Косметика өндірісі мен технологиясына кіріспе


Күнсіз күйдіру өнімдерін пайдалану тарихы



Pdf көрінісі
бет1080/1156
Дата14.12.2021
өлшемі16,24 Mb.
#126472
1   ...   1076   1077   1078   1079   1080   1081   1082   1083   ...   1156
Байланысты:
b436ce0a649361871333ff7a454fb4e8 original.17032999

Күнсіз күйдіру өнімдерін пайдалану тарихы

Тарих  бойы  терінің  түсі  бірегейлікте,  өзін-өзі  бағалауда  және  әлеуметтік  топқа  қатысты  маңызды  рөл 

атқарды. Қазіргі уақытта күнге күйген тері әлемнің көптеген бөліктерінде тартымды болып саналады, алайда 

әркез  бұлай  болған  емес.  19-шы  ғасырдың  ішінде  жоғары  дәрежелі  әйелдер  әрдайым  ақ  теріге  ие  болды, 

өйткені күнге күйген тері ашық ауада жұмыс істеуге тиесілі болатын, бұл төменгі әлеуметтік топтарға тән 

болған. Сол уақытта бай әйелдер қолшатыр ұстап жүріп,  күнге күйіп кетуді болдырмау және жоғары тектің 

мәртебесін  көрсету  үшін  өз  терісін  күннен  қорғайтын.  Тіпті  бүгін  де  күнге  күйген  тері  тартымды  болып 

саналмайтын кейбір мәдениеттер бар, олар күннің теріге әсер етуден барынша мүмкін дәрежеде аулақ болуға 

тырысады.

1

 Кейінірек, 20-шы ғасырда күнге күйген тері ашық ауада демалуға мүмкіндік беретін қаржылық 



тұрақтылықтың  белгісі  болды.  Еуропадағы  сән  әлемінің  иконасы  Коко  Шанель  Француз  Ривьерасында 

демалыс кезінде күнге күйіп, 1920-шы жылдары оған үлкен әсер етті. Әйелдерге оның келбеті ұнап, соны 

қайтала бастады.

2

,

3

 Қазіргі уақытта ең жиі қолданылатын күнсіз күю құралының ингредиенті ДГК, гликогеннің 



ағзада жиналғандағы ауруға қарсы ауызша енгізілген кезде 1950-ші жылдары күнсіз күю құралы деп танылды.

4

 



Балалар ДГК-ның үлкен дозаларын ауыз арқылы қабылдап, кейде ол затты денесіне түкірген немесе төгіп 

алатын.  Цинциннати  университетінің  қызметкері  Ева  Витгенштейн  экспериментті  басқарып жүріп,  терінің 

бірнеше сағаттан кейін қоңыр түске айналғанын байқаған.

5

 ДГК ерітінділерімен эксперименттер жасап, ол 



бірнеше рет теріні пигменттеуді қайталауға қабілетті болды. Күнсіз күюге арналған алғашқы өнімдер нарықта 

1950-ші жылдардың соңында ұсынылды. Бұл өнімдер, алайда, табиғи емес қызғылт сары түстің пайда болуына, 

қол мен тырнақтың  боялуы, жолақтардың пайда болуы және нашар, біркелкі емес боялу сияқты тартымды 

емес  нәтижелер  тудыратын.

6

  Сондықтан  олар  сол  күндері  өте  танымал  болмайтын.  Содан  бері  құрамдар 



айтарлықтай жақсарып, табиғи реңкті біркелкі жабуды қамтамасыз ететін және түстердің өңіп кетуіне төзімді 

өнім түрінде қолжетімді. Осылайша олардың сатылымдары соңғы онжылдықта геометриялық прогрессияда 

өсті. Бүгінгі күні оператордың қатысуымен қолданылатын аэрозольдік баллондар спа-салондар мен салондарда, 

әсіресе АҚШ пен Еуропада көп қолданылады. АҚШ-та күнсіз күюге арналған өнімдер ең жылдам дамып келе 

жатқан 10 салаға кіреді.

7



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1076   1077   1078   1079   1080   1081   1082   1083   ...   1156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет