Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет210/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   316
Әдеби KZ
 
 
соңдарынан ертіп келе жатыр екен. Жәнібек хан нөкерлерімен таяу келіп, қол 
қусырып иіліп сәлем берді. 
— Арсың ба, Асан ата? 
— Барсың ба, жарқыным? 
Хан енді қазақ әдетімен алдымен құшағын айқастыра, кеудесіне кеудесін
тигізіп, әуелі Асан Қайғымен сәлемдесті, содан соң барып Қотан жыраумен
Қазтуғанмен амандасты. Қазтуғанның орнына енді Жәнібек ханның өзі Асан 
Қайғының қолтығынан ұстады. Бәрі бірдей хан Ордасына беттеді. Ақ Ордаға тәжім 
етіп кіргеннен кейін үш жырау хан тағының оң жағындағы шайы көрпенің үстіне 
барып отырды. Асан Қайғы төрде. Одан сәл төмендеу Қотан қарт, сосын барып 
Қазтуған тайшы жайғасты. Хан нөкерлері аяқтарының ұшымен дыбыс шығармай 
жүріп, шынтақтарына үлпілдеген мамық жастық салды. Сөйтсе де Жәнібек ханды 
сыйлаған қарттар, аяқтарын көсіліп жастыққа жантаймады, сол малдастарын 
құрып отырған қалыптарынан қозғалмады. 
— Жол болсын, қария, — деді Жәнібек, Асан Қайғыдан жөн сұрап, — алыстан 
келесіз бе? 
— Ақсираққа жақын, ақсақалға алыс жерден келемін, жарқыным. Бабам 
Майқы би көш салған Алатаудың қойнауындағы, гүл-бақшасы жайнаған, бұлбұл 
құсы сайраған Алмалықтан шыққан бетім бар... 
— ә-ә... құтты қоныстан аттанған екенсіз ғой. 
— Құтты дейсіз бе?.. — Асан атаның қабағы қарс жабылып кетті. — Бізден де 
бұрын насрани діні шіркеуі салынған екен... 
— Батыс қонысы тым алыс қой. 
— Қызыл түлкіге қызыққан қыранға алты күндік атырап әудем жерден жақын. 
— Рас, Жетісу өңірі жердің қызыл түлкісі. 
— Айыбы — ажары. Сол себептен де Сойқын Сайдан Шығыстың әп жыланы 
әлсін-әлсін басын сумаңдай көрсетіп жатқан жоқ па? 
— Тірі қалғың келсе елің күшті болсын. 


226 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет