Бұл жұмыстың басқа ғылыми-зерттеу жұмыстарымен байланысы.
Жұмыс Қазақстан Республикасының БҒМ қаржыландыратын "ғарыш инфрақұрылымы үшін шағын көлемді талшықты-оптикалық біріктірілген қысым мен температура датчиктерін жасау конструкциялары мен технологияларын әзірлеу" тақырыбы бойынша AP08052850 ЖТН ғылыми-зерттеу жұмысының бөлігі ретінде орындалды.
Диссертацияның материалдық қамтамасы туралы мәліметтер.
Жұмыста фазалық маска әдісімен жазылған Брэгг торлары бар екі оптикалық жарыққа сезімтал талшық қолданылды және MS9740B оптикалық спектр анализаторы (Жапония) Брэгг торынан шағылысу спектрін алу үшін қолданылды. Және импульстік магнит өрісінің эксперименттік қондырғысы қолданылды. Брэгг торы бар оптикалық талшыққа температуралық әсер ету үшін SNOL 38/350 әмбебап кептіру шкафы қолданылды.
Оптика, аналитикалық геометрияның негізгі заңдары оптикалық датчиктің сезімтал элементінің математикалық және физикалық моделін құруда басшылыққа алынды.
Қорғауға шығарылатын ережелер
Ұсынылатын гипотеза:
- оптикалық көпфункционалды датчиктің оптикалық Брэгг торларын қолдана отырып, ғарыш аппаратының (ЗҒТ) металл беттерінің жоғары жылдамдықты ығысуын, температуралық өзгеруін анықтау.
Айтылған гипотеза негізінде қорғауға келесідей ережелер ұсынылады:
- объектінің ығысу шамасына байланысты сигнал алу үшін оптикалық жарық өткізгіштерді қолданатын әдістер;
- талшықты-оптикалық көпфункционалды датчиктің технологиялары мен конструкциялары;
- оптикалық көпфункционалды датчиктің элементтері мен құрылымдарының математикалық модельдері;
Жарияланымдар. Диссертация тақырыбы бойынша 9 ғылыми мақала, оның ішінде нөлдік емес импакт-факторы бар 1 мақала, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда 4 мақала және скопус базасына енетін конференцияларда 2 мақала, халықаралық конференцияларда 2 мақала жарияланды.
Жұмысты апробациялау. Диссертациялық жұмыстың негізгі нәтижелері Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ (Қазақстан, Алматы) "Радиотехника, электроника және ғарыштық технологиялар" кафедрасының семинарларында баяндалды және талқыланды; "Сәтбаев оқулары-2021" халықаралық конференциясы, Satbayev University, (ҚР, Алматы, 2021); 2nd international Joldasbekov symposium, Kazakhstan, «Development of a Mathematical Model of Combined Optical Pressure and Temperature Sensors for the Space Industry», (ҚР, Алматы, 2021) ; 2022 IEEE Conference of Russian Young Researchers in Electrical and Electronic Engineering (EIConRus), (Russia, St. Petersburg, 2022) ; EExPolytech-2022: 2022 International Conference on Electrical Engineering and Photonics, (Russia, St. Petersburg, 2022) ; бірінші квартильдегі "Sensor MDPI" (Базел, Швейцария) журналы.
Достарыңызбен бөлісу: |