■
Көбікті тұрақтандырғыштар
көбіктің ыдыстан шыққаннан кейін тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Көбікті тұрақтандырғыштар жасуша қабырғаларына жиналып, белгілі бір мөлшерде олардың жұқаруына
әкеледі.
•
Мысал ретінде негізінен қырынуға арналған кремдерде берілетін тізімдегідей беткі белсенді заттарды
келтіруге болады. Оған қоса диэтаноламин (ДЭА) кокамиді сияқты көбік күшейткіш ретіндегі беткі
белсенді заттар қолданылуы мүмкін.
■
Пропелленттер
– өнімді аэрозольді ыдыстан шығару үшін қолданылатын сығылған немесе сұйылтылған
көмірсутек газдары.
•
Мысалы, изопентан (сұйылтылған газ), бутан, изобутан және пропан (сығылған газдар).
Соңғы бірнеше жылда көбік түзуші гельдер деп аталатын қырынуға арналған гельдер нарықтағы көлемі
бойынша қырыну өнімдерінің нарығында маңызды орынға ие болды. Өнім әдеттегі аэрозольді ыдысқа емес,
BOV, яғни клапандағы қап деген атаумен белгілі екі бөлімді жүйеге толтырылады.
32
Екі бөлімді жүйе әдетте ішінде клапан мен икемді ішкі қап болатын аэрозольді ыдыстан тұрады. Қапта өнім
концентраты, яғни суда еритін полимерлермен тұрақтандырылған гель, сондай-ақ қайнау температурасы
төмен пропеллент бар. Қайнау температурасы жоғары пропеллент қаптың сыртқы айналасындағы кеңістікті
алады. Ол қаптың сыртында қысым тудырып, клапанды ашқанда өнімді сыртқа итеріп шығарады. Гельді
шығарып, жағар алдында су қолмен уқалағанда, терінің жылуынан және механикалық әрекеттен қайнау
температурасы төмен көмірсутек компоненттері ұшып кетеді де, гель қою крем тәрізді көбікке айналады.
478
Propellant
Expansion
Emulsion
(a)
(b)
High-boiling
point propellant
Bag containing
gel with low-
boiling point
propellant
Expansion
Кеңістік
Пропеллент
Эмульсия
(а)
(ә)
Кеңістік
Ішінде қайнау
температурасы
төмен
пропеллент бар
қап.
Қайнау
температурасы
жоғары
пропеллент
7.3-сурет.
Аэрозольді ыдыстар: (а) қырыну кремдеріне арналған аэрозольді ыдыс және (ә) қырыну гельдеріне
арналған аэрозольді ыдыс.
Бұлар негізінен қырынуға арналған кремдер сияқты өнімдер; осылайша әзірлеу процесі бірдей болады; бұл
май-су эмульсиялау процесі болып табылады. Басқа аэрозольдер сияқты, қырынуға арналған аэрозольді
кремдер мен гельдер арнайы жайларда арнайы жабдықтар көмегімен әзірленеді. Пропелленттер оңай тұтанады;
сондықтан ыдысты толтыру барысында арнайы қауіпсіздік нұсқаулары сақталуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |