Косметика өндірісі мен технологиясына кіріспе


■  Қосымша ингредиенттерге



Pdf көрінісі
бет1023/1156
Дата14.12.2021
өлшемі16,24 Mb.
#126472
1   ...   1019   1020   1021   1022   1023   1024   1025   1026   ...   1156
Байланысты:
b436ce0a649361871333ff7a454fb4e8 original.17032999

■ 

Қосымша ингредиенттерге 

феноксиэтанол, бензоаттар және пара-оксибензой қышқылының эфирлері 

сияқты консерванттар және бутилденген гидрокситолуол (БГТ) мен бутилденген гидроксианизол (БГА) 

сияқты антиоксиданттар жатуы мүмкін; егер әзірлеуде су қолданылса, оңтайлы текстураға қол жеткізу 

үшін құрамына суда еритін қоюландырғыштар да қосылуы мүмкін. Оның үстіне темір оксиді, алюминий 

гидроксиді, титан диокиді сияқты бояғыштар және органикалық пигменттер мен хош иістендіргіштер де 

құрамына кіруі мүмкін.

    


Шугаринг

 – бұл, түкті балауызды қолданып жұлғанға ұқсас әдіс. Қант қоспасы қантқа лимон қышқылы 

және су қосып шәрбат түзілгенге дейін қыздыру арқылы дайындалады. Қант компоненттеріне жүгері шәрбаты, 

бал сығындысы және мальтодекстрин кіреді. Шәрбат шарлар ретінде теріге жағылып түкпен бірге теріден 

жұлып алынады. Балауызды қолданғандай түк түбірімен бірге толық жұлынады және шугаринг әдісі терісі 

балауызға  сезімтал  адамдарға  қолданылады.  Қант  негізіндегі  түкті  жою  өнімдерін  теріге  қолмен  немесе 

қалақшамен жағуға болады. Бұл әдістер терінің күюіне себеп болмайды, себебі олар бөлме температурасында 

қолданылады. Оған қоса құрамында шайыр болмағандықтан теріге қатты жабыспайды.

28

 Бүгінде өндірушілер 



кейде құрамына шайыр қосады, ал ол шугарингті балауызды қолданғанмен бірдей кемшілікке әкеледі.

Бұл  әдістің  басты  кемшілігі  –  қант  және  қант  өнімдері  негізінде  жасалған  өнім  құрамында  су  немесе 

спирттер не осылардың қоспасы бар, ал олар оны қолдану үшін ыдысты ашқан сайын буланады. Бұл қанттың 

немесе қант өнімдерінің кристалдануына әкеліп, ол түкті жұлу қасиетінен айырылады. Сондай-ақ қолданар 

алдында ыдысты ашу да қиынға соғады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1019   1020   1021   1022   1023   1024   1025   1026   ...   1156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет