Косметика өндірісі мен технологиясына кіріспе



Pdf көрінісі
бет769/1156
Дата14.12.2021
өлшемі16,24 Mb.
#126472
1   ...   765   766   767   768   769   770   771   772   ...   1156
Байланысты:
b436ce0a649361871333ff7a454fb4e8 original.17032999

■ 

Әлсіз байланыс

• 

Сутек байланыстары (Н-байланыстары)

 Н-байланыстар айтарлықтай әлсіз болып, су мен жылудың 

әсерінен оңай бұзылуы мүмкін. Олар шаштың жалпы пішінін өзгерту үшін

 

басты жауапкершілікті 



көтереді.  Жеке  Н-байланыстар  әлсіз  болса  да,  олар  байланыстың  барлық  түрлерінің  көбінде  бар; 

демек, олар шаш талшықтарының мықтылығына айтарлықтай ықпал етеді.



• 

Тұзды байланыстар:

 Тұз байланысы бір амин қышқыл тізбегінің оң ұшы мен көрші аминқышқыл 

тізбегінің  теріс  ұшы  арасында  пайда  болады.18  Сонымен  бірге  олар

 

иондық  байланыс  немесе 



кулондық өзара іс-қимыл ретінде белгілі. Бұл байланыстар рН деңгейіне сезімтал болады, сондықтан 

олар күшті сілтілі немесе қышқыл ерітінділермен оңай жойылады. Бұл әлсіз байланыстар болғанымен, 

олар шаш талшықтарының беріктігінің айтарлықтай бөлігін құрайды.

• 

Ван-дер-Ваальс  күштері:

  Бұл  күштер  тығыз  байланыстағы  бейтарап  молекулалар  арасында  әлсіз 

тартылыс күші болып табылады. Оларды сондай-ақ оңай су мен жылудың әсерімен  

 

 



бұзуға болады.

Шаштың табиғи түрі қандай химиялық байланыстардың өзгеруіне орай уақытша немесе тұрақты өзгеруі 

мүмкін. Жоғарыда айтылғандай әлсіз байланыстарды бұзу оңай. Мысалы, Н-байланыстары шашты жай ғана 

сулау  арқылы  бұзуға  болады.  Физикалық  процестер,  мысалы,  фенмен  кептіру,  тегістеу,  шашты  ию  және 

кептіру, Н-байланысты жаңа түрге ауыстыра алады, бұл шаштың сыртқы түрінің өзгеруіне әкеп соқтырады. 

Өкінішке орай, бұл жаңа байланыстар ылғалдылыққа сезімтал болып, уақыт өте келе шаш өзінің табиғи дудар, 

бұйра немесе әлсіз, түзу қалпына оралуы мүмкін.

19

 Тұрақты өзгерістер енгізу үшін, мысалы, перманентті түрде 



түзету немесе шашты көтеру, мықты химиялық байланыстардың өзгеруі қажет. Шашты перманентті түрде 

көтеру немесе бұйралау дисульфид байланыстарын бұзып, баламалы түрде топталуын талап етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   765   766   767   768   769   770   771   772   ...   1156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет