НЕГІЗГІ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАР
1.
Жер бетіне жететін УК сәулелену көбіне УКА (шамамен 95%) мен кішкене УКВ (шамамен 5%)
компонентінен тұрады.
2.
УКВ сәулелері негізінен эпидермиске енеді.
3.
УКА сәулелері теріге тереңірек, дермаға дейін енеді.
4.
SPF - ультракүлгін сәулелерінің қорғалмаған терімен салыстырғанда қорғалған теріні қызартуға қанша
уақыт қажет екенін көрсететін өлшем.
5.
«Кең ауқымды қорғаныс» термині УКА және УКВ сәулелерінен қорғанысты сипаттайды.
6.
Күннен қорғау өнімдері АҚШ-та рецептісіз дәрі-дәрмек болып саналады, себебі олар әртүрлі тері
жағдайларының алдын алуға көмектеседі, соның ішінде күнге күю, қартаю және тері ісігі. Екінші
жағынан Күнге күюден кейінгі өнімдер АҚШ-та косметика болып саналады.
7.
Күннен қорғау мен Күнге күюден кейінгі өнімдерге тән әдетте сапаға қатысты мәселелер қуыстықтың
бітелуін, эмульсиялардың бөлінуін, микробиологиялық ластануды, жабысу және ашып кетуді қамтиды.
8.
Косметикалық компаниялардың өздерінің күннен қорғау өнімдерін
сапасын бағалау үшін жиі тексеретін параметрлер спрей сипаттамаларын; аэрозоль шашыратқыштың
ағып кетуін; әрекет еті күшін; аэрозольдік өнімдерді қысыммен сынауын; таралуын, экструдерленуін,
текстурасын консерванттарыдың тиімділігін; тұтқырлығын; және pH қамтиды.
9.
Күннен қорғау өнімдерінің өнімділігіне (тиімділігіне) қатысты ең жиі тексерілетін параметрлер SPF
құндылығын, су өткізбеу мен кең ауқымды қамтиды.
10.
Қауіпсіздік мәселелері, органикалық және нано-өлшемді физикалық күннен қорғауы бар өнімдер,
сондай-ақ аэрозольдық формадағы өнімдерді пайдалану барысында бұрын пайда болды.
Кіріспе
Сыртқы ортаның әртүрлі агенттерінің теріге әсері теріге көптеген мағынада әсер етеді. Күннің әсері теріге
әртүрлі жолмен ықпал етеді. Қысқа мерзімді келешекте бұл қызаруға, тітіркенуге және соңында күнге қараюға
әкелуі мүмкін, бұл көптеген адамдардың күнге күюінің себебі болып табылады. Алайда УК сәулелерінің ұзаққа
созылатын әсерлері бар, олар қайтымсыз және жиі қатерлі болады. Күн сәулесінің әсер етуі ерте әжім және
тері ісігінің әртүрлі түрлерінің пайда болуына ықтимал себеп ретінде танылады. Осы себепті бүгінгі күні
күннен қорғау өте маңызды мәселеге айналды. УК сәулелерінен теріні тиімді қорғауға болатын УК фильтрлер,
ингредиенттер, күннен қорғау өнімдеріне ғана емес, сонымен қатар ылғалдандыратын кремдер, негіздер мен
ерін бояулары сияқты күнделікті қолданылатын косметикаға енгізілген. Дұрыс тері күтім өнімдері терінің
тұтастығы мен барьерлі функциясын күн әсерінен сақтау қажет.
Бұл бөлім УК сәулелерінің негізгі түрлері және олардың адам денесіне оң және теріс әсерлері туралы
қысқаша ақпарат береді.
Ол күннен қорғау ингредиенттерін,
негізгі өнім түрлері және олардың сипаттамаларын
қарастырады.
Мұнда өнімдердің тиімділігін арттыру үшін қажетті негізгі қадамдар туралы да айтылады. Бөлімде
күнге күю (Күнге күюден кейінгі) дайындықтар мен олардың негізгі ингредиенттеріне шолу жасалады. Бұдан
басқа, бөлімде негізгі сапа мен өнімділік сынау әдістері, сондай-ақ күннен қорғану өнімдерін пайдалануға
228
қатысты қауіпсіздік мәселелері қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |