Келли типологиясын жазыңыз.
Келлидің (1992) типологиясы (12.2-сызба) ізбасарлар типологиясының ішінде ең кең мойындалғаны. Келлидің пікірінше, ұйымға ізбасарлар аса қымбат, әрі олардың қауқар-күші жиі мойындалмайды. Ол көшбасшылық процесіндегі ізбасарларды зерттеудің маңызын айтып, ізбасарлық саласы-ның дамуына түрткі болды. Залезник (1965) ізбасарлардың жеке бас қырла-рына зейін қойса, Келли олардың мотивациясы мен мінез-құлқына көбірек назар аударады. Ізбасарлықты көшбасшылықтан кем көрмейтін Келли ізба-сарлардың тек үлгілі қырларына үңілген. Ол да ізбасарлардың стилін екі осьтің бойына сұрыптайды: тәуелсіз, сыни ойлау; тәуелді үстірт ойлау және актив-пассив. Бұл өлшем шарттары-нан ізбасарлардың бес түрлі рөлі шығады:
Пассив ізбасарлар (кейде оларды кемсітіп, «қой секілді меңіреу» дейді): мұндайлар көшбасшының нұсқауы мен қолпаштауына жал-тақтап тұрады.
Конформист ізбасарлар – ләббайшыл, «мақұлбектер», ылғи көшбас-шының ығына жығылатын, бірақ бәрібір көшбасшының нұсқауы мен жөн сілтеуіне жалтақтап тұратын жандар.
Жатбауыр ізбасарлар – тек қара басының қамын ойлайтын, айнала-сындағыларға жағымсыз әсер қалдыратын жандар. прагматиктер – шешім шығаруға асықпай, әліптің артын бағатын-дар, олар статус-квоны қолдайды, бірақ басқалар әрекеттенбейінше, оған өз бетімен қосылмайды.
Үлгілі ізбасарлар (кейде оларды «жұлдыз» ізбасарлар деп атайды): белсенді, ашық-жарқын, тәуелсіз конструктивті сын айта алатын жандар.
Келли (1998, 2008) өзінің зерттеуіне арқа сүйей отырып, тиімді ізбасар-ларға мынадай таптырмас қасиеттер тән деп есептейді: 1) олар өз-өзін басқа-ра және өз бетінше ойлана алады; ұстамды, дербес, жетекшісіз жұмыс істеуге қауқарлы; 2) ұйымдық мақсатты (өзінен тыс әлденені), сондай-ақ жеке мақ-саттарын орындауға бар ынтасымен кіріседі; (3) кәсіби білігін арттырып, кәсіби машықты игереді; (4) олар сенімді, сыпайы әрі батыл. Ізбасарлықты жағымсыз жағынан көрсетудің орнына, Келли ізбасар болудың оң қырла-рын ерекшелеп көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |