Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет124/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   316
Әдеби KZ
 
 
болмайды. Бұндай қанды оқиға хан Ордасына таңсық емес. Оған хан қинала 
қоймаған-ды. Ал әбдіразақ дәруіштің мына айтып тұрғандары басқа бір қауіпті 
аңғартады. «Иә, солай. Демек, ең алдымен Сүйіншік қолымен Рабиу-Сұлтан-
Бегімнен өш алу жөн. Ал содан кейін барып, егер менің көзім тірі тұрғанда әке 
тағынан үміткер ойы болса онда...». 
Хан ойын әбдіразақ бөліп жіберген: 
— Егер Сүйіншік сұлтан өз анасына күнәкар деп пәле тағатын жағдайға жетсе, 
мен араша түсем. Ауру баланың сөзіне сенуге болмайды. Ал оның нау- 
қас екені даусыз. 
Ақылды дәруіш бұрын анасын жанындай жақсы көретін сұлтанның кенет 
«менің анам күнәкар, ол алтын таққа Күшкінші отырсын дейді» дегенінен хан 
Ордасына бір суық жылан — бүліншіліктің бас сұққанын аңғарған. Шығыс 
тарихында мұндай жағдай бәлендей таң қаларлық оқиға емес. Әбдіразақ осыны 
ойлап, «қылмысқа жол берме» деп ханға әдейі ашық айтқан. Хан дәруіш ойын 
ұққан. Ал «сен менің шешкен ісімді бұзғалы тұрсың, Рабиу-Сұлтан-Бегімді өлтірту 
менің бұйрығым, жайыңа жүр» дей алмаған. Деуге осы бір әділетті сүйгіш, бір 
беткей адал дәрігер ханға өте керекті адам еді. Онсыз Әбілқайыр бір күн өмір сүре 
алмасы даусыз. 
Әбілқайыр хан көптен тұншықпа 
1
ауру болатын. Осы аурудан құтылам деп 
қарамағындағы талай білгіш емшілерге қаралған. Тіпті Тибеттен, Қытайдан, 
Қорасаннан, Мысырдан да бақсы-балгер алдырып көрінген. Бірақ бұлардың 
бірінің қолынан ханды жазу келмеген. Дерт ұлғаю үстіне ұлғая түскен. Ақырында 
отыздан асар-аспасында әлсін-әлсін төсек тартып жатып қалатынды шығарды. 
Өзгенің өмірі өзіне шыбын құрлы көрінбейтін қатігез хан, енді ұзақ ұстайтын 
осынау көкжөтелдің бірінде тұншығып өліп кетеді екем деп зәресі қалмаған. Адам 
неғұрлым дәрежесі жоғарылаған сайын, соғұрлым жаны тәтті бола түседі. Бір шеті 
Қорасан, екінші шеті Жайық өзенінен асып далиып жатқан алып хандығының 
1
Т ұ н ш ы қ п а — астма. 


133 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет