Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет3/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   316
Байланысты:
ИБ Хронический обструктивный бронхит в фазе обострения, Байсултан Назерке 1703-52 презентация, бағдарламалық сұрақтар ШМКК (копия), 9 сынып 2 тоқсан тжб сұрақтары
Әдеби KZ
 
 
Кітап шығару ең қиын кезеңін бастан кешіріп отырған қазіргі күнде, Ілияс 
Есенберлиннің шебер қатталып, талғампаздықпен безендірілген трилогиясы 
жарық көруінің өзі тәнті етеді. Бұл көп ретте «Қазақойл» ұлттық мұнай 
компаниясында, 
қазақтың 
«Астана-моторс» 
компаниясында, 
«Эксон» 
компаниясының Қазақстан өкілдігінде жұмыс істейтін адамдардың өнер мен 
тарихқа немқұрайды қарай алмай, оған іңкәрлік білдіруінің арқасында мүмкін 
болды. 
Мен оларға шын жүректен ризалығымды айтамын. 
Ал қымбатты оқырмандар, сіздерге болса, «Көшпенділердің» беттерімен қызықты 
әрі пайдалы саяхат жасауға тілектестік білдіремін.
 
 
 
Қазақстан Республикасының Президенті 
 
Нұрсұлтан Назарбаев
 



Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ
 
 
Бірінші бөлім 

Ажал — үстемдігіңді жүргізудің ең берік құралы емес пе? 
Бабасы Шыңғысхан бүкіл әлемді осы ажал арқылы бағындырмақ болған жоқ 
па еді? 
Қара бұқараны өліммен әлдилеуден Шыңғыс ұрпағынан шыққан қай хан 
тартынған?» 
Әбілқайыр ірбіз 
1
терісінің үстінде аунап түсті. 
«Иә, өлім себу — Шыңғыс бабаның ұлы саясаты. Ол өзінің бүкіл әлемді жаулап 
алам деп жинаған жау жүрек ератын 
2
да осы өліммен қорқытып ұстаған жоқ па?.. 
Иә, иә, сөйткен еді ғой. Қалай делінген еді сол бір тәртіп Ясысында?» 
Әбілқайыр көзін жұмды. Жақында ғана фарсы тіліне аударылған. Шыңғыс 
бабасының әмірі жүріп тұрған кезінде Қарақұрымда болған италиялық бір 
жиһанкез жолаушының жазған кітабының әрбір әрпі бақандай боп көз алдында 
тұра қалды. Әбілқайыр ернін жыбырлатып оқи бастады: «Монғол әскері жайында. 
Шыңғысхан он адам бір адамға бағынсын деп бұйырған (біздіңше оны онбасы 
дейді), ал ол онбасы бір жүзбасыға бас иген. Он жүзбасының үстінен бір адам 
қараған. Оны мыңбасы деген. Бар әскерінің басына үш ноян қойған. Бұл үш ноян 
барып бір қолбасшыға тізе бүккен». Әбілқайыр сәл көзін ашты. Ең қызығы ар 
жағы... Ол қайтадан оқи түсті: 
«Егер ұрыс кезінде осы он адамның біреуі, не екеуі, үшеуі, тіпті одан көбі кейін 
қашар болса, олар өлтіріледі, ал жүздіктің өзгелері қозғалмай, әлгі он адам бәрі 
бірдей кейін шегінсе бәрі де жойылады: қысқасын айтқанда, бәрі бірге шегінбесе, 
өз бетімен шегінгеннің бәрі тегіс өлтіріледі. Осы айтқандай, он адамның бір-екеуі 
жауға қарсы ұмтылып, өзгелері тұрып қалса, тұрып қалғандар тегіс құртылады. Ал, 
1
І р б і з — ескі түркі тілі — леопард. 
2
Е р а т — ескі түркі тілі — әскер деген мағынада. 



Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет