Косметика өндірісі мен технологиясына кіріспе



Pdf көрінісі
бет668/1156
Дата14.12.2021
өлшемі16,24 Mb.
#126472
1   ...   664   665   666   667   668   669   670   671   ...   1156
Байланысты:
b436ce0a649361871333ff7a454fb4e8 original.17032999

НЕГІЗГІ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАР

1. 


Бетке арналған макияж өнімдерін бет терісінің аздаған ақауларын жасыру, оны әдемі, нәзік құрылымды 


323

және жас көрсету үшін қолданылады.

2. 

Нарықта бетке арналған косметиканың бірнеше түрі бар, оның ішінде негіздер, тоналды кремдер және 



бет далабы. Бұл өнімдер олардың ингредиенттері мен жасалуына байланысты АҚШ-та косметикалық 

немесе рецептісіз сатылатын дәрілік заттар болып саналуы мүмкін.

3. 

Бетке арналған ұнтақты өнімдер, оның ішінде макияж негізі, консилерлер және бет далабы, сусымалы 



ұнтақ және шағын опа түрінде қолжетімді.

4. 


Макияжға  арналған  сұйық  және  жартылай  қатты  құрамдар  көбінесе  лосьондар,  кремдер  және  мусс 

түріндегі эмульсиялар болып табылады.

5. 

Қазіргі уақытта нарықта қолжетімді болатын өнімдер ішінде таяқшалар, қос әсерлі өнімдер, крем-опа 



және опадағы крем сияқты макияж негіздері, түссіз мөлдір опалар және праймерлер кездеседі.

6. 


Бетке арналған косметика сапасына байланысты әдеттегі проблемаларға шағын опалар үшін сынғыштық, 

жабысу, кеуіп қалу және күтілетін нәтиженің болмауы; эмульсиялар бойынша бөлшектену; түйіршіктену, 

микробиологиялық ластану, ашып кету және таяқшаларға тән сапа мәселелері (булануды, жолақтардың 

пайда  болуын,  қатпарлануды,  пішімінің  бұзылуын,  езіліп  сынып  қалуын,  тесіктердің  пайда  болуын, 

тігістер,  жарылып  қалу  мен  қабыршықтануды,  аэрация  мен  нүктелі  тесіктердің  пайда  болуын  қоса 

алғанда) кіреді.

7. 

Бетке  арналған  косметика  сапасын  бағалау  үшін  жалпы  тексерілетін  параметрлер:  лосьондар, 



кремдер  мен  гельдер  үшін  жағылу,  қысымдалу  қабілеті,  текстурасы  және  мықтылығы;  таяқшалар 

үшін  сынуға  беріктігі,  қаттылығы,  сондай-ақ  балқу  және  жұмсару  нүктелері;  престелген  ұнтақты 

өнімдердің мықтылығы; сусымалы ұнтақтардың көлемді және нығыздалған тығыздығы; ұнтақтардың 

сығылушылық, сусымалылық қасиеттері; престелген ұнтақтардың жылтырауы және күтілетін нәтижесі, 

жағылып кетуге төзімділігі; түстердің сәйкестігі; пигменттердің дисперсиясы және түстер біркелкілігі; 

консерванттың тиімділігі; тұтқырлық пен рН.

8. 

Бетке арналған косметикаға қатысты қауіп тудыратын негізгі ингредиент тальк болып табылады.



Кіріспе

Бетке арналған макияж өнімдерін бет терісінің аздаған ақауларын жасыру, оны әдемі, нәзік құрылымды 

және жас көрсету үшін қолданылады.

 

Осы мақсатқа жету үшін олар терінің түсін біркелкі қылады; жабыраңқы 

және шаршаған түрді жақсартады; күңгірт жабын береді және қара дақтарды, майда әжімдерді, көз астындағы 

қара іздерді және тері бетіндегі тесіктерді жасырады.

Бұл бөлімде бүгінгі күні қолжетімді болатын бетке арналған түрлі косметикалық құралдар, оның ішінде 

макияж негізі, консилерлер және бет далабы, сондай-ақ олардың негізгі сипаттамалары, әдеттегі ингредиенттер, 

дайындау технологиясы, сынау әдістері және қаптау материалдары қарастырылады. Сонымен бірге бұл жерде 

осы өнімдердің теріге қалай әсер етуі мүмкін және осындай өнімдерге тұтынушылардың жалпы талаптары 

қандай екеніне қысқаша шолу ұсынылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   664   665   666   667   668   669   670   671   ...   1156




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет