсетілгендей, ғалымдар мен практиктер ғасырдан астам уақыт бойы көш-басшылық ұғымын анықтауға әрекеттеніп, ортақ мәмілеге келе алмады.1.1-қосымша. Көшбасшылық анықтамаларының эволюциясыКөп адам көшбасшылықтың не екенін интуиция деңгейінде ұғынса да, аталған терминнің анықтамасын құрастыру ғалымдар үшін де, прак-тиктер үшін де қиын мәселе болып шықты. Көшбасшылықтың академия-лық интроспекция тақырыбына айналғанына жүз жылдан асты және осы уақыт ішінде анықтамалар тоқтаусыз өзгеріп отырды. Бұл анықтамаларға халықаралық істер мен саясаттан бастап, аталған тақырып зерттеліп жат-қан саланың келешегіне дейінгі көптеген фактор ықпал етті. Рост (1991) өзінің іргелі еңбегінде 1900–1990 жылдар аралығында жазылған мате-риалдарды талдап, көшбасшылық ұғымының 200-ден аса анықтамасын тапты. Оның сараптамасынан соңғы ғасырдағы көшбасшылық анықтама-ларының қысқаша тарихын көруге болады.1900–1929 жылдарХХ ғасырдың алғашқы отыз жылындағы көшбасшылық түсінігінің анықтамалары бақылау мен биліктің орталықтандырылуын жалпыға ортақ үстемдік тақырыбымен ерекшелеп көрсетті. Мәселен, 1927 жылы өткен көшбасшылық жөніндегі конференцияда бұл ұғымға «көшбасшы-ның қол астындағыларды өз ырқына көндіріп, оларды бойсұнушылыққа, құрметтеуге, адалдыққа және өзара әрекеттестікке жетелей білу қабілеті» (Moore, 1927, p. 124) деген анықтама берілді. 1930 жылдар1930 жылдары тұлғалық қасиеттер көшбасшылықты анықтауда басты факторға айналды. Сондай-ақ оны үстемдік емес, ықпал етушілік ретінде қарастыратын көзқарас пайда болды. Көшбасшылық сонымен бірге тұлға мен топтың тұлғалық қасиеттері арасындағы өзара байланыс түрінде де анықталды; көпшіліктің көзқарасы мен іс-әрекетін жалғыз адам өзгертуі мүмкін бола тұра, көпшіліктің де көшбасшыға ықпал ете алатыны аталды.1940 жылдар1940 жылдары көшбасшылық «адамның топтық іс-әрекеттерге же-текшілік ету барысындағы мінез-құлқы» ретінде анықталған тұста топтық ұстаным бірінші орынға шықты (Hemphill, 1949). Алайда иландыру ар-қылы көшбасшылық ету мәжбүрлеп көшбасшылық етуден ерекшеленді (Copeland, 1942).1950 жылдар1950 жылдары көшбасшылық ұғымының анықтамаларында үш та-қырып басым түсті: y «Көшбасшының топ ішіндегі әрекеті» ретінде тұжырымдайтын топтық теорияның жалғасуы. y Ортақ мақсаттарды дамытатын қарым-қатынас ретіндегі көшбас-шылық; бұл көшбасшылық түрі көшбасшының мінез-құлқы негізінде анықталады. y Тиімділік; мұнда көшбасшылық топтың жалпы тиімділігіне ықпал ете-тін қабілеті арқылы анықталды.1960 жылдар1960 жылдар халықаралық істерде қарбалас уақыт болғанмен, бұл кезеңде көшбасшылықты зерттеп жатқан ғалымдар өзара мәмілеге кел-ді. Көшбасшылықтың «ортақ мақсаттарға қол жеткізуде адамдарға ықпал етуші мінез-құлық» ретіндегі көп кездесетін анықтамасын Симэн (1960) атап өткен-ді. Ол көшбасшылықты «адамдардың ортақ бағыт негізінде басқаларға әсер ететін іс-әрекеті» деп сипаттады (p. 53).1970 жылдар1970 жылдары топтық негізге бағыттаушылық ұйымдық мінез-құлық ұстанымына жол берді. Онда көшбасшылық «топтарға немесе ұйымдарға топтық немесе ұйымдық мақсаттарға жету үшін бастамашылық ету не-месе қолдау сипатында қарастырыла бастады (Rost, 1991, p. 59). Алайда Берн (1978) ұсынған анықтама көшбасшылықтың ең басты тұжырымда-масы еді: «Көшбасшылық – бәсеке мен қақтығыс жағдайында көшбас-шылар мен олардың ізбасарларының дербес немесе ортақ мақсаттарын жүзеге асыру үшін белгілі бір мотивациялары мен құндылықтары бар әртүрлі экономикалық, саяси және басқа да ресурсқа ие адамдарды жұ-мылдырудың екіжақты процесі» (p. 425).1980 жылдар1980 жылдары көшбасшылықтың сипаты жөніндегі ғылыми және көпшілік қауымға арналған еңбектер саны күрт көбейіп, бұл жайт аталған тақырыпқа ғалымдар мен қарапайым жұртшылықтың ерекше назарын аудартты. Нәтижесінде көшбасшылық ұғымының мынадай бірнеше тұ-рақты тақырыптан тұратын жан-жақты анықтамалары пайда болды: y Көшбасшының көңілінен шық. Анықтамалар әлі де көбіне «көшбас-шылық ізбасарларды көшбасшы қалаған істі жасауға мәжбүрлейді» деген ойды меңзейтін. y Ықпал. Көшбасшылықтың 1980 жылдардағы анықтамаларында ең жиі кездескен бұл сөз әр қырынан қарастырылды. Алайда ғалымдар оны менеджменттен ажыратуға тырыса отырып, көшбасшылықты мәжбүр-леусіз ықпал ету деп тұжырымдады. y Тұлғалық қасиеттер. In Search of Excellence (Peters & Waterman, 1982) бестселлерінен соң, көшбасшылықты кемелдік ретінде қарастыратын құбылыс көшбасшының тұлғалық қасиеттеріне қайтадан назар ау-дартты. Соның арқасында көп адамның көшбасшылық туралы түсінігі адамның тұлғалық қасиеттеріне негізделген. y Трансформация. Бернс (1978) көшбасшылықты трансформациялық процесс ретінде анықтайтын қозғалыстың бастамашысы болды. Оның тұжырымы бойынша, «бір немесе бірнеше адамның басқалармен өза-ра әрекеттесуінің нәтижесінде көшбасшылар мен оның ізбасарлары бір-бірін мотивация мен моральдың әлдеқайда биік деңгейіне көтер-генде көшбасшылық пайда болады» (p. 83).1990 жылдардан бастап ХХІ ғасырға дейін«Көшбасшылық пен менеджмент (басқару) бөлек процестер болып есептеле ме, жоқ па?» деген мәселе төңірегіндегі пікірталас әлі де жалға-суда. Бірақ соңғы уақыттағы зерттеулер көшбасшылық ұғымын анықтау-дың жаңа тәсілін әзірлемей, есесіне оның «бір адамның ортақ мақсаттар-ға қол жеткізуі үшін топқа ықпал ету процесі» деген анықтамасын ерек-шелей қарастырады. Көшбасшылықтың мұндай жаңа ұстанымдарының арасында мыналар бар: y шынайы көшбасшылық: мұнда көшбасшылар мен олардың жетек-шілігінің шынайылығына баса көңіл бөлінеді; y рухани көшбасшылық: ол ізбасарларды ынталандыру үшін құнды-лықтар мен адамдық борыш және топқа мүше болу сезіміне сүйенетін көшбасшылықты назарға алады; қызмет етуші көшбасшылық: мұндай ұстанымдағы көшбасшы қыз-метшінің рөлінде болады. Әдетте басшы ізбасарлардың әлдеқайда дербес, білімді, сондай-ақ өзі сияқты қалыптасуына көмек беру үшін олардың қажеттіліктерін назарға алу мақсатында «қамқорлық прин-циптерін» қолданады; y адаптивті көшбасшылық: мұнда көшбасшылар өз ізбасарларын проблемаларға, қиындықтарға және өзгерістерге қарсы тұрып, оларды шешу арқылы бейімделуге ынталандырады; y ізбасарлық: бұл ұстаным ізбасарлар мен олардың көшбасшылық про-цесінде атқаратын рөлін нысанаға алады; және y дискурсивтік көшбасшылық: бұған сәйкес, көшбасшыға тән тұлғалық қасиет, машық және мінез-құлық қана емес, сондай-ақ көшбасшы мен ізбасар арасындағы коммуникациялық практика да көшбасшылықты қалыптастырады (Aritz, Walker, Cardon, & Zhang, 2017; Fairhurst, 2007).Ондаған жылдар бойғы келіспеушіліктен соң, ғалымдар бір жағдай-да ортақ пікірге келді: олар көшбасшылық туралы жалпылама анықта-маны таба алар емес. Үдемелі жаһандық ықпал мен ұрпақтар арасын-дағы айырмашылық секілді факторларға байланысты көшбасшылық әлі де әртүрлі адам үшін әр алуан мағынаны білдіретін болады. Қорытынды-лайтын болсақ, көшбасшылық дегеніміз – нақтылы бір анықтамасы ұзақ уақыт бойы өзгеріп отыратын күрделі тұжырымдама.