Косметика өндірісі мен технологиясына кіріспе



Pdf көрінісі
бет991/1156
Дата14.12.2021
өлшемі16,24 Mb.
#126472
1   ...   987   988   989   990   991   992   993   994   ...   1156
Байланысты:
b436ce0a649361871333ff7a454fb4e8 original.17032999

НЕГІЗГІ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАР

1. 


Бүгінде түкті жою техникалары мен өнімдерінің көптеген түрлері бар. Уақытша әдістер түкті қысқа 

уақытқа  (1–3  күнге)  немесе  қолданылған  техника  мен  адамның  физиологиялық  ерекшеліктеріне 

байланысты ұзағырақ уақытқа (1–3 аптаға) жояды. Ұзақ уақыттық әдістер түктің жойылуын бір жылға 

дейін созуы мүмкін.

2. 

Процедураға дейін қолданылатын өнімдердің түкті жою техникасына қарай түрлі функциялары болуы 



мүмкін. Олар түкті барынша оңай әрі ыңғайлы кетіру, сондай-ақ терінің тітіркенуін азайту үшін арнайы 

жасалған.

3. 

Қырыну ерлер мен әйелдер арасында қажетсіз түкті жоюдың әлі де кең тараған әдістерінің бірі. Қазір 



қырынуды жеңілірек және бұрынғыдан да жайлырақ етуге бағытталған көптеген өнім түрлері, соның 

ішінде қырыну сабыны, қырыну кремі, сондай-ақ аэрозольдік қырыну көбігі мен гельдің түр-түрі бар.

4. 

Химиялық  депиляторлар  түк  кератиніндегі  дисульфидтік  байланыстарды  гидролиздеп  және  бұзып, 



соның нәтижесінде түктің бөлінуіне және оның теріден ажырауына әкеледі.

5. 


Балауыздық эпиляция – бұл, жылы немесе суық балауызды түгі бар теріге жағып, қатқан балауызды 

түкпен бірге жұлу арқылы жүргізілетін эпиляция түрі.

6. 

Процедуралардан  кейін  қолданылатын  құралдар  түкті  жойғаннан  кейін  болатын  терінің  қызаруын 



азайту, ауырсынуды және ашу сезімін басу мақсатында қолданылады.

7. 


Түкті  жоюға  арналған  өнімдердің  сапасына  байланысты  жиі  кезедесетін  кемшіліктер:  гельдер  мен 

кремдердің нашар көбіктенуі, көбіктің тұрақсыздығы, балауыздың үзілгіштігі, эмульсияның бөлінгіштігі, 

микробиологиялық ластану, түйіршіктену және ашып кету.

8. 


Түкті  жою  өнімдерін  сапасын  бағалау  үшін  сыналатын  әдеттегі  параметрлерге  көбіктену,  көбіктің 

тұрақтылығы, көбіктің тұтқырлығы, көбіктің тығыздығы және көбік құрылымы; шашырату сипаттамалары, 

аэрозольдік ыдыстан жылыстауы, қысыммен сынау және іске қосылу күші, консерванттардың тиімділігі, 

рН; тұтқырлық; және түсі кіреді.




468

9. 


Қауіпсіздік пен қоршаған орта мәселелеріне себеп болатын ең кең тараған ингредиенттерге тиогликоляттар 

мен пропелленттер жатады.



Кіріспе

Түкті жою өнімдері косметика мен жеке бас күтімі өндірісіндегі маңызды салаға айналуда. Қазіргі уақытта 

ерлер де, әйелдер де сыртқы көріністерінің эстетикалық жағына көп көңіл бөледі. Көптеген ерлер мен әйелдер 

косметикалық, әлеуметтік, мәдени немесе медициналық себептермен қажетсіз дене түктерін жоюды қалайды.

1

 

Жылдар бойы түкті жою техникалары да, соның ішінде түкті уақытша және ұзақ уақытқа жою әдістері де 



дамыды.  Қазіргі  уақыттағы  әдістер  мен  өнімдердің  қолжетімділігі  алуан  түрлі  болуы  мүмкін,  олардың 

көпшілігін үй жағдайында қолдануға болады, бірақ кәсіби салондар мен дерматологиялық кеңселерде ғана 

қолдануға болатын түрлері де бар.

Бұл бөлімде түкті уақытша және ұзақ уақытқа жоюдың түрлі техникалары мен өнімдеріне шолу жасалған. 

Сонымен  қатар  ең  кең  таралған  түкті  уақытша  жою  әдістері  мен  өнімдері,  соның  ішінде  ингредиенттері, 

оларды әзірлеу технологиясы, сапа мәселелері және қаптау материалдары егжей-тегжейлі талқыланған. Осы 

өнімдердің адам терісі мен түгіне әсер ету жолы мен тұтынушылардың жалпы талаптарына шолу жасалған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   987   988   989   990   991   992   993   994   ...   1156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет