Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет7/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   316
Байланысты:
ИБ Хронический обструктивный бронхит в фазе обострения, Байсултан Назерке 1703-52 презентация, бағдарламалық сұрақтар ШМКК (копия), 9 сынып 2 тоқсан тжб сұрақтары
Әдеби KZ
 
 
Ұлы таққа Күйік отырды. Енді біріне-бірі қас қос бөрінің арасы алыстай берді. 
Бірі «Ұлы Орданың ханымын» деп көкірек көрсеткісі келсе, екіншісі туы аспанда 
желбіреген Алтын Орданың айбынын алдынан кес-кестей тартты. Батухан Күйіктің 
бұйрықтарын жалпы тыңдағанмен, кейде сылтау тауып орындамай қоюды да 
шығарған. 
Бұндай жағдайда үш жыл шыдаған Күйік төртінші жылы қалың қосынмен 
Тарбағатай тауынан түсіп, Алтын Ордаға қарай бет алған. Осындай жанжалды 
күтіп отырған Бату да су жүректік көрсетпеген. 
Еділ өзенінің сағасындағы Алтын Орда астанасы Сарай қаласынан «Сары- 
арқадағы елімді көремін» деген сылтаумен он түмен қолмен Күйікке қарсы 
жүрген. 
Қалың қол екі жақтан таяй берді. Күйік пен Бату алыстан айбат көрсетіп, 
аяқтарымен жер қопарып сүзісуге келе жатқан екі бұқа тәрізді. «Қайсысының 
мүйізі сынбақ? Ал сынбаса қайсысының мүйізі мұқалып, намысқа шыдай алмай 
қан қақсап сырқырамақ?». 
Бүкіл Шыңғыс әулеті болып демін ішіне тарта күтті. Бірақ заңғар мүйіздер сарт-
сұрт ұрысқан жоқ. Күтпеген жерден жол-жөнекей Күйік екі күн ауырып қаза 
тапты... 
Әбілқайыр езу тартып күлімсіреді. «Иә, Күйік жоқ жерден о дүниеге сапар 
салды. Бірақ қандай аурудан кеткенін әлі күнге дейін тірі жан айта алмайды. 
Әлде... О да ғажап емес. Егерде жауыңды жеңер найзаның ұшынан басқа да жол 
таба алсаң, несі айып? Жоқ, жоқ, Шыңғыс бөрілері кісі өлімінен сескеніп көрген 
емес. Ал сонда өзінікі не? Бір қара қазақты өлім жазасына қия салуға неге 
осыншама қиналады? Бұл не, қорқақтығы ма, әлде кәріліктің алды боп
табанының бүрі кете бастағаны ма? Жоқ, жоқ, екеуі де емес, бұл жағдайды оңай 
шешуге болмайды. Мұнда ойланатын кәп көп...» 
«Өлім! Керек жерінде, Жошы тұқымы да екі қолын қанға бояп шыға келері хақ. 
Оған сонау Бату ұрпағының істері куә». 



Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет