Көшкінбаев сәулетбек жолдықараұлы технологиялық процестерді бақылауға арналған талшықты-оптикалық көпфункционалды датчиктердің функционалдығын зерттеу және модельдеу



бет5/29
Дата26.12.2023
өлшемі6,91 Mb.
#199292
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
koshkynbaev-s-zh-phd-s-sp

Жұмыстың міндеттері
Жұмыстың белгіленген мақсатына жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:
- Талшықты-оптикалық датчиктің сезімтал элементін жасау;
- Таңдалған құрылымдық-технологиялық шешімдердің дұрыстығын тексеру үшін талшықты-оптикалық датчикке жүктеме және температуралық сынақтарын жүргізу;
- Талшықты Брэгг торларын пайдаланып жоғары жылдамдықты деформацияларды өлшеу;
- Оптикалық көпфункционалды датчиктің элементтері мен құрылымдарының математикалық модельдерін жасау;
Жұмыстың ғылыми жаңалығы мен маңыздылығы.
Бұл жұмыста алғаш рет металл беттерінің жоғары жылдамдықты ығысуларын, температуралық өзгерістерін анықтау үшін импульстік магнит өрісінің эксперименттік қондырғысында оптикалық датчиктерді пайдалану ұсынылады. Бұндай әдіс бұрын басқа зерттеулерде қолданылмаған және ол жұмыстың жаңалығы болып табылады.
Жұмыста шешілетін негізгі мәселе оптикалық датчиктің оптикалық Брэгг торлары арқылы металл беттерінің жоғары жылдамдықты деформациясының өзгеруін анықтау болып табылады. Жоғары жылдамдықты деформацияны анықтау кезінде магнит өрісінің импульстік құрылғысында оптикалық Брэгг торын қолдану қарастырылады. Қазіргі уақытта деформацияның жоғары жылдамдығына байланысты бұл өзгерістерді тіркейтін әдістер туралы зерттеулер аз. Көптеген әдістер миллисекунд ішінде болатын деформацияларды анықтаумен шектеледі. Бұл жұмыстың жаңалығы импульстік магнит өрісінің құрылғысында оптикалық әдістерді сынау және қолдану арқылы микросекунд ішінде болатын жоғары жылдамдықты деформацияларды анықтау болып табылады. Жұмыста қолданылатын импульстік магнит өрісі құрылғысының металл үлгілеріне импульстік токтың әсер етуінің ең аз уақыты 2 мкс болады.
Зерттеу нәтижелері Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде және шетелдерде сұранысқа ие инновациялық жоғары технологиялық өнімді әзірлеу тұрғысынан Қазақстан Республикасы үшін практикалық қызығушылық тудырады.
Зерттеу нысаны ғарыштық инфрақұрылымға арналған көп функциялы датчиктер болып табылады.


Зерттеу пәні - ғарыштық инфрақұрылымға арналған көпфункционалды датчик элементтерін құру мен жұмыс істеуін теориялық талдау және эксперименттік зерттеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет