Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет123/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   316
Әдеби KZ
 
 
Асылдан асыл туады. Әсіресе нағашысы Ақсақ Темір тұқымы Сүйіншіктен көп 
жақсылық күткен. Бақты-Қожа уәзірі келіп, «Сүйіншік сұлтанда жастығына 
қарамай хан ұлына керек қасиет бар екен, айтқан сөзді ұға қойды. Рабиу-Сұлтан-
Бегім анасы болса да, істеген күнәсі үшін өлім жазасына қиятыны даусыз» 
дегеннен бері бұл баласына мерейін көбірек аудара түсті. «Тамырында 
Шыңғысхан мен нағашысы Ақсақ Темірдің қаны бар екен, Көк Ордаға осы ие 
болуы мүмкін» деп ойлады.
Бірақ кеше әбдіразақ дәруіш келіп: 
— Тақсыр хан, Сүйіншік оғылан кеселге шалдыққан, тезірек емдету керек, — 
деген. 
— Қандай кеселге ұшырапты? — деп Әбілқайыр дәруішке сезіктене қараған. 
— Бұл ауруды өзі таппаған, біреу жұқтырған. Он үш жасар баланың мұндай 
кеселге шалдығуы қауіпті іс. Кеше сөйлесіп көріп едім, есі-дерті Сайын тағы... 
«Шешем менің күнәкар, оны таспен шөкелетіп өлтіртем, мені құр жақсы көрген 
болады, ал бар ойы әкем тағын Күшкінші ағама алып беру» дейді. 
Хан Сүйіншіктің шешесін неге таспен шөкелетіп өлтіртем деуінің себебінің 
қайда жатқанын біле тұрса да, кенет арманы әке тағы бола қалғанына таң қалды... 
Дәруіш: «Алтын тақты үлкен баласына алып бермек болғаны үшін, бүгін 
шешесін өлтіртем десе, ертең он үш жасар Сүйіншік, ер жеткен күні «тағыңды 
маған бер» деп өзіңе бас салудан тайынбайды. Жоқ, Сүйіншік науқас, әлі ақыл 
кірмеген жасты мұндай ауруға біреу шалдықтырып жүр, тезірек емдету керек»,
деген. 
Бұл сөзден кейін хан ойланып қалған. Бақты-Қожа уәзірдің айтуынша екі-үш 
күннің ішінде Рабиу-Сұлтан-Бегімге хан соты болуға тиісті. Сол сотта Бақты-Қожа 
уәзір ханымның қылмысын ашып, халық атынан үкім шығартпақ. Сол үкім 
бойынша Рабиу-Сұлтан-Бегім жұрт көзінше таспен шөкеленіп өлтірілу керек. Бұл 
үкімді іске асыруға туған баласы Сүйіншіктің тек «дұрыс» деп басын изеуі ғана 
қажет. Бақты-Қожа уәзір айтуынша Сүйіншіктің бұны істейтініне күмән келтіруге 


132 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет