етеді; алайда, ол ересектерге де әсер етуі мүмкін. Бағалаулар бойынша, АҚШ-та 40-50 миллион адам безеуден
Кәдімгі безеудің патогенезін бірнеше факторлармен түсіндіруге болады. Негізгі факторларға
209
■
Фолликулдардың кейінгі бітеумен кератиноциттердің ауытқыған
жоғары өндірісі мен десквамациясы
■
Комменсалды бактериялардың – акне пропион бактериясының майлы-түкті кешенін микробтық
отарлауы
Sebum
Inflammation,
immune
reactions
Androgens
Hyper
keratinization
P. acnes
ACNE
Қабыну,
иммундық
реакциялар
БЕЗЕУ
Тері майы
Андрогендер
Гиперкератоз
Акне
пропион
бактериясы
3.20-сурет
Кәдімгі безеудің дамуына ықпал ететін негізгі факторлар.
■
Қабыну және иммундық реакциялар.
86 – 88
Безеу түк фолликулдары маймен және тері жасушаларымен тығылғанда пайда болады. Безеудің патогенезі
әлі күнге дейін түсінікті емес, ал даму процесі келесідей. Түсініксіз себептермен ағза эпидермалды
жасушаларды (процесс «гиперкератоз» деп аталады) және артық тері майын шығарады. Фолликулдың ішінде
бөлінетін жасушалар фолликулдан тері бетіне секрецияланатын тері майымен бірге шығарылатын әдеттегі
жағдайдан ерекше, безеу кезінде фолликулға бөлінетін тері майы мен жасушалардың артық мөлшері тері
бетіне түсе алмай, шаш фолликулдарында жиналады. Олар тығын түзеді, ол акне пропион бактериясы көбеюі
үшін өте қолайлы оттегі жеткіліксіз, тері майына бай ортаны құрайды. Сол уақытта, ағатын жол кеңейеді,
ал майбез жиналған материалдар есебінен артып, ұлғаяды. Бұл бактериялар тері майында триглицеридтер
гидролиздейтін ферменттер шығарады және бұл одан әрі гиперкератоз бен қабынуға әкеледі.
Бұл безеудің ерте кезеңі микрокомедон деп аталады. Микрокомедондар тері астында пайда болады және
олар адам көзіне көрінбейді. Дегенмен, олар терапевтік стратегияларды әзірлеуге қатысты ерекше назар аударуды
талап етеді, себебі олар қабынатын немесе қабынуға жатпайтын зақымдануларға өсетін алғашқы алдыңғы
зақымдануларды білдіреді.
89
Достарыңызбен бөлісу: