Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет130/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   316
Әдеби KZ
 
 
Осы кездегі астанасы Сығанаққа келгеннен кейін, Әбілқайыр оны өзіне дәйекші 
етіп алған. 
Міне, содан бері он төрт жыл өтті. Сол он төрт жылдың ішінде Оспан-Қожа 
пақыр ханды бір рет алдап, не тілегін теріс орындап көрген жоқ. Хан басына туар 
қауіпті ол өзгеден бұрын сезетін, хан көңілі қалар істі де ол алдын ала болжайтын. 
Хан абыройын төгер жамандықты сезсе оны ханның құлағына тезірек жеткізетін. 
Әбілқайырдың оң иығында отырған Жәбірайыл періштедей, бұрыс жолдан 
әрдайым сақтап қалатын. Ал Рабиу-Сұлтан-Бегім болса ханға арыстай екі ұл тауып 
берген. Өзінің ақылымен, парасаттылығымен, көркіменен Әбілқайырдың ең 
сүйікті әйелі болып алған. Сөйткен Оспан-Қожа мен Рабиу-Сұлтан-Бегім ханды көк 
мұзға отырғызып кетті. Бірі ханның көзіне шөп салды-мыс, екіншісі сол көзіне шөп 
салған ханның қас жауын аңқаулық істеп қашырып жіберді. Расыменен-ақ Оспан-
Қожа аңдамай қалды ма? Оспан-Қожа тәрізді өмір-бақи хан қызметінде жүрген 
адамның мұндай өз басына қауіп туғызар істе салақтық етуі мүмкін бе? Мүмкін 
емес. Ұрыны аңдыған алады, не аналар Оспан-Қожадан қулықтарын шын асырып 
алдап соқты. Не сақ құлақ дәйекшінің өзі солармен бірге... Бірақ неге бірге 
болады? әлде бір жағдайда маған ренжіп қалды ма? әлде ақшаға сатылды ма? 
Жоқ, сатылуы мүмкін емес. Оспан-Қожаның алтынға қызыққанын көрген жоқ. Сан 
рет көңілім түсіп кетіп, көп олжадан үлесін молырақ етіп бергенімде өзіне 
тиістісінен артығын алмайтын. «Хан қызметінде жүрген кісі дүние шіркінге құмар 
болмауы керек. «Адам болғалы опасыздықтың бәрі де осы дүниеқоңыздықтан 
туған» дейтін. Сөйткен Оспан-Қожа... Демек, мұнда бір гәп бар... Сол үшін де оны 
зынданға салғызарымда күнәсін өзім тексерем деп едім ғой, қалай ұмытып 
кеткенмін?... Ұмытпасқа мұрша болды ма... Жәнібек пен Керей ойраны басқа іске 
көңіл бөлдірді ме?»
Үйге Бақты-Қожа уәзір кірді. 
— Хан ием, Оспан-Қожа жүзіқараны алып келдік.


139 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет