309
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004
Әдеби KZ
сұраймын деп құлағынан айырылыпты» дегендей, Яссыны аламын деп жүргенде
өз бекінісімнен айырылып қалармын деп, жедел жүріп Отырарға жетіп үлгірген.
Отырардың бекінісі Яссыдан да берік соғылған.
Қаланы қоршаған биік қамал,
етегінде терең қазылған жалпақ ор. Қамал шеттері, жоғарыдан садақ атуға
ыңғайланып істелген үзеңгі тесік. Төмендегі жау садақ оғын қанша атса да ар
жағындағы адамға тигізе алмайды. Үзеңгі тесікке дәл тиген күнде де, жуан қиғаш
қабырғаның не
төменгі, не жоғарғы жағына барып қадалады. Ал қамалды бұзу
тіпті мүмкін емес. Биіктігі қырық, жуандығы жиырма құлаш, қаттылығы тастан кем
емес сұр балшық шымнан құйылған... Бір жыл қаладан ешкімді шығармасаң да
ішіндегі азық-түлігі жұртқа жетеді. Отын-суы да мол. Үй ара қазылған шыңырау
құдық. Қамал тұрғындарына қарағанда сырттағы жаулап
алуға келген Бұрындық
пен Қасым әскерінің халі анағұрлым нашар. Қылтаңы жоқ құба жон. Көктен
күйдірген күн, көріктей үрген ыстық жел. Дариядан бұрылған су да лайлы, ішсең
таңдайыңа топырақ дәмі тұрып қалады. Шай қайнатсаң ғана сусынға жарайды.
Оның үстіне осыншама әскерді ұстау үшін қаншама азық-түлік керек. Бір ай
өткесін-ақ жұрттың елдеріне қайтқысы келе бастады. Бірақ
бір беткей Бұрындық
көнбеді. Қала ішіндегі жасырын адамдары арқылы Мұхамед-Шайбанидың
әскерінің аз екенін бұрыннан да білетін. Ол енді қамалдың астын қазып, қалаға
кіретін үңгір-жол жасатуға кіріскен. Бүгін-ертең бітіп те қалар. Ал қалаға бір кірсе
болды, Мұхамед-Шайбаниды қолға түсті дей бер.
Махмуд-Сұлтан тұтқында, енді
Мұхамед-Шайбаниға қолы бір жетсе болғаны, қос бөрінің ыстық қанын бірден
ішіп, жауынан кегін алмақ. Оларды өлтірсе жері кеңімек. Бірақ Бұрындықтың бұл
ойы болмай қалды. Қазақ әскері жер астын үңгірлеп, өзімен өзі әлек болып
жатқанда, Отырарға жәрдемге Ташкенттің әміршісі
Сұлтан-Махмұд хан жіберген
үш мың әскер келді. Бұл әскердің таң ата қаланың солтүстік қақпасынан кіріп
кеткенін Бұрындық пен Қасым ертеңіне бір-ақ білді. Енді қамал астын қазудың бос
әуре екенін екеуі де түсінді. Жер астымен кірген әскерді мына үш мың қол үңгір
310
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004
Достарыңызбен бөлісу: