■
Тым жоғары сезімталдықтың алдын алатын заттар
тістің беткі қабатын және қызыл иектің бос
шетін қорғау үшін қолданылады. Калий нитраты (5%), калий хлориді және калий цитраты сияқты калий
компоненттері тіс жүйкесінің ұштарының сезімталдылығын кетіреді. Басқа ингредиенттер, мысалы
стронций хлориді (фтормен үйлеспейтін), қалайы фториді (0,454%) және кальций натрийі, фосфосилат
52
дентиннің өткізгіштігін төмендетеді және жүйке ұштарының қозуына жол бермейді.
■
Тіс тасының пайда болуын / оның алдын алуды бақылайтын
ингредиенттер минералдануды бақылау
арқылы тістердің бетінде тастың пайда болуына жол бермейді (олар сонымен қатар кристалдың өсуін
тежегіштер деп аталады). Мұндай ингредиенттерге: пирофосфат, мысалы, натрий тетрапирофосфаты
(TSPP), калий тетрапирофосфаты (TKPP), натрий қышқыл пирофосфаты; фосфонаттар, мысалы, натрий
гексаметафосфаты (SHMP); мырыш тұздары, мысалы мырыш цитраты, мырыш хлориді және мырыш
лактаты; сондай-ақ метил винил эфирі мен малеинді ангидриді (PVM / MA) сополимерлері жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |