Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет131/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   316
Әдеби KZ
 
 
Әбілқайыр сәл ойланып қалды. «Жүзіқара! Оның жүзінің қара екенін бұл 
қайдан біледі? Хан солай қараған соң, бұл да солай қарап тұр ғой... Әйтсе де осы 
менің шешімім дұрыс па? Тұтқыннан абайсызда айрылып қалғаны үшін кешегі 
серігіме бүгін мұндай қарғы тағуым жөн бе? Опасыз дүние! Опасыз адам баласы! 
Қолыңда күшің болса сені ардақтайды, мадақтайды. Күшің кетсінші... Бүгін ханым 
десе, ертең харам дейді... Бірақ бұған өкпелеуге болмайды. Адам баласы осылай 
жаратылған, осылай өледі» Әбілқайыр басын иді. 
— Кіргізіңдер. 
Үйге екі адам екі жағынан қолтықтап Оспан-Қожаны алып кірді. Дәйекші бұрын 
да шыр бітпеген арық болатын. Сол себептен кейде оны жұрт Инелік деп атайтын. 
Он жылдан бері тарамыс денелі Инелікке хан көзі қанша үйренгенмен, мына 
алдында тұрған селеуіттен шошып кетті. Иә, бұл адам емес, адамның селеуіті еді. 
Арса-арса сүйегіне құр терісі жабысқан, көзін біреу ойып алғандай шүңірейіп 
кеткен. Құдық түбінде жылтыраған су тәрізді, сонау көз түбіндегі тереңде бірдеме 
жылтырайды. Екі ұрты ұзақ аурудан қайтыс болған адамның ұртындай қушиып 
біткен. Жағы жағына тиіп жатыр... Тозығы жетіп, бүрісе қалған кәрі беті тиіп кетсең 
жыртылғалы тұр. Ал бұдан көп жыл бұрын... жоқ, жоқ. Әбілқайыр хан өткен 
күндерде өзіне жақсылық істеген адамдардың қызметін есіне түсіргісі келмейді. 
Әр нәрсе өз кезінде. Өткеннің бәрін есіңе түсіре берсең... бүгінгіге не қалады? 
Кеше жақсылық істесе, бүгін жамандыққа барып отыр. Әр іс өзінің мезгілінде деп 
бағалануы керек. Өткен жақсылықпен қазіргі жамандықты жапсам хан бола алар 
ма едім? Иә, он жеті жасар Әбілқайыр Орда-Базарда хандық құрып отырған 
Жұмадүктің қолында тәлім-тәрбие алып, әскер басқаруды, ел билеуді үйренді ғой. 
Он алты жасқа келгенде сол кездегі бүкіл Дәшті Қыпшақ руларын басқарып
Жұмадүк ханның оң қолы болған, Маңғыт руынан шыққан атақты Едіге батырдың 
баласы, Ақсақ Темір ұрпақтарына бүйідей тиген Қазы биді өлтірді. Әрине оны бұл 
жалғыз өзі өлтірген жоқ, Қазыға қарсы әмірлер мен сұлтандарды жинап, солармен 
бірге бауыздады. Жұмадүк ханның қаһарынан қорқып соңынан ерген Дәшті 


140 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет