Косметика өндірісі мен технологиясына кіріспе



Pdf көрінісі
бет472/1156
Дата14.12.2021
өлшемі16,24 Mb.
#126472
1   ...   468   469   470   471   472   473   474   475   ...   1156
Байланысты:
b436ce0a649361871333ff7a454fb4e8 original.17032999

Күннен қорғау негіздері

Сәуле  ауқымы 

Күн  электрмагниттік  сәулелену  түрінде  толқын  ұзындығының  кең  ауқымын  қамтитын  тұрақты 

энергия ағымын шығарады. Электрмагниттік ауқым толқын ұзындығының, жиілігінің және энергияның мөлшерімен 

анықталған санаттарға бөлінеді. Ауқымның  төменгі  жағындағы  радиотолқындар  ең  төменгі  энергия  мен  ең 

төменгі  жиіліктерге  ие;  олардың  толқын  ұзындықтары  ұзақ,  бір-бірінен  алыс  орналасқан  шыңдары  бар 

(3.23-сурет).  Микротолқынды  радиацияның  энергиясы  жоғарырақ,  сонан  соң  инфрақызыл  толқындары,  көрінетін 

толқындары, УК сәулелері және рентгендік сәулелері бар. Ауқымның үстіңгі жағында гамма сәулелері ең жоғары қуат 

пен  бір-біріне  жақын  шыңдармен  ең  қысқа  толқын  ұзындығына  ие.  Ғарыштан электрмагниттік сәулеленудің көбісі 

жердің атмосферасына байланысты жер бетіне жете алмайды. Бізге жететін  электрмагниттік  толқындар  тек  УК  

сәулесінің бөлігінен,  көрінетін сәуле,  инфрақызыл  сәулелердің  (инфрақызылға  жақын  сәуле)  бөлігі  және 

радиотолқындардан тұрады.

1

  Демек, ғаламшардың беті ғарыштық сәулелерге,  гамма   сәулелеріне   және   



рентген   сәулелеріне   ұшырамайды,  ал  олардың әрқайсысы  ықтимал  өлімге  әкеледі. Жер  

Cosmic


rays

Gamma


rays

X-ray


UV

UVC


UVB

UVA II


UVA I

Visible


Infrared

Radio


Microwave

Ғарыштық 

сәулелер

Гамма 


сәулелер

Рентген 


сәуле

УКС


Көрінетін Инфрақы-

зыл


 

УКВ


УКАII

УКА


Микро-

толқын


Радио

УК

3.23-сурет 

Электрмагнитті спектр. Көлеңкелі аймақтар жер бетіне жетпейтін сәулелерді көрсетеді. 

Инфрақызыл сәулелер ішінара сүзіледі.

бетіне жететін радиацияның толқын ұзындығынан  УК  ең  жоғары  энергияға ие. Сондықтан, күн сәулесінің 

әсеріне байланысты ол ең маңызды болып табылады.

УК   сәулелену  жер  бетіне   жететін   күн  радиациясының  5%   құрайды.

2

 Күн сәулесі  атмосферадан  



өткенде, барлық УКC және УКВ радиациясының шамамен 90% -ы озон, су буы, оттегі және көмірқышқыл 

газымен жұтылады. УКА радиациясына атмосфера аз ырақ әсер етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   468   469   470   471   472   473   474   475   ...   1156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет