Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет40/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   316
Байланысты:
ИБ Хронический обструктивный бронхит в фазе обострения, Байсултан Назерке 1703-52 презентация, бағдарламалық сұрақтар ШМКК (копия), 9 сынып 2 тоқсан тжб сұрақтары
Әдеби KZ
 
 
Хан күлімсіреді де қойды. Кенет оның көзі есікке таяу тұрған Керейдің он жеті 
жасар баласы Бұрындыққа түсіп кетті! Жүрегі дір ете қалды. Ананың бет 
құбылысында жеті жасар Мұхамед-Шайбаниға деген аязданған қар тәрізді бір 
алуан өшпендік ызғары байқалады. Шүңет көздері шоқтай қадалып тұр. 
Елуге таяған Әбілқайырдың тікелей хан тағына отырар мұрагері ең тұңғышы 
марқұм Шах-Будақ сұлтан болатын. Одан кейінгі кезек екінші баласы Шайх-Хайдар 
мен осы Мұхамед-Шайбанидікі... Ақылды хан жау садағының оғы, өзі өлгеннен 
кейін, Шайх-Хайдар мен осы жеті жасар немересіне кезенетінін бірден ұқты. Хан 
тағына ие болудан туатын ұлы таластан әлі түсінігі жоқ жеті жасар немересін 
қорғағысы келгендей Әбілқайыр кенет Мұхамед-Шайбаниды аялай бауырына 
қысты. «Расымен-ақ біреу осы нәрестеге де қол көтерер ме екен? Кімнің бұл 
шаңырағын қиратып, түндігін тіліп еді?» — деді ол ішінен. Бірақ хан дәл бұл сәтте 
өзінің Махмед-Қожаның баласына істегенін есіне түсірмеді. Бәсе, үш жасар 
нәресте Махмед-Қожаның ұлы Әбілқайыр ханның несін бүлдіріп еді? Қай 
шырағына көлеңке болып еді! 
Бірін-бірі қасқырша талаған, тек жеңгендері ғана өмір сүретін қатал заман. 
Әбілқайырдың кенет немересін бауырына неге қысқанын бір-ақ адам ғана түсінді. 
Ол — Жәнібек сұлтан еді. «Дұрыс ойлап отырсың, хан ием, — деді ол ішінен, — 
сенің ошағыңды маздататын ақырғы тобылғың осы Мұхамед-Шайбани немерең 
болар. Жеті жасар баладай емес тым ересек, ақылды... Егер осы немерең
қыршынынан қиылса, сенің де отыңның мәңгі сөнгені». 
Демек, бір мың төрт жүз алпыс сегізінші жылы Әбілқайыр хан өлгенде, он 
жетіде қалған Мұхамед-Шайбани мен он екі жасар інісі Махмұт-Сұлтанның ерлік 
әрекеттері арқасында Әбілқайыр ошағының көпке дейін сөнбейтінін дәл осы сәтте 
Жәнібек сұлтан білмеді. Ал қазір ол Әбілқайыр ханның жеті жасар жанғалы тұрған 
шамшырағы жайында тек көмескі қобалжу ойда ғана болды. 
Хан әп-сәтте бойын жинап алды. 
— Бар, қалқам, Тарланкөкті жіберген болсаң, басқа асауды үйрет, — деді. 


42 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет