Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет77/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   316
Әдеби KZ
 
 
— О да адам емес пе? — деген жас сұлу қабағын сәл шытып. Сол сәтте көзінен 
ұшқын атып жігітке қараған: — Көнбесе... Дүниеде екі тумақ жоқ. Бәрібір... Онда 
да қосыламын! — деген. 
Кенет құрыш денесіне қанат бітіп, көкке ұшар құстай көңілі шалқи жөнелген 
Орақ: 
— Қазір өліп кетсем арманым жоқ, — деген даусы қуанғанынан сыбырлай 
шығып. — Асқа мен де барамын, Ақбақайымды бәйгеге қосып көрмекпін. Сонда 
көрісерміз! 
Бірақ Орақ асқа келмеді. Егер тірі болса келері күмәнсіз еді. Оны Аққозы жақсы 
білетін. Сол себептен өзге құрбы-құрдастары айтысқа кеткенде, ол шыдай алмай 
аулының сыртындағы мың жусанды, тырбақай бетегелі қырқаға шығып, 
күншығысқа қарап Орақты сарғая күтумен болған. 
Хан жырау толғауын Қыпшақ руының Шыңғысханға қарсы шығып ерлік 
көрсеткені үшін тоқтатқан жоқ. Бұндай толғауға Сайбан ұрпақтары түгіл, бүкіл 
Жошы үрім-бұтақтарының құлақтары үйренген. Ал шыдай алмағандары кегін 
ішіне сақтап қалатын. Тікелей дау шығаруға халықтың қаһарынан сескенетін. 
Хан қанын ішіне тартып отырса, ол жырау сөздеріне шамданғандықтан емес, 
бөтен жағдайдан Батуханның ұрпағы Бердібек ханды ағайын-туысы өлтіріп, 
Сайбан ұрпақтары Сайын тағына отырғанға дейін Дәшті Қыпшақ Ордасы әркімнің 
қолында келген. Бұл кезде болған ханның бәрі дұрысын айтқанда не Ноғай 
батырдың, не Ақсақ Темірдің дегенімен жүрген. Тек Орыс хан, Тоқтамыс пен Едіге 
ғана көнбеген. 
Сайбан ұрпақтары Көк Ордаға ие болғаннан соң да осы жағдай жойыла 
қоймаған. Әбілқайыр хан тағында отырғанмен де оның қолынан халықтың басын 
қосып, Сайын Ордасының қызыл туын бүкіл Дәшті Қыпшақ үстіне желбірете 
алмаған. Оған себеп бәз-баяғы қазақ руларының өз батырларына, биіне ғана 
бағынуы. Рушыл халық хан үстемдігін тек ру басшылары би, батырлар қабылдаса, 
сонда ғана мойынсұнған. 


82 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет