Адам түгінің құрылымы мен функциясына қысқаша сипаттама
5-бөлімде талқыланғанға сәйкес дене түгелдей дерлік түк түйіншелерімен жабылып жатыр, бірақ олардың
түсі мен көзге көрінуі әртүрлі. Үлпе түктер ашық түсті (яғни құрамында меланин мөлшері аз) өте нәзік,
жіңішке болып келеді, сондықтан олар көзге әзер көрінбес. Бұған қарама-қарсы
ұзын түктер жуан, ұзын, қою
түсті және көзге жақсы көрінеді.
Бүгінде ерлер мен әйелдер бетіндегі және денесіндегі ұзын түктерді ешқандай медициналық проблемаларсыз
жоюды күнделікті іске айналдырған.
СІЗ БІЛЕСІЗ БЕ?
Түк түйіншелері болуы тиіс жерлерде түктің өсуіне себеп болатын белгілі
бір медициналық жағдайлар бар. Мысалы, аномальды аталық гормоны,
яғни әйелдердегі тестостерон мөлшері. Қалыпты жағдайда әйелдерде
тестостерон деңгейі төмен болады, адайда белгілі бір гормоналдық
бұзылулар тестостерон деңгейінің артуына әкеледі. Мұндай жағдайларда
дененің ішкі бөлігінде немесе бетте артық ұзын түктер пайда болуы
мүмкін.2 Бұл құбылысты жиі артық немесе қажетсіз түктену деп атайды.3
Мұндай жағдайларда түкті жою үшін медициналық көмекке (соның
ішінде дерматолог, гинеколог және эндокринолог мамандарына) жүгініп,
жағдайдың негізгі себептерін анықтау керек
Бұған дейін айтылғандай түк түбірлері пилосебацейлік кешенінің бір бөлігі, оған сондай-ақ май безі мен
түктің түзеткіш бұлшықеті кіреді (5.1-суретті қараңыз). Олар дерма қабатында орналасады, ал түк түбірі
эпидермистен өтіп терінің бетіне дейін барады. Беттегі түк талшықтарының (яғни, сақал) диаметрлері үлкен
және жиі ассиметриялы болатыны көрсетілген.
4
Бұл маңызды болып саналады, себебі түктің құрылымдық
қасиеттері қырынуға әсер етеді. Түкті қыруға түсірілетін күш оның диаметріне тура пропорционал, түк диаметрі
неғұрлым үлкен болса, соғұрлым көп күш қажет болады. Сақалды қыруға бас пен аяқты қыруға қарағанда үш
есе көп күш жұмсалады.
5
Сонымен қатар ылғалдандырудың түк түбірін жұмсартатыны, соның арқасында
қырғыш құрал жүзіне қарсыласуды азайтып, қыруды жеңілдететіні белгілі. Қысқа уақытқа ылғалдандыру
терінің иілгіштігін жақсартып, қырғыш жүзі тері бетімен қозғалғанда терінің жақсы деформациялануына
және қалпына келуіне мүмкіндік береді.
6
Сондай-ақ 5-бөлімде түктің циклдермен өсетіні айтылған (5.4-суретті қараңыз). Бірінші фаза – анагендік
фаза, белсенді өсу фазасы. Ол дененің түрлі бөлікдеріндегі түктің ұзындығын реттейді. Екінші фаза – катаген
469
фазасы, өтпелі кезең. Катаген фазасында жасушалардың бөлінуі тоқтап, түктің өсуі доғарылады. Үшінші
фаза – телоген фазасы, тынығу кезеңі. Бұл фазада жасушалардың репликациясы мен түктің ары қарай өсуі
бірнеше айға дейін жүрмейді. Телоген фазасының соңында түк түсіп қалады. Түрлі дене бөлімдерінде телоген
фазасының ұзақтығы әр түрлі болады. Тынығу фазасынан кейін, жасушалар қайта бөліне бастайды, жаңа түк
түбірі қалыптасып, өсе бастайды. Түкті ұзақ уақытқа жоюды қолданбақ болған адамға түктің өсу циклін білу
маңызды, Анаген сатысында түк түйіншелері олар әлі де тірі болатындықтан лазер жарығы мен электролизге
сезімтел болатыны көрсетілген алайда циклдің екінші немесе үшінші сатысындағы түктер процедурадан кейін
де өсуін жалғастырады.
7
Достарыңызбен бөлісу: |