Көшбасшылық теориясы пәнінен емтихан сұрақтары Адами машықтарды жазыңыз


Анықтамасы мен құрамдас бөліктері



бет19/82
Дата21.05.2023
өлшемі1,49 Mb.
#177330
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   82
Байланысты:
Емтихан көшбасшы 6В05146- биология

Анықтамасы мен құрамдас бөліктері
Көшбасшылықты тұжырымдаудың көптеген жолы бар екеніне қарамас-тан, мына құраушы элементтерді осы құбылыстың негізі ретінде атап өту-ге болады: көшбасшылық – (а) бұл процесс, (б) оның ықпал етуге қатысы бар, (с) ол топтарда жүзеге асады және (д) ортақ мақсаттарды қамтиды. Осы элементтерді негізге ала отырып, бұл еңбекте көшбасшылықтың мынадай анықтамасы пайдаланылады:Көшбасшылық – бір адамның ортақ мақсаттарға қол жеткізуі үшін бір топ адамға ықпал ету процесі.Көшбасшылықты процесс ретінде анықтау оның көшбасшыға тән тұлға-лық қасиет немесе сипаттама емес, көшбасшы мен ізбасар арасында жүретін транзакциялық оқиға екенін білдіреді. Процесс көшбасшының ізбасарларға ықпал ететінін және өзі де солардың ықпалына ұшырайтынын меңзейді. Ол көшбасшылықтың біржақты тікелей емес, интерактив құбылыс екенін баса айтады. Көшбасшылық осылайша анықталған жағдайда барлығына қолже-тімді болады. Ол топтағы ресми түрде тағайындалған көшбасшымен шек-телмейді.Көшбасшылық ықпал етуді қамтиды. Ол көшбасшының ізбасарларға қалай ықпал ететінімен және көшбасшы мен ізбасар арасында жүзеге аса-тын коммуникациямен байланысты (Ruben & Gigliotti, 2017). Ықпал ету көшбасшылықтың міндетті шарты болып саналады. Онсыз көшбасшылық қалыптаспайды.Көшбасшылық топтарда жүзеге асады. Топтар – көшбасшылық орын алатын орта. Көшбасшылық ортақ мақсаттары бар адамдар тобына ықпал етуді қамтиды. Бұл шағын мақсатты топ, қоғамдастық топ немесе толық-тай ұйым кіретін үлкен топ болуы мүмкін. Көшбасшылық – бір адам ортақ мақсаттарды бағындыру үшін бір топ адамға ықпал ететін жағдай. Басқалар (топ) көшбасшылықтың жүзеге асуы үшін керек. Адамдарға өзін-өзі басқа-руды үйрететін көшбасшылық бағдарламалары осы пікірталаста берілген анықтама шеңберіндегі көшбасшылықтың бір бөлігі ретінде қарастырыл-майды.Көшбасшылықтың құрамына ортақ мақсаттарға көңіл бөлу кіреді. Көшбасшылар өз энергиясын әлденеге бірлесіп қол жеткізуге тырысып жат-қан адамдарға бағыттайды. Ортақ дегенде біз көшбасшылар мен ізбасарлар-дың мақсаты бір екенін айтып отырмыз. Ортақ мақсатқа көңіл бөлу көшбас-шылыққа этикалық астар береді, өйткені ол белгіленген мақсатқа жету үшін көшбасшылардың ізбасарлармен жұмыс істеуі қажеттігін көрсетеді. Өзара түсіністікке баса назар аудару көшбасшылардың ізбасарларға қатысты мәж-бүрлеп немесе этикаға жат әрекет ету ықтималдығын азайтады. Ол сондай-ақ көшбасшылар мен ізбасарлардың ортақ игілік үшін бірлесіп жұмыс атқа-ру мүмкіндігін арттырады (Rost, 1991).Осы еңбекте көшбасшылықпен айналысатын адамдар – көшбасшы, ал көшбасшылыққа бет алған адамдар ізбасар деп аталады. Көшбасшылар да, ізбасарлар да көшбасшылық процесіне қатысады. Көшбасшыға ізбасар ке-рек, ал ізбасар көшбасшыны қажет етеді (Burns, 1978; Heller & Van Til, 1983; Hollander, 1992; Jago, 1982). Ізбасарлық мәселесі 12-тарауда кеңінен талқы-ланады. Көшбасшы мен ізбасар өзара тығыз байланысты болғанмен, көбіне көшбасшы қарым-қатынасқа бастамашы саналады, коммуникациялық бай-ланыс орнатады және қарым-қатынас құрудағы ауыртпалықты арқалайды.Көшбасшылар мен ізбасарлар туралы талқылауымызда назар екеуінің де мәселесіне бағытталады. Көшбасшылар ізбасарлардың қажеттілігі мен қызығушылығын қанағаттандыруға этикалық тұрғыдан жауапты. Бернс (1978) айтпақшы, кейде көшбасшылық жөніндегі пікірталас элитарлық си-патқа ие болып көрінеді, өйткені көшбасшы мен ізбасарлардың арақатына-сында көбіне көшбасшыны құзыретті етіп сипаттайды. Көшбасшы ізбасар-лардан жоғары немесе артық емес. Басшы мен ізбасар бір-біріне қатысты жағдайда (Hollander, 1992) және ұжымдық тұрғыда (Burns, 1978) өзара тү-сіністікте болуға тиіс. Олар көшбасшылық қарым-қатынаста бірге және бір медальдың екі жағы тәрізді (Rost, 1991).





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет