Сабақтың тақырыбы : Сансызбай Сарғасқаев. «Тәмпіш қара»



Дата01.04.2017
өлшемі101,85 Kb.
#12936
түріСабақ

Күні: 26.01.2016 жыл

Мұғалімнің есімі: Акназарова Сауле

Сынып: 6 «Ә»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы : Сансызбай Сарғасқаев. «Тәмпіш қара» повесінен үзінді

Сабақ негізделген оқу мақсаты: (мақсаттары)

С. Сарғасқаевтің кім екенін, «Тәмпіш қара» әңгімесінің желісін білу. Шығарманың мазмұнын түсіну.

Шығармадағы достықты, әділдікті, еңбексүгіштікті өз бойында қолдану.


Шығарманы негізгі бөліктерге жітей білу, басқа шығармамен салыстыра білу.Оқушылардың бойындағы бүкіл қасиеттерін жинақтауды үйрену.
Шығарма желісінің маңыздылығын бағалау.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:

А. Құрылымдық жоспардың орналасу тәртібін біледі

Оқушылардың басым бөлігі:

В. Шығарма мазмұнына сай жоспар негізінде құрылымдық жоспар жасайды

Кейбір оқушылар:

С. Шығарма желісін өмірмен байланыстырып өлең жолдарын құрастырады

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Шығарманы көркемдеп айтып үйренеді, мазмұнын өз сөзімен жеткізе біледі



Негізгі сөздер мен тіркестер:

Сөздікпен жұмыс

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар (тыңдалым)

Кейіпкер Ертайдың өмірі жайындағы ішкі толғанысы жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуде маңызды роль атқарады деп есептеймін, өйткені...

Сіз неліктен .... екенін аласыз ба?(айтылым)

«Досы барды жау алмайды» деген пікірді шығармадағы ... оқиғамен дәлелдеуге болады

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Берілген ұйқаспен өлең құрастыру

Үш тілде сөздер жазу

Дос - друг – friend, кітап – книга – book...


Алдыңғы оқу

Б.Момышұлы. «Жауынгердің тұлғасы» әңгімесі

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз )

Формативті бағалау (ОҮБ)

Ресурстар

Басталуы

Кіріспе. Таныстырылым

(1-2 минут)

Ұйымдастыру. Топқа бөлу

Үй тапсырмасын тексеру

Серпілген сауал

1. Біз өткен сабақта қандай шығармамен таныстық?

2. Әңгімеде қай жерде болған ұрыс жөнінде айтылған?

3. Бауыржан Момышұлы қай жерде және қай жылы дүниеге келген?

4. Бауыржан Момышұлы қай жерде оқыған?

5. И.В Панфилов дивизиясы қайда жасақталған?

6. Бауыржан неше жасында полк командирі болды?

7. «Волоколамск» тас жолы кітабының авторы кім және ол кітапта кім туралы жазылған?

8. Қандай шығармалардың авторы?

9. Бауыржан Момышұлына қай жылы халық хаһарманы атағы берілді?






1,2,3 сандары жазылған стикер


Б. Момышұлы суреттері,

бүктеме, рефераттар





Ортасы

Негізгі бөлім

С.Сарғасқаев туралы не білеміз?


Түрткі сұрақтар :
Ол қандай адам болған?
Шығарма кімдер жайында?
Шығармада қай кезең суреттеледі?

Эпикалық жанр түрі-повесть.
Шығарманың негізгі ойы — жас жеткіншектерді адамгершілікке, шыншылдыққа, қайырымдылыққа тәрбиелейді.
Шығарманың композициялық құрылысына тоқталсақ:
Басталуы. Шаншатайдың ауылға келуі, ауыл балаларымен танысуы..
Байланысуы.Шаншатай Ертайдың суретші екенін білуі,екеуінің айырылмастай дос болуы.
Шиеленісуі.Мектеп оқушыларының қырман даласына көмекке баруы,түрлі ойын-сауық ұйымдастырулары, Шаншатай ауыл балаларының газетке деген қызығушылықтарын оятуы.
Шарықтау шегі.Оқушылардың өз мақалаларын оқу үшін Теке қарттың үйіне іздеп баруы, Шаншатай мен Иманбектің төбелесуі, Иманбектің одан кешірім сұрауы.
Шығарманың шешімі.Ертайдың салған суретінің «Октябрь балалары» газетіне шығуы.

Топтық жұмыс

І топқа – Шығармадағы негізігі кейіпкерлерге мінездеме беру.

ІІ топқа – Шаншатай мен Қожабергенді салыстыру. Венн диаграммасы

ІІІ топқа – «Бес жол өлең» стратегиясымен – дос, суретші, еңбек, кітап, білім сөздерін талдау.

Мысалы: «Дос»

Зат есім Дос

Сын есім Адал, ақпейіл

Етістік Тәрбиелейді,

көңілдендіреді, қамқорлайды

Мағыналы сөз Досы көпті жау

алмайды

Зат есімге синоним Жолдас


Критерий арқылы

Фишкалар арқылы

Ақынның суреті

Оқулық

Кесте


Венн диаграммасы

«Бес жол өлең» стратегиясы




Аяқталуы

Бекіту (табыс критерийіне қайта оралды)

Оқушылар тақырыпты талқылып, жұмыстарын кеңейтеді.


І топ. Сансызбай Сарғасқаевтың “Тәмпіш қара” повесінде отызыншы жылдардағы ауыл өмірі суреттелген. Повесть 9 бөлімнен тұрады. 
ІІ топ: 
Повестегі кейіпкерлер:ауыл балалары суретші Ертай, Иманбек, Ниғмет, Күлдәрі, Оңалбек. Бала тәрбиелеуде ұстаздың еңбегін көрсете отырып, балалардың мектептен алған білімін еңбекпен тәрбиелі іспен тұрмыспен байланыстыра суреттелуі шебер бейнеленген. Кейіпкер Ертайдың өмірі жайындағы ішкі толғанысы жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуде маңызды роль атқарады деп есептеймін. Шаншатай-қаладан келген көзі ашық бала,ол «Октябрь балалары» деп аталатын газеттің бар екендігін ауыл балаларына таныстырып, Ертайдың суретшілік дарындылығын бағалай отырып, осы газетке ең жақсы суретіңді жіберейік деп үлкен үміт артып Ертайдың қабілетін шыңдай түседі.Әншейінде көзге ілінбей жүретін газет тасушы Теке қартты ауыл балаларына сыйлай білуді ұғындырады.
ІІІ топ:
Тәрбиелік мәні. Шаншатайға тән әдептілік, ұқыптылық, еңбек сүйгіштік қасиеттер көрінсе, Ертай бойындағы өнерге құштарлық, дүниені бала көзімен қабылдау қасиеттері танылады.

Бағалау

Үйге тапсырма

«Сыныпқа келген жаңа оқушы» эссе жазу



Рефлексия (кері байланыс)

«Менің көңіл-күйім» баспалдағы

Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып, тақтада салынған баспалдақтардың біреуіне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы!», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады.  



Фишкалар арқылы




Сұрақтар жазылған парақшалар

Фишкаларды санау

«Менің көңіл-күйім» баспалдағы



Тексерілді: 26.01.2016 жыл_____________

І топ – Кейіпкерлерге мінездеме





Кейіпкерлер

Мінездеме










































































ІІ топ – Салыстыру. «Венн» диаграммасы

Шаншатай Қожаберген





ІІІ топ – «Бес жол өлең» стратегиясымен – дос, суретші, еңбек, кітап, білім сөздерін талдау.

Мысалы: «Дос»

Зат есім Дос

Сын есім Адал, ақпейіл

Етістік Тәрбиелейді, көңілдендіреді, қамқорлайды

Мағыналы сөз Досы көпті жау алмайды

Зат есімге синоним Жолдас

«Суретші»

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

«Еңбек»

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



«Кітап»

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

«Білім»

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Бекіту сұрақтары

І топқа


  1. «Тәмпіш қара» повестінің авторы кім?

  2. Қай жылдардағы ауыл өмірін суреттейді?

  3. Повесть неше бөлімнен тұрады?

______________________________________________________________________

ІІ топқа


  1. Повестегі кейіпкерлерді ата.

  2. Ұстаздың еңбегі повесттің қай тұсында айтылған?

  3. Ертайдың суретін қай газетке жіберді?

______________________________________________________________________

ІІІ топқа



  1. Шаншатай бойындағы қандай қасиеттер көрінді?

  2. Ертай бойында ше?

  3. Шығарманың тәрбиелік мәні неде?

______________________________________________________________________

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет