Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет127/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   316
Әдеби KZ
 
 
жетім баланы қанша асырасаң да, өз әке-шешесін жоқтайды. Самарқант 
Ордасында қаншама жақсы атты боп жүрсе де, атасын құл етіп әкелген Ақсақ 
Темір немерелеріне Оспан-Қожаның жүрегі жібімеді. Мауреннахрға еліне қас 
жер, жау жер деп қарады. Есі-дерті сонау Арқадағы хан Ордасы болды да тұрды. 
Осындай ісігі қайтып, сынығы бітпеген Оспан-Қожа Күнбатыс пен Солтүстік жағына 
әлсін-әлсін қарай берді. Дәйекшінің мұндай күйін пайдаланып, Әбілқайыр 
жігіттері онымен байланыс жасай қалды да, екі жақты шешімге келді. Оспан-Қожа 
Әбілқайырдың Самарқанттағы сыбыршысы болуға қолма-қол көнді. 
Әбілқайыр Есіл, Нұра бойын өзіне қаратып, Орда-Базарда ат шаптырып, балуан 
күрестіріп, батырларына олжаны бөліп, ұлан-асыр той жасап жатқанында, осы 
дәйекші Оспан-Қожадан арнаулы кісі келген. Онымен бие сауымындай 
сөйлескеннен кейін Әбілқайыр, бар қолбасшыларын жинап алып: «Самарқант 
қазір бос тұр. Ұлықбек мырза Қорасан мен Иракқа сапар шеккен шағында, алла-
тағала өзі сақтап тұрған Самарқантқа тәуекелдің тізгінін бұрғым келеді» деді. 
«Хан борышы — жорыққа ту көтерту, 
Құл борышы — туға еріп, жанын беру» — деп ескі шежіреде айтқандай, хан 
айтса — қарамағындағы батыр, нөкерлері қоштайтын дәуір, қалың қолмен 
Әбілқайыр Самарқантты басып алуға шыққан. Өзбек Ордасының абыройын 
ойлаған хан, Шираз деген қалада: «Бірде-бір әскер егінші жұрт пен көшпелі елге 
өз бетімен тимесін. Егілген егін, салынған бау-бақша сол қалпында сақталсын. 
Кімде-кім бұл жарлықты бұзса дарға асылады» деп әскеріне бұйрық берген. 
Ханның бұл қамқорлығына риза болған диқандар, көшпелі шаруалар, тарту-
таралғысын, сыйлығын, хан әскерінің азық-түлігін өздері әкеп беріп, 
бағыныштылығын білдірген. 
Самарқантты қоршап алғаннан кейін, қаланың хакімі Джалалитдин Баязит өзі 
шығып тізе бүгіп, қол қусырған. «Тірі жанға қиянат көрсетуді білмеген Ұлықбек 
мырза, сіз секілді ұлы ханға, яки сіздің ел басқарып отырған адамдарыңызға еш 
уақыт қастық ойлап көрген жоқ. Егер шаһарымызды шауып бүліншілік етпей, 


136 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет