Косметика өндірісі мен технологиясына кіріспе



Pdf көрінісі
бет1078/1156
Дата14.12.2021
өлшемі16,24 Mb.
#126472
1   ...   1074   1075   1076   1077   1078   1079   1080   1081   ...   1156
Байланысты:
b436ce0a649361871333ff7a454fb4e8 original.17032999

НЕГІЗГІ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАР

1. 


Күнсіз күйдіру өнімдері ультракүлгін әсерінсіз кәдімгі күнқақтылыққа ұқсас тері түсін жасауға арналған.

2. 


Күнсіз күйдіруді қамтамасыз ету үшін ең көп қолданылатын және ең тиімді ингредиент - дигидроксиацетон 

(ДГК).


3. 

ДГК  негізінен  лосьондар  немесе  кремдер  түрінде  қалыптастырылған.  Нарықта  ұсынылған  жаңа 

технологиялар  мен  өнімдер  күнсіз  күюге  арналған  майлықтар,  ұқаламай  жағылатын  бүріккіштерді 

қамтиды.


4. 

Құрамында ДГК бар өнімдер құрамның көптеген факторларға сезімтал болады, солардың ішінде pH, 

жылу,  полимерлі  қоюландырғыштар,  хош  иістендіргіштер,  құрамында  азот  бар  ингредиенттер  және 

дайын өнімдердің жарамдылық мерзімін шектейтін металл тотықтары.

5. 

Күнсіз күйдіру өнімі сапасының әдеттегі мәселелері түстің өзгеруін және жағымсыз иістің пайда болуын, 



эмульсиялардың бөлінуін, микробиологиялық ластануды, түйршіктелу мен ашып кетуді қамтиды.

6. 


Авто  күнсіз  күйдіру  өнімдерінің  сапасын  бағалау  үшін  әдетте  тексерілетін  параметрлерге  жағылу 

қабілеті; аэрозольдік баллондардың ағылуы мен аэрозольдік өнімдердің қысыммен сыналуы; лосьондар 




509

мен кремдердің ағылуы, қысылымдалуы, құрылымы мен төзімділігі; іске қосу күші; түсі; консерванттың 

тиімділігі; тұтқырлықы және рНP кіреді.

7. 


Ең  жиі  тестіленетін  өнімділік  параметрлері  түстің  жағылауын,  түс  қарқындылығын  және  түс 

тұрақтылығын қамтиды.

8. 

Күнсіз күюге арналған ДГК бар өнімдер 30 жыл бойы пайдаланылып, жалпы қауіпсіз деп танылды.



Кіріспе

 

Бүгінгі күні көптеген мәдениеттерде күнге күйген тері денсаулық және молшылық белгісі болып саналады. Күн 



сәулесінің зиянды әсері туралы көбірек білгендіктен күнсіз күю көп қолданылатын болады (толығырақ ақпаратты 

3-тараудың 5-бөлімін қараңыз). Осылайша күнсіз күюге арналған өнімдер күнге күйген түрге қол жеткізгісі, бірақ 

ультракүлгіннің әсеріне ұшырағысы келмейтінде үшін балама әдісті ұсынады. Жергілікті қолданғанда күнсіз күюге 

арналған құралдар теріге табиғи жолмен күнге күйген терінің түсін ұқсата отырып, уақытша бояу береді.

Осы бөлімде күнсіз күюге арналған өнімдерде пайдаланылатын негізгі ингредиенттер, олардың әрекет ету 

механизмі  және  басқа  да  негізгі  сипаттамалары  қарастырылады.  Сонымен  бірге  онда  тұтынушылардың 

қажеттіліктері,  сондай-ақ  өзіне-өзі  қолданатын  күнсіз  күю  адам  ағзасына  оң  және  ықтимал  теріс  әсері 

жинақталған. Өзіне-өзі қолданатын күнсіз күюдің сапасы мен өнімділігін бағалау үшін пайдаланылатын негізгі 

тесттер де осы бөлімге енгізілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1074   1075   1076   1077   1078   1079   1080   1081   ...   1156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет