Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет9/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   316
Байланысты:
ИБ Хронический обструктивный бронхит в фазе обострения, Байсултан Назерке 1703-52 презентация, бағдарламалық сұрақтар ШМКК (копия), 9 сынып 2 тоқсан тжб сұрақтары
Әдеби KZ
 
 
бесінші жылдан бір мың үш жүз он екінші жылға дейін тақта отырған Тоқтағудан 
кейін Батудың немересі, Аюханнан туған Өзбек хан өлгеннен соң Алтын Орда 
тағына Өзбектің баласы Жәнібек отырды. Осы әз Жәнібек ханды қараңғы түнде 
туған баласы Бердібек өз қолынан бауыздап, хан тағына жетті. Бірақ Бердібек құр 
әкесін өлтіріп қана қоймады. Алтын Орда тағынан дәметер деп, бір жазда ат 
жалын тартып мінер аға-інісін тегіс өлтірді. Абат елді ала айран етті. Әйтсе де 
меншіктенген алтын тақ оған да құтты болмады. Таққа отырғанына екі жыл өтер-
өтпестен, қастасқан туыстары оның өзін бауыздап өлтірді. Халық арасына тарап 
кеткен «Нар мойны кесілген, Бердібек хан өлген кез» деген мәтелдің аңысы 
содан. Міне, осы Бердібек ханның өлуімен бірге Бату ұрпағының Алтын Ордаға 
хан болуы да біткен 
Әбілқайыр осы оқиғаларды біраз ойлап отырды да, орнынан түрегеліп терезе 
алдына барды. Бірақ бірінен соң бірі тізбектелген ауыр ойлар, соңынан ерген 
жетім күшіктей, қалмай қойды. 
«Алтын Орда хандығына талас Батухан ұрпақтарының арасында біткенмен, 
Жошының өзге балаларының үрім-бұтақтарының ішінде бітті ме?» Дәшті Қыпшақ 
ханы тағы да ауыр күрсінді. 
«Жошыдан қырық ұл, он жеті қыз туған екен. Әрқайсысы бір ұлыс, әттең ауыз 
бірліктері болмады. Алтын Орда ханы боламыз деп қырық пышақ боп қырылысты 
ғой бәрі. Соның ішінде тек Бату ұрпағы ғана үстем болып келді. Егерде Жошының 
үлкен баласы Орда Батудай азулы жаратылғанда көкек әні басқа түрде айтылар 
еді. Әйткенмен Орда ұрпағының бозөкпе болғаны теріс тимеді. Міне енді, 
Бердібек сұмның қанды қолы арқылы Бату ұрпағынан бақ құсы ұшып еді, Алтын 
Орда өзгемізге қалған жоқ па? 
Рас, Алтын Ордадағы Сайбан ұрпағы кешірек хан бола бастады. Ал, Жошының 
он үшінші баласы Тоқай Темір ұрпағы бесінші буынында, Ақсақ Темір көрегенмен 
алысып өткен Орыс ханның кезінен-ақ бауыр басты. 
Игіліктің ерте-кеші жоқ, тек арты қайырлы болсын. 


11 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет