Балауыздар
Балауыздық эпиляция — бұл, жылы немесе суық балауызды түгі бар теріге жағып,
қатқан балауызды түкпен бірге жұлу арқылы жүргізілетін эпиляция түрі.
Қажетсіз түкті жоюда балауызды
қолданудың екі кең тараған әдісі бар. Олар суық немесе ыстық жұмсақ балауызды таспамен жұлу және ыстық
қатты балауызды таспасыз жұлу.
9
Аталған өнімдердің барлығын дұрыс пайдалану үшін арнайы жаттығудан
өту керек.
■
Ыстық жұмсақ балауыз
жаққан кезде сұйығырақ болады. Теріге ыстық күйінде жағылатындықтан
түктің негізіне дейін оңай жетеді. Ол жұқа үлдір ретінде жайылып, тоқылмаған немесе муслин таспамен
алынады. Түктің өсу бағытымен жағылып, қарама-қарсы бағытта жұлынады.
■
Суық күйінде таспамен
алынатын балауыз
ыстық жұмсақ балауыз сияқты жұмыс істейді. Таспаларға
балауыз немесесуық күйдегі қант негізіндегі өнім жағылып, түктің өсу бағытымен теріге жабыстырылады
да, түктің өсу бағытына қарама-қарсы бағытта жұлып алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |