Көшкінбаев сәулетбек жолдықараұлы технологиялық процестерді бақылауға арналған талшықты-оптикалық көпфункционалды датчиктердің функционалдығын зерттеу және модельдеу


Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігінің негіздемесі



бет4/29
Дата26.12.2023
өлшемі6,91 Mb.
#199292
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
koshkynbaev-s-zh-phd-s-sp
Тжб №2. 11 сынып Көлденең толқын қандай ортада тарала алады -emirsaba.org, жаңа жыл 2023-2024
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігінің негіздемесі.
Зымыран-ғарыш саласы үшін датчиктерді әзірлеу кезінде құрылғыларды әзірлеуге қойылатын техникалық талаптарды сипаттайтын негізгі факторлардың әсерінен датчиктердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша күрделі міндет туындайды. Ғарыш кеңістігінде қолданылатын сенсорлар әдетте сыртқы әсерлерге сезімтал. Сонымен қатар, жоғары температура, соққылар, тербелістер және әсіресе электромагниттік өрістер сияқты төтенше жағдайларға байланысты ғарыш аппараттары металл корпусына, өлшеу тұрақтылығына және зымыранның бірінші сатыдағы қозғалтқыштарының жұмысына жоғары талаптарға ие. Осы факторлардың әсерінен ғарыш аппараттарының металл корпусының деформациясы және өлшеу нәтижелерінің өзгеруі мүмкін. Сондықтан жоғарыда аталған әсерлерден объектілердің ығысуы мен деформация жылдамдығын тіркеу үшін осы жұмыста оптикалық әдістер қолданылды. Бұл әдістер объектінің ығысу шамасына байланысты сигнал алу үшін оптикалық жарық өткізгіштерді пайдаланады.
Ғарыштық инфрақұрылымға арналған талшықты-оптикалық көпфункционалды датчиктің технологиялары мен конструкциялары қарастырылды.
Осы фактілердің барлығын ескере отырып, жоғары метрологиялық және эксплуатациялық сипаттамалары бар талшықты-оптикалық датчиктердің функционалдығын, мүмкіндіктерін зерттеу өзекті болып табылады.
Жұмыстың мақсаты
Бұл жұмыстың мақсаты металл беттерінің жоғары жылдамдықты сдысуын және температураның өзгеруін анықтау үшін көпфункционалды оптикалық сенсордың оптикалық Брагг торларын пайдалану болып табылады. Металл беттерінің деформациясы қолданылатын температура мен деформация күштеріне байланысты, бұл ғарыш аппараттарының сыртқы факторлардың әсерінен қаншалықты деформацияланатынын бағалауға және олардан тиісті материалдар мен қорғаныс әдістерін табуға мүмкіндік береді.
Осы мақсатты шешу үшін жұмысты орындау барысында осы бағыттың жаңалығына сүйене отырып, оптикалық орталар арқылы когерентті сәулеленудің пайда болуы мен таралуының теориялық мәселелерін зерттеу, деформация мен температураның әсерінен сәулелену параметрлерін өзгертудің тиімді әдістерін анықтау қажет. Сонымен қатар, бір датчик арқылы жүзеге асырылатын физикалық және технологиялық үйлесімді түрлендіру әдістерін табу қажет. Алынған нәтижелерге сүйене отырып, деформация мен температураны электрлік немесе сандық шамаға түрлендіруге қабілетті талшықты-оптикалық датчикті зерттеу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет