Косметика өндірісі мен технологиясына кіріспе



Pdf көрінісі
бет1018/1156
Дата14.12.2021
өлшемі16,24 Mb.
#126472
1   ...   1014   1015   1016   1017   1018   1019   1020   1021   ...   1156
Байланысты:
b436ce0a649361871333ff7a454fb4e8 original.17032999

Химиялық депиляторлар 

Химиялық депиляторлар түк кератиніндегі дисульфидтік байланыстарды 

гидролиздеп және бұзып, соның нәтижесінде түктің бөлініп, оның теріден ажырауына әкеледі 

(7.4-суретті 

қараңыз).

33

 Осыдан кейін түкті тері бетінен пластик қалақшамен алып тастауға болады. Депиляторларды аяққа, 



бикини  аймағына,  бетке  және  қолтыққа  қолдануға  ыңғайлы  және  олар  түк  жарамды  ұзындықта  болғанда 

жақсы нәтиже береді. Терінің үлкен ауданына жағар алдында, кіші бөлігіне жағып, сынап көру керек.

Өнімдерді қастың сілемейлі қабықшасына жақын жеріне және жараланған теріге қолданбаған жөн, себебі 

құрамындағы pH деңгейі жоғары сілті тіпті сау терінің өзін тітіркендіреді. Химиялық депиляторлар негізінен 

гельдер, кремдер,

 

лосьондар, көбіктер және шарлар түрінде болады. 



Депиляциялық құралдар рН деңгейіне қарай 5 –15 минутта оңтайлы нәтиже бере алады. рH шамасы 10-нан 

төмен болмау тиіс, бұл ретте ең

Chemical depilatory

Plastic spatula

Хим. депилятор

Пласт. қалақша



7.4-сурет. 

Химиялық депиляторлардың жұмыс істеу принципі.

 

жылдам депиляция pH шамамен 12,5 болғанда жүзеге асады. Әдетте бетке арналған құралдарда аяқ-қолға 



арналған  құралдармен  салыстырғанда  тиогликолят  мөлшері  аз  және  рН  көрсеткіші  төмен  болады. 

Тиогликолятты  жиі  қолданбаса  15%-ға  дейінгі  концентрацияда  қауіпсіз  деп  есептеледі.  Химиялық 




479

депиляторлардағы түкті жоятын кең тараған ингредиенттерге тиогликоляттар мен сульфидтер жатады.

■ 

Барий мен стронций сульфиді (35%-ға дейінгі концентрацияда қолданылғанда)



34

 тез әсер етеді, бірақ осы 

қосылыстарды қолданғанда шіріген жұмыртқаның жағымсыз иісін беретін және теріні тітіркендіретін 

күкірт сутегі түзіледі.

■ 

Натрий  немесе  кальций  тиогликоляты,  тиогликоль  қышқылы  сияқты  тиогликоляттар  (әдетте  2-5% 



мөлшерінде)  теріні  аз  тітіркендіреді  және  иісі  сульфидтермен  салыстырғанда  қатты  жағымсыз  емес, 

бірақ олармен түкті ерітуге көп уақыт жұмсалады.

Химиялық  депиляторлардың  рН  деңгейі  кальций,  стронций  немесе  калий  гидроксидінің  (5–10% 

концентрациясында) көмегімен сақталады.

34

 Түкті жою процесінен кейін депилятор қолданылған дене бөлігі 



жақсылап  жуылады  және  терінің  pH  деңгейін  қалпына  келтіру  үшін  түрлі  тері  күтіміне  арналған  өнімдер 

қолданылады.  Бұл  процедура  түк  түйіншелерін  бұзбайды  сондықтан  біраз  уақыттан  кейін  түк  қайта  өсіп 

шығады.

34

СІЗ БІЛЕСІЗ БЕ?

Теріде түк талшықтарындағыдай кератин болады. Бұл бір уақытта терідегі 

кератинге  әсер  етпей,  тек  түктегі  кератинді  жоятын/бұзатын  химиялық 

өнімді  жасап  шығарудың  оңай  еместігін  көрсетеді.  Бірақ  цистеин 

түк  талшығында  кератин  нәруызының  15%-ын  және  теріде  шамамен 

1–2%-ын  түзетіні  белгілі.  Бұл  дегеніміз  түктегі  кератиннің  химиялық 

депиляторлардың әсеріне теріге қарағанда сезімтал болатынын білдіреді.

35



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   1014   1015   1016   1017   1018   1019   1020   1021   ...   1156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет