Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет37/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   316
Байланысты:
ИБ Хронический обструктивный бронхит в фазе обострения, Байсултан Назерке 1703-52 презентация, бағдарламалық сұрақтар ШМКК (копия), 9 сынып 2 тоқсан тжб сұрақтары
Әдеби KZ
 
 
қылығы рас па екен?» Әбілқайыр хан үйде отырғандарды көз астымен бір шолып 
өтті. Хан кеңесіне келетіндер қалай өзгеріп кеткен. Мешін жылы Дәшті Қыпшақ 
тағына отырғанында өзі он жеті жаста еді. Ол кездерде әскер басшылары да, Орда 
тіректері де басқалар болатын. Мынау Арғын, Қыпшақ жайсаңдары алған төрде 
Маңғыт, Дулат, Үйсін, Қоңырат, Найман, Тубай, Ұйғыр, Қытай 
1
руларының 
мықтылары отыратын. «Хиуаны шапқанында да сол топ қасымда еді. Тек 
қалмақтармен айқасқанымда ойымнан шықпады. Иә, ол менің ең қарабет 
жеңілісім болды. Әскерім Сырға дейін шегінді. Өзім Сығанаққа қаштым. 
Жауымнан көп құн төлеумен әзер құтылдым. Сосын ғой Дәшті Қыпшақтың басты 
рулары Арғын мен Қыпшаққа арқа сүйемек болғаным... Одан не шықты? 
Тікенектен шошып шоқ басты деген осы емес пе? әттең жас кезім қайта оралар ма 
еді? Онда бүйтіп жан-жағыма қобалжи қарап отырмас едім-ау! Шіркін жастық, 
дарияның алғашқы тасыған қарқынындай едің-ау, бұзбайтын бөгетің бар ма еді? 
Екі жыл өтпей, Дәшті Қыпшақ хандығына қол созған Сайбанның ортаншы қатыны 
Үкілімайдан тараған Қанбайдың ұлы Елбектен туған Махмед-Қожа ханмен Тобыл 
өзенінің жағасында қалың әскерімен кездесіп жеңіп шығып едім ғой. Қандай 
қызық, қандай қайтып келмес, әселдей тәтті күндер! Сол жолы еді ғой, өзге 
батырларымның біреуіне де қимай он төртінде туған айдай толықсыған, 
адамзаттың сұлуы, Махмед-Қожаның жесірі, Арғынның қызы Ағанақ-Бикені өзім 
алып едім. Ағанақ-Бике десе Ағанақ-Бике еді ғой. Адамзат нәпсісі дегенді 
қойсайшы, жастай қосылған ерін өлтіріп, өзін қатындыққа алғанымда опа таптым 
ба? Құшағында жатқанда төсегің нағыз бір жылан інінің қасына салынғандай 
сезінесің. Ін ішінен бір улы жылан ысылдап шығып, жалаңаш денеңе айыр тілін 
сұғып алатындай! Мен қанша жақсы көрсем де, бір иілмей өтті-ау, бейшара. 
Қайтсын, мен құр ғана ерін өлтіріп қойдым ба, соңынан еріп келген үш жасар 
баласын да өлтірттім ғой. Өлтіртпеске болмайтын еді. Хан тағы деген періште де 
қызығатын бір сиқырлы арман ғой. Өгей бала түгіл, өз балаңа да сену қиын. Ал 
1
Қытай руы ол кездегі Жетісу маңындағы қазақ руларының бірі. 


39 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет