Көшбасшылық теориясы пәнінен емтихан сұрақтары Адами машықтарды жазыңыз



бет23/82
Дата21.05.2023
өлшемі1,49 Mb.
#177330
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   82
Байланысты:
Емтихан көшбасшы 6В05146- биология
60217946.a4
Өзіне деген сенімділікті арттыру тренингі. Психотерапевт және психолог Фенстргейм (Fensterheim H.) өзіне деген сенімділікті арттыру тренингі екі негізге сүйенетінін айтады:
1) сіздің жасаған әрбір әрекетіңіз сіздің «Мен» тұжырымдамаңызды дамытуға негіз болады, ал сіздің өзіндік тұжырымдарыңыз өзіңізді қаншалықты сыйлайтыныңызды білдіреді;
2) мінез-құлық жекелеген оқиғалардан тұрмайды, ол өзара байланыста әрекет ететін психологиялық ұйымдастырулардан тұрады.
Өзін таныту тренингі. Бұл мінез-құлықтық психотерапия әдістерінің бірі, өзіне деген сенімділікті арттыру тренингтеріне жақын келеді және Сэлтердің (Salter A.) шартты-рефлекторлық терапия негізінде пайда болған. Автор тұлға бойындағы өзіне деген сенімсіздік, өзін-өзі тежеу – бұл оқыту, үйрету процесінде оларды келеңсіз мінез-құлықтары үшін жазалау нәтижесінде пайда болады деген болжам жасаған. Топ дамуының ерте кезеңдерінде тұлға бойындағы өзіне деген сенімділіктің әлсіз және күшті жақтарын бағалауды іске асыруға мүмкіндік береді. Өзіне деген сенімділік – бұл адамның өз ниетін, қажеттілігін, сүйіспеншілігін, наразылығын, ашуын білдіре алу мен сын айта білу білігі. Тұлға бойындағы сенімділікті қалыптастыру үшін мыналар ұсынылады:
1) өзін сенімсіз сезінетін және көңілінде қорқыныш сезімін ұялататын социологиялық жағдаяттар тізімін жасау;
2) сенімсіздік тудыратын жағдаяттарды қиындық дәрежесіне сәйкес бөліп, оларды шешуге негіз болатын жолдарын, нұсқаларын қарастыру;
3) әрбір жағдаят бойынша өзін сенімді ұстауға, қорқынышты жоюға негіз болатын альтернативті мінез-құлық реакцияларын анықтау;
4) өзіне сенімділікті ұялататын мінез-құлықтарды бойында қалыптастыруға жаттығу;
5) мінез-құлқындағы өзгерістердің қиындық дәрежесіне сай рөл таңдап басқа адаммен бірге немесе айна алдында жаттығу, өз бойында қалыптастыруға тырысу;
6) социологиялық контактіде үрей мен қорқынышты жеңуге бағытталған эпизодтарды және оны шешу жолдарын қарастырып, тәжірибеде қолданып, өз бойына қалыптастыру, бекіту.
Сенситивтілік тренингі – бұл топтық динамикалық тренингтің бір түрі. «Сенситивтілік» термині бұл жерде басқаның ойын, сезімін, мінез-құлқын болжай алу, басқа адамдардың социологиялық-психологиялық мінезін түсіну, қабылдай алу қабілеті немесе осылардың негізінде мінез-құлықты және іс-әрекетті болжау деген мағынада қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет