Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет78/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   316
Әдеби KZ
 
 
Тек өзінің дұшпандарын жеңіп, Әбілқайыр Көк Ордаға билігі өктеп жүре 
бастағаннан кейін ғана бұл жағдай кілт өзгерді. Бірақ ол Орда төбесіне Сайын туын 
да емес, Ақ Орда туын да емес, Өзбек ханның туын тікті. Өлеріне он жыл қалғанда 
Қыпшақ, Мауреннахр, Қорасан жеріндегі «осыдан бір пәле келеді-ау» деген 
Жошының басқа ұрпақтарының басын қостырмай тізе көрсетіп, құмдай 
бытыратып, әрқайсысын әр жаққа қуды. Тек Жошының бір буыны Қасым 
сұлтанның Астрахань тағына отыруына жәрдемдесті. Онда да Әбілқайырдың өзі 
ғана білетін себебі бар еді. 
Әбілқайыр Шығыстың көп жерін алғанменен, бұл жеңіс өзіне қауіпті қатер 
туғызуға айналды. Талан-тараж болған Жошының басқа ұрпақтары Әбілқайырды 
жеңу үшін жапа шеккен руларды біріктіре бастады. Әсіресе Моғолстанды 
басқарып отырған Жағатай ұрпақтарымен енді жаңа хандықты жанталаса 
көксеген Жәнібек пен Керей тіл табуға тырысты. Егер бұлар тіл тапса, оңай күш 
емес. Оны бұл жалғанның қыбыр-тықырына елеңдеп тұратын хан жақсы біледі. 
Моғолстан мен қазақ руларының басын біріктірмей құрту керек! Ал құртудың 
екі жолы бар, бірі — Моғолстанды шабу. Екіншісі — Жәнібек пен Керейді көп 
кешіктірмей жою. 
Үйелменді ел Моғолстанға аттануға әлі ертерек. Ол үшін Қорасанды өзіне тегіс 
бағындырып, әбден күшейіп алған абзал. Қазір осыншама жерге қанат жайып 
кеткен Жағатай ұрпақтары мен Моғол бекзадаларын аяқ астынан құрта
алмайсың. Сонда екінші жол қалады. Әбілқайыр хан ордасында туғалы тұрған 
бүлікті білмей жүрген жоқ, біледі және сол бүліктің Барақ балаларынан 
шығатынына да шек келтірмейді. Сөйте тұрып, оларды бірден, тіпті бір түнде 
нөкерлерін жіберіп, жоқ қылып жіберуге жүрегі дауаламайды. 
Ханның дәл өткір қанжардай алып түсетін кезінде де алып түсе алмауының да 
үлкен астарлары бар... 


83 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет