7
БАСҚА ӨНІМДЕР
КІРІСПЕ
Бұған дейін талқыланған косметика және жеке гигиена өнімдеріне қоса талқылануы тиіс басқа өнім санаттары
да бар. Кейбір өнімдер бала күтіміне және әйел гигиенасына арналған өнімдер сияқты адамдардың белгілі
бір тобының қажеттілігіне арнайы құрастырылып жасалса, түкті жою өнімдерін көпшілік кеңінен қолданады.
Жекелей алғанда бұл өнімдер тобының тері мен шаш күтіміне арналған өнімдермен немесе декоративтік
косметикамен салыстырғанда нарықта алатын үлесі төмен. Дегенмен бұлар да өмірімізде маңызды орын
алады.
Бұл бөлімде түкті жоюға, бала күтіміне, жасанды күнге күюге және әйелдер гигиенасына арналған өнімдерді
қамтитын төрт өнім санаты қарастырылған. Түрлі бөлімде дененің белгілі бір бөлігінің анатомиясы мен
физиологиялық функциясына және тері типтеріне шолу жасалған. Сондай-ақ әр санат бойынша қолжетімді
әр түрлі өнімдерге, олардың құрамындағы негізгі ингредиенттерге, олардың қасиеттері және жасалу
технологиясына жалпы сипаттама берілген. Осы жеке гигиенаға арналған өнімдердің артықшылықтары
мен кемшіліктері туралы да осы бөлімде бар. Тіпті сапаны бақылау мәселелері, негізгі сынау әдістері және
тұтынушылардың қажеттілігі талқыланған.
Достарыңызбен бөлісу: |