Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет55/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   316
Әдеби KZ
 
 
араларына және арт жағынан шабуылға шыққан жауды кідірту үшін арбалар 
қоятын. Осы арбалардың артында керек кезінде ұрысқа түсуге дайын тұрған тағы 
да әскері болатын. Ал егер жау жағының күші басым келіп, шабуылды олар 
бастайтынына Қыпшақтардың көздері жетсе, соғысу тәсілін басқаша жүргізетін. 
Үстіне өгіз, түйе терілерін жапқан арбалардан дөңгеленте бекініс жасайтын. 
Арбалардың шетінде жағалай тұрып алып, шабуылға шыққан жауына оқ 
жаудыратын. Жау қай жағынан келсе де дөңгелене құрылған бекіністегі 
Қыпшақтарды ала алмайды. Өздері оққа ұшады. Оның үстіне Қыпшақтар әлгі 
арбадан жасалған дөңгелек бекіністерінің ара-араларында қисық-қисық жол 
қалдырып, жау күшінің әлсірегенін білсе, өздеріне таныс қисық жолдарымен жау 
шебіне ат қояды. Ал шабуыл жасаған жау бұл жолдарды пайдалана алмайды. 
Шауып келіп кіремін деген жауынгер екпінімен кеп алдындағы арбаны соғып, быт-
шыты шығады. Ал әлдеқайда кіре қалған етрат 
1
бұраңдап жатқан жолмен бекініс 
ортасындағы шепке жеткенше Қыпшақтың бірер жігітінің шірене тартқан 
садағының сауыт бұзар жебесіне душар болады. Тіпті таяп қалса найзағайдай 
жарқылдаған наркескенінен қаза табады. Ал арба арасындағы қисық жолдарды 
Қыпшақ жауынгерлері мейлінше еркін пайдаланатын. Жау күтпеген жерден, тал 
арасынан шыққан жолбарыстай, лып етіп пайда болып, садақ оғын жаудырып-
жаудырып жіберіп, қайтадан кіріп жоқ болып кетеді. Басына жүген киіліп, үстіне 
ер 
түскенінен 
бұл 
әдіске 
машық 
болып 
үйренген 
Қыпшақ 
жыл- 
қылары еш уақытта әдет алған жолынан жаңылыспайды. Қамыс арасымен 
сусылдап өткен жыландай, арбалар арасынан қалай болса солай өте шығатын. 
Мұндай әдіске дағдыланбаған жау аттары екпінімен кеп, ең бірінші бұрылыста-ақ 
арбаға соғылып, арындап барып шалқасынан түседі. Соңынан келе жатқан 
жауынгерлер жолы бөгеліп тоқтап қалатын. Осы сәл аял Қыпшақ жігіттеріне 
жеткілікті. Құлаштап тартқан қайың садақтан ысылдай атылған ажал жебелері 
кімді болса да ат үстінен ұшырып түсіреді. 
1
Е т р а т — көне түркі тілі, жауынгер деген мағынада. 


59 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет